Психокоррекция бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата10.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#147383
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
«Білгіш»
мақсаты, логикалық ойлауды жаттықтыру. 
Сұрақ оқылады және олардың ішінде бір ғана дұрыс жауабы бар төрт 
нұсқа беріледі. Балалар қай жауап дұрыс және оны түсіндіруі қажет. 
1.
Менің анам өз қызынан үлкен....
а) ешқашан, б) жиі, в) кейде, д) әрқашан 
2.
Көктем айлары.....
а)маусым, б) наурыз, в) ақпан, г) қыркүйек 
3.
Сағатта......
а) 60минут, б) 90минут, в) 30минут, г) 50 минут 
12.
«Айналмақ» Балалар бір бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.
13.
Сабақтың қорытындысын шығару. 
4-сабақ. 
1.
Танысу. Қуаныш шеңбері. Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз 
есімдері мен сүйікті ойынын айтады. Мұнан соң көршісінің қолын 
қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір бірінің көздеріне қарап, 
күлімсіреп, ойша жақсы көңіл күй тілейді. Мұнан кейін барлығы 
шеңбер бойына отырып, қазіргі сәттегі сезімдерімен алмасып, кешегі 
күнді қалай өткізгендігін айтады.
2.
«Керісіншілер елі» мақсаты, ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру. 
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш 
әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған адам 
әріптерді кері атайды. (күн ─нүк, көз ─зөк, сан ─нас). Аударылған 
сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің 
ұзақтығына байланысты. 
3.
Жаттығу «Сюжет» мақсаты, есті, қиялды, шығармашылықты дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Жетекші бір рет он сөз оқиды: қағаз, кино, тышқан, 
адам, ұйқы, теледидар, қаламсап, өзен, гүл, орман. Балалар сөздерді есте 
сақтап, осы сөздермен шағын әңгіме құрастырулары қажет.
4.
«Ормандағы ағаштар» мақсаты, балаларға қозғалуға , демалуға 
мүмкіндік беру. Музыка ойналады. Мәтін:сендер ағашқа айналуға 
дайынсыңдар ма? Бір біріңнің артыңнна тұрыңдар. Орманда күн 
шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге 
әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары - жоғары созылды. Саусақ ─ 
жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, 
талдарды жан - жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары 
тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр 
жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.
Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын 
тамшыларындай тарсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып тұрғандай 
қимыл жеңіл болуы керек. 
Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады. ... Талдар бір - 
біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, 


24 
сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, 
олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін 
сенімді, сергек, тап таза сезініп қалады. 
5.
«Сөз ойлап тап» мақсаты, ойша әрекет ету қабілетін дамыту. 
Жаттығудың жүргізілуі: 6-7 әріптен тұратын негізгі сөз ойлап 
табылады (мысалы, ойыншық). Келесі ойыншы осы әріптерден 
қандайда бір сөз ойлап табады. Ол сөз кез келген әріптер санынан 
тұрады, бірақ бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Егер ойыншы 
мұны айта алса ұпай жинайды, айта алмаса кезегін жібереді. 
6.
Балшықпен жұмыс. (Еркін тақырып) 
7.
Ширату «Үлпілдектер» мақсаты, қозғалыс белсенділігін дамыту, өз 
әрекетін бақылауға үйрету.
Жаттығудың жүргізілуі: жетекші әрбір балаға кішкентай мақтадан 
таратады, олар мақтаны көпсітіп, жеңіл әрі үлпілдек етіп жасайды. 
Жетекші белгісінен кейін балалар өздерінің «үлпілдектерін» ауада 
құлап кетпейтіндей етіп ұзақ үрлеп жүреді, бірақ қолдың көмегін 
пайдаланбайды. Егер кімнің үлпілдегі ауада ұзақ ұсталса сол бала 
жеңіске жетеді.
8.
Кодтау. Мақсаты. Баланың зейінін дамыту. 
9.
«Заттарды аяғына дейін сал» мақсаты: шығармашылық ойлауды 
дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Іс қағазда екі қатарда салынған бірдей сызық 
кескіндері бар парақ ұсынылады. Кескіндер дөңгелекті, иректі, шаршыны 
еске түсіруі мүмкін. Баланың міндеті ─салынған кескіндерді пайдаланып 
көпетегн әртүрлі заттарды салу. 
10.
Психогимнастика. «Аспанға қалай жетуге болады?» 
Достар, не істеуге болады,(иығымызды түзетіп, қолымызды жазамыз) 
Аспанға жету үшін ? (қолымызды көлегейлеп, жоғарыға қараймыз) 
Алдымен тамаққа отырып (үстелге отырамыз) 
Дәмді ботқаны жейміз (тамақ ішуді бейнелейміз) 
Жасыл орманға барып (тұрып, адымдаймыз) 
Биік ағаш табамыз (қолымызды жоғары көтереміз) 
Бұтақтары арқылы ақ бұлттарға барамыз (қолымызбен жоғары шығып 
бара жатқандай бейнелейміз) 
Бізге ешкім жете алмас! (қолымызды екі жаққа созамыз) 
Күнді ұстап аламыз (қолымызбен күннің формасын қстап аламыз) 
Енді міне─ кері жол ….. (Сағатқа қараймыз) 
Қолымызды күнге қарап бұлғаймыз (алақанымызбен бұлғаймыз) 
Үйге қарай ұшамыз. (Ұшып бара жатқандай бейнелеп, орнымызға 
отырамыз) 
11.
«Айналмақ» Балалар бір бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет