Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жас ерекшелігі және әлеуметтік психологиясы»


Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу, жұмыс орынын ауыстыру, басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу



бет24/31
Дата07.02.2022
өлшемі260,5 Kb.
#84165
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
8767d319-3704-11e3-a987-f6d299da70eeВоз пс-3
О у жылында 0111000-«Негізгі орта білім беру» маманды ы 0111093-, О у жылында 0111000-«Негізгі орта білім беру» маманды ы 0111093-, 10-сынып-1904-нұсқа, сож, №1 тапсырма, 1-3, Силлабус Денсаулықты нығайту, 2, 8
Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу, жұмыс орынын ауыстыру, басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу.
Ал кризистен шығудың деструктивті жолы- суицид және жеке тұлғаның ыдырауы.
4. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен іс-әрекет құрылымы өмірлік жағдайларға байланысты. Мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері осы кезеңде де дами түседі. Ересек адамның индивидуалды қасиеттері балаларға қарағанда жекелік сипатқа ие.
Әлеуметтік ересектік- бұл адамның белсенді еңбек іс-әрекеті. Онда адам іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасады және өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асырады. Әлеуметтік ержетуде (оны азаматтық деп те атауға болады) негізгі роль адамның өндірістік, қоғамдық және мәдени өмірге араласуында.
Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде түрліше болады. Мысалы: ересектік жаста адамдардың көбі еске сақтаудың төмендеп кеткеніне, жұмысқа қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды. Бірақ, Б.А. Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың есіне салыстыру жүргізіп, тек 90 жастағылардың ғана еске сақтау қабілеті төмендейтінін айтты. Ересектік кезеңдегі барлық басқа өзгерістерді жекелей ерекшеліктерімен түсіндіреді.
Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық және бейнелі ес тез төмендейді. Ал мазмұндық ес 70 жастан асқанша тұрақты болып келеді.
Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын болсақ, көптеген мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде болатындығын көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың, кәсіби спортшылардың, балет артисттерінің және т.б. кәсіби шыңдалуы ересектіктің алғашқы сатысында басталады, одан кейін оларда тұрақтану кезеңі болады. Ал басқа мамандықтарда, мысалы, дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда кәсіби шыңдалуы ересектіктің орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі мүмкін.
Барлық осындый жағдайларда кәсіби өнімділік шеберлікке, білімге, тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет