Презентация және сабақ ресурстарын, smart технологиясының элементтерін қолдана отырып түсіндіріледі



бет8/10
Дата04.01.2022
өлшемі24,58 Kb.
#109522
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
405 акушерия, 405 акушерия, Куанышбаева, Характеристика инклюзив, 2 сынып БЖБ № 5, Мен салқын су ішемін 2 б, Форма 2 а, оқушыға мінездеме боқ, Сыныпқа Мінездеме Боқ, СТЕПАНОВ КТП, поэзия
Ұйықтататын дәрілермен улану.

ОЖЖ – зардап шегеді. Наркоз туғызады, тыныс алуы нашарлайды, талықсу туады, гипоксия болады. Одан әрі тыныс алуы нашарлап, тоқтап қалуы мүмкін.

Көмек : асқазан зондпен жуылады. Активтендірілген көмір беріледі. Көк тамырға глюкоза, гемодез ерітінділері жіберіледі кіші дәрет жүргізетін дәрілер беріледі. Қолдан дем алдырылады, ауыр уланғанда жасанды бүйрек аппараты қосылады.
Ұстамалы (Эпилепсия) ауруды емдеуге арналған дәрілер

Эпилепсия ОЖЖ – нің созылмалы ауруы. Эпилепсияда ұстама болады, аяқ – қолы тартылып, есінен танып, аузы көпіреді.

Ұстама әртүрлі болады.

1. Үлкен ұстама - дененің барлық бұлшық еттері тартылады, естен танады. Ұстамадан кейін аурулар көп ұйықтайды.

2. Кіші ұстама - бұлшық еттері тартылуы мүмкін бірнеше секунд ауру естен айырылады.

3. Психикалық эквиваленттер - есі бұзылады, біреуге тиісіп, ұрысып, нәрселерді қиратуы мүмкін.

Үлкен ұстамада фенобарбиталды қолданады. Бұл топқа дифенин, гексамидин, этосуксемид, карбамазепин. Бұл дәрілер эпилепсияны жазбайды, тек ұстаманы азайтады және жеңілдетеді. Көп қолданғанда аурудың өршуін бәсеңдетеді. Әрбір препарат тек әртүрлі ұстамаларда қолданады. Дәріледің мөлшерін азайтқанда немесе бірден тоқтатса аурудың асқыну туғызуы мүмкін. Сол себептен аурулар дәрігердің ұйғарымын мұқият орындаулары қажет.

Дифенин - Б - тізімі қабықта – 0,1. Үлкен ұстамада қолданады. Қосымша әсері: бас айналады, тері бөртеді, дененің қызуы көтеріледі, қанға әсер етеді, ауызы уылады. Бауыр, бүйрек, жүрек ауруларында қолдануға болмайды.

Этосуксимид – (Суксилеп) – қабықта 0,25 г. 1 қабықтан 4 – 6 рет кіші ұстаманы болдырмау үшін қолданады.

Карбамазепин – Б – тізімі таблеткада – 0,2. Үлкен ұстамада және басқа түрлерінде. Қосымша әсері : жүрек айныйды, құсады, ұйқы келеді, аллергиялық рекакциялар, қанда өзгерістер туғызады.

Гексамидин – таблеткада 0,25. Үлкен ұстаманы болдырмау үшін қолданады. Эпилепсия статусында (үлкен ұстамалар бірінен кейін бірі болады) седуксен көк тамырға, немесе ингаляцияға жатпайтын наркоз дәрілері қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет