Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Бірінші жақ Екінші жақ



бет21/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

Бірінші жақ

Екінші жақ




анайы

сыпайы

жекеше

сыпайы көпше

жекеше

көпше

жекеше

көпше

Мен айттым.
Өзіміз айттық

Біз айттық Біздер айттық
Өзім айттым Өздеріміз айттық

Сен айттың
Өзің айттың

Сендер айттыңдар
Өздерің айттыңдар

Сіз айттыңыз

Өзіңіз айттыңыз



Сіздер айттыңыздар!
Өздеріңіз айттыңыздар

Бұдан І жақтық баяндауыштың көпшесінің де, жекешесінің де бастауышпен қиысуы бір сатылы екенін, ІІ жақтық баяндауыштың бастауышпен қиысуы, жекешесі бір сатылы, сыпайысы екі сатылы, көпшесі үш сатылы екендігін байқауға болады.

Екінші жақтық бұйрық райдан болған баяндауыштар жекешеде бастауышпен жақтық жалғаулар қиыспай, мағыналық байланыста тұрады, көпше шырайы мағынада жақтық жалғау арқылы қиысады: сен жаз, сен жаздыр, сен алсайшы, сен шақыршы, т.б.

4.2 Сандық қиысу
Баяндауышты бастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін жұмсалатын жіктік жалғаулар:

І жақта мыз, -міз (оның басқа да варианттары), -ды+қ, -ді+к, -ты+қ, -ті+к, -йық, -иік / кейде лық//-лік/: біз/дер/ оздық; біз/дер/ қарап отырмайық, біз/дер/ мәселені жете түсінейік; Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық (Ы.Алтынсарин) ІІІ жақта баяндауышты бастауышпен көптік мағынада қиыстыратын арнаулы жіктік жалғау жоқ. Грамматикаларда ІІ жақтық көптік жалғаулар деп танылатын қосымшалар, -а/ -ңыз; -сыз -/сіз/ қазақ тілнде көптік мағынада жұмсалмайды, жекешенің сыпайылық мағынасында жұмсалады. Сондықтан екінші жақтық баяндауыштарды көптік жалғауында айтылатын бастауышпен қиыстыру үшін сыпайылық және анайылық жақтық тұлғалардан кейін дар // -дер жалғанады:


Сендер орындаңдар; Сіздер орындадыңыздар;

Сендер ұмтылыңдар; Сіздер ұмтылыңыздар;

Сендер бақыттысыңдар; Сіздер бақыттысыздар;
ІІІ жақта тұлғалық сандық қиысу кейде тек есімдерден болған баяндауыштарда болады, етістіктерден болған баяндауыштарда болмайды, етістіктерден болған баяндауыштар ІІІ жақта татар, өзбек, т.б. тілдерегідей, бастауышпен көптік жалғау арқылы қиыспайды:

қаз: Олар радио тыңдайды, шахмат ойнайды.

өзб: Улар радио тинглайдилар, шахмат уйнайдилар.

қаз: сыныпқа оқытушы кірді. Оқушылар оны құрметпен, орындарынан тұрып қарсы алды.

тат: Класска уқытушы керде. Укучылар аны хөрмәтләп, аяққа басып қаршы алдылар.

Есімдерден болған баяндауыштар ІІІ жақтық бастауышпен кейде көптік жалғау арқылы қиысып, кейде қиыспай да айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет