Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Олар біздің мақтанышымыз; Олар –



бет22/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

Олар біздің мақтанышымыз; Олар – атақты жұмысшылар; Олар – Отанымыздың ардақты ұлдары.

Сын есім, сан есім, есімшелерден болған баяндауыштардың көптік жалғауда айтылу-айтылмауының мынандай мағыналық айырмашылығы болады: егер олар көптік жалғаусыз айтылса, атрибуттық предикат болады да, жалғаулы болып айтылса, субстантивтенген предикат болады:



Олар бақытты. Олар бақыттылар.

Олар көп оқыған. Олар көп оқығандар.

Сын есім мен есімшелерден болған баяндауыштардың мұндай айырмашылығы, І, ІІ жақта да болады:



Біз(дер) бақыттымыз. Біздер бақыттылармыз.

Біз(дер) әлі жаспыз. Біздер талапты жастармыз.

Сіз әлі жассыз. Сіздер талапты жастарсыздар.
Жұмысшы, тігінші сияқы зат есімдер І жақтық баяндауыш болғанда, олардың предикаттық мағынасында жоғарғыдай айырмашылық болуымен қатар, сол заттың көптігін ерекше баса айту керек болғанда, оған көптік жалғау жалғанады:

Біз тігіншіміз, біздер тігіншіміз, біздер тігіншілерміз.

Қазақ тілінде етістік баяндауыштар тек ІІ жақта көптік жалғау арқылы сол тұлғадағы бастауыштармен қиысып тұрады:



Сендер білесіңдер. Сендер көрмеп пе едіңдер?

Сіздер білесіздер. Сіздер көрмеп пе едіңіздер?

Жалпы алғанда бастауыш пен толықтауыштың арасында тұлғалық қиысу болмайды. Бақташылар сиырларды айдады дегенде, бастауыш та, толықтауыш та көптік тұлғада айтылған, бірақ ол – олардың бірімен-бірі қиысып тұрғаны емес, екеуінің де өз бетімен көптік мағынада айтылуы. Бастауыш пен толықтауыш мұндай жағдайда қиыспайтын себебі – олар біріне-бірі бағынған сөз тіркестері емес. Дегенмен, тәуелдеулі толықтауыштар бастауыштар арасында мағыналық және тұлғалық көпше қиысу болады. Өйткені бастауыш ондай жағдайда тәуелдеулі сөздермен тіркесетін ілік жалғаулар анықтауышардың да орнына жұмсалады:



1.Жиренше бір күні жол жүріп бара жатса, тезек теріп жүрген бір топ қызға кездеседі. Ол – қыздарға жақында келгенде, жаңбыр құйып кеп кетеді. Өзге қыздар терген тезектерін төгіп тастайды да, қаптарын бастарына бүркеніп алып, үйлеріне қарай жүгіреді.(«Жиренше» әңгімелері).

2.Киіктер бастарын төмен тұқырып өзен жағасына жиылды; Олар қалың торыға тірелгенде, (жүргіншілер) аттарынан түсе қалып, жаяу жүгірді (Ғ.Мұстафин).

Бұл мысалдарда бастауыш көптік тұлғада айтылғандықтан, оған тәуелдік жалғаулар арқылы мағыналық байланысқа түскен толықтауыштар да көптікте тұр.

Кейде тәуелдеулі толықтауыштар не бастауыштар ілік жалғаудағы анықтауышпен көптік тұлғада қиысып тұрады. Ондайда көптік қосымша толықтауыштың көптігін білдірмей, тәуелдеу жалғаулары арқылы ілік септікті сөздң көптігін ғана көрсетіп қиысуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет