Бауырыменжорғалаушылардың экологиясы Экологиялық жағдай жөнінде бауырымен жорғалаушыларды мынадай , кейде ішек қоюы қиын , топтарға бөлуге болады : қатты жерде мекендейтіндер , көшпелі құмдарда мекендейтіндер , топырақ астында жер қазып тіршілік ететіндер , ағашта және суда мекендейтіндер .
Бірінші топқа нағыз кесірткелердің ( Iacerta туысы) барлығы дерлік , көптеген агамалар және игуандар , барлық веретеницалар , ешкіемерлер мен жыландардың көбі , гаттерия барлық құрлық тасбақалары жатады . Бұл ең көп және мамандануы жөнінде нейтералды топ ; бұлардың не жақсы дамыған аяқтары болады , немесе аяқсыз , жылан тәрізді ұзарған дене пішіні систематика жөнінде бір-бірінен алшақ тұрған бірқатар топтарды көптеген сцинк , веретеница тұқымдастарына да және кесірткелердің басқа тұқымдастарының өкілдерінде конвергентті жолмен пайда болған .
Керісінше , көшпелі (шағылдар) құмдарда мекендецтін формаларда бірқатар жергілікті бейімдеушілік белгілері болады . Бұл белгілер де конвергентті жолмен тіпті , әртүрлі систематикалық топтар өкілдерәнде пайда болған . Біріншіден – артқы аяқ саусақтарын қоршап жатқан мүйіз бұдырмақтар болады , олар аяқты сусымалы құмға батырмайды . Аяқтарының мұндай құрылыстары барлар : кейбір домалақ бастылар мен игуандар , сцинк пен жалды геккондар , скаптейралар (Iacertidae дан ) . Кейде бұған кең және жалпайған дене қосылады , бұл құмға батуға кедергі келтіреді , бірақ дәл осындай денесі бар домалақ бастылардың денесінің бүйірінде сыртқа шығып тұратын қабыршағы бар ерекше тері қатпары болады , және домалақ басты кесіртке жерге жабысып жатып , денесінің бүйір қозғалысымен өзінің арақасына құм салады да , құмға көміледі . Осындай бейімділік кейбір құм жыландарында да болады . Бұл топ үшін өте сыпаттаушы белгі олардың сарғылт болуы , кейде бұл түсі құмның түсінен аумайды . Сусымалы құмдарда мекендейтін кесірткелер мен жыландардың көбі (юасым көпшілігі) құмға батып көміле алады , ал кейбіреулері тіпті құм астында жорғалап жүре алады , мысалы : дала аждаһалары , аптека сцинкі . Бұл формалардың күрек қызметін атқаратын қазу қалқаншасы жалпақ және шеттері сүйір болып келеді .