Пәні: «Философия» Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата01.04.2022
өлшемі364,52 Kb.
#137611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістер-Философия 2020-2021 (1)
Аттестация документы, Аттестация документы, Аттестация документы, 109-28.Нурмаганбет Диана, 109-28.Нурмаганбет Диана, Садибек Нұрсұлу ХНК-6 БӨЖ 1, Өндірістік процесс терминология, Алимбаева Улбосын Философия 4 срс, kovalenk-arph0dud37q
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Мырзалы С.Қ. «Философия» - Алматы: Бастау, 2010. 
 
 
5 Дәріс. Таным және шығармашылық 
Ежелгі замандардан адамды қоршаған орта, дүние, ғалам туралы ойлар 
толғандырған. Осыдан адам дүниені танып біле ала ма деген сұрақ туындайды. Таным деп 
біз адамның қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған іс-әрекетін айтамыз. 
Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - 
әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Гносеология 
термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан. 
Таным деп біз адамның жағалай ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. 
Ол әрқашанда даму үрдісінде.
Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да жағалай қоршаған ортаның шеңберінде өмір 
сүреді. Алайда, оның өмір сүру тәсілі басқа тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде қайсыбір 
жануар өзінің дене құрылысы мүміндігіне сай жағалай ортаға бейімделген, дүниедегі сан-
алуан құбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар 
заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, тек соған сәйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге 
өз санасы арқылы универсалды, яғни, жан-жақты қарай алады. 
Дүниетанудағы негізгі мақсат – зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі 
сырын ашу, яғни, оларды білу. Білім әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені, 
бірдемені білу дегеніміз – сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды - 
күрделі үрдіс, ал білімді – белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.


Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен кәсіби іс-
әрекетіне, тіпті мінез-құлқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан категорияларды 
(ұғымдарды) пайдаланып қабылдайды. 
Танымның (ойлаудың) екі формасы: 
- сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей; 
- рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей. 
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан-дүниесі – түйсіктері, ақыл-ойы, 
ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен 
байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату 
мүмкін емес. Дегенмен де, танымды жете түсіну үшін біз теоретикалық деңгейде оларды 
бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде біз сезімдік 
танымнан бастауымыз қажет сияқты. 
а) Танымның сезімдік формасы. 
Эмпиризм (гр.т. тәжірибе) - сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі 
және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді. 
Идеалистік сенсуализм - түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу 
тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах). 
Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай 
қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер 
етпейді.
Сезімдік танымның негізгі формалары – түйсіктер, қабылдау және елестету – 
болып табылады. Жағалай қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. 
Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін 
т.с.с. анықтай алады. 
Сезімдік таным формалары: 
Түйсік - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау - сезім 
мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі; 
Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту. 
ә) Танымның рационалистік формасы. 
Рационализм (лат.т. ақыл, парасат) - логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі 
ақыл, парасат деп ұғыну.
Рационалистік таным формалары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет