Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар



Pdf көрінісі
бет273/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар.
Салдарлық 
немесе 
жүре 
пайда 
болған 
иммундық 
тапшылықтық – деп жарық дүниеге келгеннен кейін, тектік 
құрылымдардың өзгерістеріне тікелей байланысты болмай, 
сыртқы немесе ішкі ықпалдардың әсерлерінен дамитын 
организмнің иммундық қорғанысы бұзылуын айтады. 
Олар 
белгілі бір дерттердің немесе бүліндіргіш ықпалдардың 
әсерлерінен дамиды – деп есептеледі. Дегенмен олардың 
дамуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызын жоққа 
шығаруға болмайды. Өйткені организмде әртүрлі ықпалдарға 
иммундық жүйенің сезімталдығы өзгеріп, құбылып тұрады және 
ол адамның тегіне байланысты болады. Бірақ адамның тектік 
ерекшеліктері өз беттерінше салдарлық иммундық тапшылықтың 
дамуына әкелмейді. Ол дамуы үшін қосымша әсер ететін ықпал 
болуы қажет. 
Салдарлық иммундық тапшылық адамдардың арасында жиі 
кездеседі. Ол иммундық жүйенің ауытқуларына әкелетін: 
● ашығудан, нәруыздардың, витаминдердің, темір, мырыш, 
мыс т.б. микроэлементтердің жеткіліксіздігінен; 
● жұқпалардан, әсіресе вирустық жұқпалардан кейін; 
● ішке сөлденістік бездердің ауруларынан (қантты 
диабет, Иценко-Кушинг ауруы т.с.с.); 
● ауыр жарақаттардан, хирургиялық операциялардан
қансыраулардан кейін; 
● күйіктік ауруынан; 
● 
қоршаған 
ортаның 
радийбелсенді 
сәулелермен, 
химиялық 
заттармен 
(пестицидтермен, 
өндірістердің 
қалдықтарымен) ластануларынан; 
● әртүрлі ауыртпалықтар (стресстер) нәтижесінде; 
● өспелерді емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің 
әсерлерінен - дамиды.
Жаңа туған нәрестелер мен қарттарда да осындай жағдай 
байқалады.
Иммундық тапшылықтың негізгі көрінісі болып, тіпті 
қалыпты 
жағдайларда 
дерт 
туындатпайтын 
жұқпаларға 
организмнің төзімділігі төмендеп кетуі және дамыған 
қабынудың 
ұзаққа 
созылып, 
созылмалы 
түрге 
ауысуна 
бейімділігі есептеледі. 
Салдарлық 
иммундық 
тапшылықтықтың 
көптеген 
көріністерінің негізінде осы жүйе жасушаларының тіршілігін 
жоғалтуы жатады. Ол жасуша мембраналарының тұтастығы 
бұзылыстары нәтижесінде некроз дамуынан немесе ДНК 
молекуласының бүліністерінен апоптоз үрдісінің өршіп 
кетуінен болады. Лимфоциттердің апоптозы көптеген дәрі-


331
дәрмектердің, иондағыш сәулелердің, кортикостероидтық 
гормондардың 
әсерлерінен 
дамиды. 
Организмге 
әртүрлі 
ауырпалықтар түскенде көрсетілген гормондардың өндірілуі 
тым 
көбейіп 
кетеді. 
Сонымен 
бірге 
иммундық 
жүйе 
жасушаларының 
белсенділігі 
төмендеуі 
олардың 
сыртқы 
беттерімен байланысатын немесе іштерінде жиналып қалатын 
заттардың 
әсерлерінен 
де 
байқалады. 
Бұл 
заттарға 
аутоантиденелерді, цАМФ, простагландиндерді т.б. қабыну 
дәнекерлерін, 
кейбір 
цитокиндерді, 
өспелерді 
жоятын 
факторды жатқызуға болады. 
Осылармен қатар, салдарлық иммундық тапшылықтардың 
дамуына әсерленетін немесе жауап қайтаратын (эффектор) 
жасушалар мен тежегіш (супрессор) жасушалардың, CD4

және 
CD8
+
корецепторлары бар Т-лимфоциттердің, Т
х 
1 мен Т
х 

жасушаларының арақатынастарының өзгерістері әкеледі. CD4

/ CD8

арақатынасы иммундық реттегіш көрсеткіші деп 
аталады. Бұл арақатынастың төмендеуі CD4

корецепторы бар 
лимфоциттердің азаюынан немесе CD8

корецепторы бар 
жасушалардың көбейіп кетуінен болады. Бірінші жағдай CD4

Т-хелпер (жәрдемші) жасушаларының азаюы айырша бездің 
қызметі бұзылудан байқалады. CD8

корецепторы бар 
лимфоциттердің көбеюі супрессор (тежегіш) жасушалардың 
артып кетуін көрсетеді. Т
х 
1 және Т
х 
2 түрлеріндегі 
жәрдемші 
(хелпер) 
жасушалардың 
арақатынасы 
өзгеруі 
иммундақ 
қорғаныстың 
жасушалық 
немесе 
сұйықтық 
тетіктерінің басымдылық жақтарын сипаттайды. Салдарлық 
иммундық тапшылық дамуына жиі әкелетін аурулардың ішінде 
өкпенің 
созылмалы 
бейспецификалық 
дерттерін, 
кейбір 
эндокринопатияларды, күйіктік ауруын, бүйрек қызметінің 
созылмалы жеткіліксіздігін ерекше атауға болады. Жұқпалы 
аурулардың ішінде вирустық жұқпалардың маңызы өте зор 
болады. Өйткені вирустар Т-лимфоциттеріне өте үйір болып 
келеді. Салдарлық иммундық тапшылық дамытатын арнайы вирус 
бар. Оны адамның иммундық тапшылықтық вирусы (АИВ-1) 
(ағылш. Human immunodeficiency virus –HIV-1) делінеді. Осы 
вирустың әсерінен адамда жүре пайда болған иммундық 
тапшылықтық синдром (ЖИТС) дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет