қимыл-сын бағыныңқылы
52.Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді сөйлем түріне сәйкес қатар көп бағыныңқылы құрмалас сөйлем
53.Мәтіннің негізгі идеясы-Жұмыла көтерген жүк жеңіл
54.Бұйрық рай түрінде жазылған сөздер кел, көмектесейін, тазалайық
55.Лезде-ақ сөзіндегі ақ шылауының түрі--күшейткіш
Жомарт
Мысал әңгіме
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен.
Бір күні өзінің жақын таныстары одан сұрайды:
– Жомарт-дәулетіңіз бар, ашқа–тамақ, жалаңашқа–киім, үйсіздерге үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не?–деп.
Жомарт айтты дейді:
– Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен, өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін.
Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен.
Төртіншісі: тәңірімнің берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын,–деді.
56.Атымтай Жомарттың қорқатын жайы-дәулетті өзімсінуден
57.Атымтай Жомартқа тән емес қасиет--көңілшек
58. Атымтай Жомарттың: «Әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді» деуінің сыры-Асқан дәулетті өзіңе әдет қылсаң, тәкаппарлық пен менсінбеушілік пайда болады
59.Мәтін мазмұнын қорытындылауға лайық мақал-Қолы ашықтың–жолы ашық
60Атымтай Жомарттың таныстарын таң қалдырған қасиеті-Данышпандылығы
Достарыңызбен бөлісу: |