Пәні бойынша дәрістік кешен



бет19/48
Дата22.01.2023
өлшемі380,59 Kb.
#166069
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Дәрістер жалпы тех
english exam 111, english exam 111, 5 сынып қмж, ?бт есептерін шы?ару жолдары, Дәріс матіні Cыздықова СМ, Жұмағазы Нұрдулат бух.учет, Логистика СРС, Можге жауапты издеу
Май шикізаттары

Біздің елімізде негізгі май дақылы ретінде – күнбағыс пайдаланылады. Ол Отанымыздың сұйық май өндірісінің 75% пайызын құрайды.
Күнбағыс- ботаникалық тұқымдастығы бойынша – Астровых (себет). Жақсы сорты жоғарғы егінімен (35-37 ц/га) және майлылығымен (52-60 %) болады.
Мақта немесе мақсары – майлы дақыл деп аталады. Ол Мальвовых тұқымдастығына жатады. Мақта тазартатын зауытта мақта шайырынан айырғаннан кейін аздаған мөлшерде мақта шайыры - ұлпа (пух) және ұлпаша (подпушка) қалады. Орташа шайырлы сортында ұлпа мен ұлпаша -8-12% , жұқа шайырлыда- 4-7%болады. Тұқымының майлылығы -22-24%, тұқым лузжистость – 40-44%. Бұл екі майлы дақылдар елімізде өндірілетін сұйық майдың 90% құрайды. Басқ майлы дақылдарбіздің елімізде аз көлемде. Олардың ішінде ерекше орын алатындары- лен, соя, клещевина.
Лен –Леновых тұқымдастыққа жатады. Егін беруі -7-10ц/га, майлылығы -46-48%. Тұқымы тұқымдық қабығын нан ажыратылмай өңделеді.
Соя- Бобовых тұқымдастығына жатады. Соя тұқымының малылығы -19-22% , Тұқым лузжистость -5-10%.
Клещевины- молочайных тұқымдастыққа жатады. Тұқымының майлылығы – 54-56%, лузжистость – 22-25%.



  1. Өсімдік майын алу технологиясы

Өсімдік майы өндірісі келесі технологиялық деңгейлерден тұрады:

  • дәнді тазалау мен кептіру;

  • дәнді қабықтан тазарту және оны ұсақтау;

  • езбені бумен ысыту және қуыру;

  • майды сығып алу (престеу мен экстрактілеу);

  • майды тазарту (рафинация);

  • ыдысқа құю, буып түйу және сақтау.

Тәжірибеде өсімдік майы өндірісінің шикізаттан майды алудың екі принципиалды әдістері бар: майды сығып алудың механикалық әдісі – престеу және жеңіл ұшқыш органикалық еріткіштердегі майдың еруі – экстракция.
Бұл екі әдіс жеке түрде немесе екеуі қатар қолданылады, яғни бастапқыда престеу арқылы май шикізатынан ¾ май алынадыда, кейін экстракциялау әдісі қолданудың көмегімен қалған майды алады.
Майды үзіліссіз жұмыс атқаратын престе престейді. Қысымды көбейткенде езбенің бөлшектері бір-біріне жабысып май сығыладыда, сығынды(жмых) бөлінеді.
Экстракция процесінен қалған қалдық «шрот»деп аталады, онда 0,8-1,2%-ке дейін май қалады. Еріткіш ретінде экстациалық бензин,гексан, ацетон, дихлорэтан және т.б қолданылады. Ең тиімдісі қайнау тепературасы 70-800 С интервалындағы бензинді қолданған жөн.
Экстракцияның нәтижесінде мицелла деп аталатын еріткіштегі май ерітіндісін және майсыз материал – сығындыны алады. Экстрактілеуден шыққан мисцела механикалық қоспалардан тазарту үшін фильтрленеді
Филтрленген мисцелла мен шротты еріткіштерді айдау арқылы шығарады. Бұл операцияны дистилляция деп атайды. Ол екі стадияда өтеді.
Бірінші еріткіштің негізгі бөлігін 80-900 С - та мицелладағы майдың концентрациясы 75-80%-ға дейін айдайды (отгонка). Дистиляция 110-1200 С – да өткір будың көмегімен вакуумде жүргізіледі. Майды керексіз липид топтарынан және қоспалардан тазарту рафинация деп аталады.
Механикалық рафинирлеу бірнеше физтикалық әдістерден тұрады: тұндыру, фильтрлеу және центрифугалау.
Майдың гидротациясы дегеніміз созылмалы және белокты заттардысумен өңдеу.
Сілтілік рафинация дегеніміз майды сілтімен өңдеу. Адсорбциялық рафинация (ағарту) – майды ұнтақ заттармен (адсорбенттер – саз, селикогель, көмір және т.б) ағарту. Дезодарация –триглицириттер мен ароматандырушы заттардың әр-түрлі қайнау температурасына негізделген фракциондық айдау әдісін қолдану арқылы майдың жағымсыз иісін жою.
Сұйық май өндірісі көптеген операциялардан тұрады. Келесі 1-схемада майлы шикізатты өңдеудің принципиальды схемасы келтірілген.
1 - Схема




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет