Публицистикалық шығармашылық негіздері



бет23/25
Дата31.12.2019
өлшемі2,01 Mb.
#53907
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл оқулықта ұлттық рухани болмысымыздың құрамдас бөліктерінің бірі – қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары қарастырылды. Ең алдымен публицистика табиғаты айқындалды. Оның журналистикадан, көркем әдебиеттен айырмашылықтары, сондай-ақ ұқсастықтары көрсетілді. Жалпы публицисаның сипаттамасын беруге талпыныс жасалды. Ол үшін публицистика туралы әр жылдары айтылған тұжырымдарға мән берілді. Олардың бірінде – публицистика әдебиеттің қоғамдық-саяси ойға негізделген саласы делінсе; екіншілерінде – журналистика дегеніміздің өзі публицистика деген қорытынды жасалды; үшінші бір теориялық ұстаным – публицистика мен журналистика балама емес, бірдей ұғым емес, олар бірінің бірі құрамына енеді делінді. Публицисти-каны жанр деп қарастырғандар ойы да осы топқа жақындайды. Төртінші бір тұжырымда – публицистика – бұл журналисти-каның құрамына енетін неғұрлым жарқын және өзекті қоғам-дық творчестволық қызметтің ерекше жүйесі, саяси өткірлікке құрылған әдеби шығармалар, радио, телехабарлар, сондай-ақ жоғары спецификалық талаптарға жауап беретін, неғұрлым тапқыр және неғұрлым ықпалды өнердің бір түрі болып табылды.

Әлемдік тәжірибеде “публицистика” терминінің тууының өзі ХҮІ ғасырға сәйкес келеді. “Публицистика” сөзінің этимологиялық түп-төркіні “публикус” “қоғамдық” деген мағынаны білдіреді. Бұл публицистиканың пайда болуынан әлдеқайда кейін қолданысқа енген сөз. Көне замандардағы публицистиканың пайда болуына негізгі үш түрлі себеп ықпал етті. Ол – тілдің пайда болуы, шешендік өнердің пайда болуы, жазудың пайда болуы. Сөйтіп, публицистика көркем әдебиет-пен бірге дүниеге келді. Екеуі де сөз өнерінің салалары. Қолда-натын басты құралы да сөз. Көркем әдебиет пен публицисти-каның басты айырмашылығы ретінде, әдебиетте әлем, адам эстетикалық тұрғыдан суреттелетінін, ал публицистикада болмысты бейнелеу саяси таным түрінде жүзеге асатынын айтуымыз керек. Бірақ көне дәуірлерде публицистикаға әдеби шығарма түрінде қарады. Сондықтан да көне әдебиет тарихындағы публицистикалық сипаттағы шығармиалардың бәрі көркем шығармалар санатына еніп кетті. Оған мысалды көне әдебиет үлгілеріне жатқызылған грек, рим ойшылда-рының шығармаларынан көптеп табуға болады. Аристотельдің өзі риториканың негізін қалаушы ретінде санаған Эмпедокл атты философ өзінің туған қаласы Агригенттегі саяси бұлыңғыр оқиғаларды шешендік сөздеріне арқау еткен. Біздің дәуірімзге дейінгі VІІІ ғасырдың аяғы мен VІІ ғасырдың басында өмір сүрген Гесиодтың “Еңбектер мен күндер”, “Теогония” атты шығармаларында көркемдіктен гөрі нақтылық басым болғандықтан “логографтар” аталған алғашқы грек тарихшылары түпнұсқа қолжазба ретінде пайдаланған. Ұлы Геродот ертедегі грек-парсы соғыстарын өзінің тікелей бақылауы және майданға қатысушылардың естеліктерін қолдану негізінде тарихи нақтылыққа құрылған еңбектер қалдырды. Дана ойшыл Сократтың Филицке, Эвагорға жазған ашық хаттары, “Панегирик”, “Олинфская речь” атты сөздері көне публицистиканың нағыз үлгілері болып саналады. Горгийдің, Демосфеннің, Цицеронның, Лисийдің, Эннийдің, Пакувийдің, Цецилийдің, Гиперидтің, Эсхиннің, Демадтың саяси шешен сөздері де сол кездегі қоғам өмірін шынайы көрсеткендігімен ерекшеленеді.

Алғашқы рим публицистерінің қатарында аталатын Гораций өз шығармаларын сұхбат (беседа) деп атаған. Әлемдік жазудың алғашқы үлгілерінде көне халықтар шаруашылық есептерді, астрономиялық және салттық мәліметтерді, шежіре деректерді жазып қалдырды. Мәселен шежіре жазбаларда тайпаның ата-тегінен бастап ұрпақтарының тізімі берілді, немесе батыр көсемдердің тізімі жасалды, сондай-ақ қантөгіс ұрыстарда ерлікпен қаза тапқандардың есімдері жазылды. Археологиялық қазбалар нәтижесінде Крит аралдарында ежелгі патша шенеуніктерінің, ел басқарушыларының тізімі табылса, көне Шумер қазбаларында есепке алынған тауарлар тізімі табылған. Мұның бәрі де нақты деректерге, нақты құжаттарға құрылған текстер ретінде публицистика бастау-лары болып саналады. Рим тарихын зерттеушінің: “Ғылыми Рим болжамдарға қарағанда, біздің дәуірімізге дейінгі V ға-сырдың орта шенінде Римде “Понтификтер таблицасы” атты тақталар болған. Жоғары билеуші өз үйінің қасында ақ тақта қойғызып, оған кейінгі жылдардың маңызды оқиғалары туралы мәліметтерді жазғызып, көпшілік назарына ұсыну ғұрпын ұстанған. Онда егіннің шықпауына байланысты хабарламалар, эпидемиялар, соғыстар, ұрыста жеңіске жету оқиғасы, храм-дарға бару туралы мәліметтер жазылып тұрған. Кестелердегі бұл жазбалар күнтізбелік сипатта болып, билеушінің елді басқаруына, істі бақылауына қолқабыс еткен” [288, 224 б.].

Публицистиканың алғашқы нышандары көне дәуірлерде пайда болғандығына дәлелдер көп. Соның ішіндегі назар аударарлығы – Геродоттың шәкірті, тарихты ғылыми жүйелеудің алғашқы бастамашысы Фукидид творчествосы. Ол өз жазбаларының қандай сипатта жазылғандығын айқын көрсетеді. Фукидидтің тарихи шығармалары қазақ тіліне тәржімаланбағандықтан, оның ойларын айқын жеткізу үшін орыс тіліндегі нұсқасынан бір үзіндіні тұтас келтіруді жөн санадық. Оның Пелопоннес шайқасының тарихы туралы дәлелді шығармасында былай жазылған:

“…Не ошибется тот, кто рассмотренные мною события признает скорее всего в том виде, каком я сообщил их на основании упомянутых свидетельств, кто в своем доверии не отдаст предпочтения ни поэтам, воспевшим эти события с преувеличениями, и прикрасами, ни прозаикам, сложившим свои рассказы в заботе не столько об истине, сколько о приятном впечатлении для слуха: ими рассказываются события, ничем не подтвержденные и за давностью времени, когда они были, превратившиеся большею частью в невероятные и сказочное. Пусть знают, что события мною восстановлены с помощью наиболее достоверных свидетельств настолько полно, насколько это позволяет древность их… Я не считал согласным с своею задачей записывать то, что узнавал от первого встречного, или то, что я мог предпологать, но записывал события, очевидцем которых был сам, и то, что слышал от других, после точных, настолько возможно, исследовании относительно каждого факта, в отдельности взятого. Изыскания были трудны, потому что очевидцы отдельных фактов передавали об одном и том же неодинаково, но так, как каждый мог передавать, руководствуясь симпатией к той или другой из воюющих стран или основываясь на своей памяти. Быть может, изложение мое, чуждое басен, покажется менее приятным для слуха; зато его сочтут которые пожелают иметь ясное представление о минувшем, могущем, по свойству человеческой природы, повторится когда-либо в будущем в том же самом или подобном виде. Мой труд рассчитан не столько на то, чтобы послужить предметом словесного состязания в данный момент, сколько на то, чтобы быть достоянием навеки” [289, 15-16 бб.].

Көне грек ойшылы Фукидидтің бұл жазбалары өз көзімен көрген шындық фактілерді, ақиқат оқиғаларды көрсетуімен, нақтылығымен, шынайылығымен публицистиканың ежелгі замандағы көрінісі бола алады. Жоғарыдағы үзіндіде публицистика мен поэзияның, прозаның айырмашылықтары да айқын көрсетіліп отыр. Сөйтіп публицистика тарихы терең ғасырлар қойнауында жатыр.

– Зерттеу барысында публицистиканың табиғаты айқындалып, оның жалпы адамзат дамуының алғашқы дәуірлеріндегі екі түрі болғандығы анықталды. Оның бірі – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізген ауызекі публицистика. Екіншісі – жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданысқа енген жазба публицистика. Қазақ халқының тарихында екеуі де әр алуан деңгейде көрініс тапты.

– Ғылыми жұмыста – батырлар жыры ауызекі публицис-тика үлгісі түрінде қарастырылды. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын” жырларындағы қара сөздерден байқалатын публицистикалық сарындар, тарихи шындық оқиғалардың баяндалуы, қазақ ру-тайпаларының, жер-су аттарының, өмірде болған адамдардың аттары кездесуі публицистикаға тән нақ-тылыққа жақындатады. Батырлар жырының негізінде халық-тың шындық өмірі жатқандығы да біз үшін маңызды болды.

– Орта ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да өз заманының елеулі қоғамдық мәселелерін өзек етті. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Жанақ, Махамбет жырларындағы публицистикалық сарын айқындал-ды. Жыраулар поэзиясының өз заманындағы дәуір үнін жеткізумен қатар, мемлекетті басқару құралы болғандығы да публицистика функцияларымен қабысып жатыр.

– Қазақтың тапқырлық пен даналыққа, шұрайлы тіл мен орайлы ойға негізделген би, шешендерінің шығармашылығы да – қазіргі публицистиканың бастау бұлақтары ретінде зерттелді. Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, тағы басқа данышпан тұлғалардың ел аузында ғасырлар бойы сақталып келген шешендік сөздерінен де замана шындығын, өмір көріністерін, тіпті нақтылы дерек-дәйектерді де кездестіруге болады. Мұның өзі шешендік өнердің бойындағы публицисти-калық белгілерді ашып, анықтауға жол ашты.

– Қазақтың жазба публицистикасының түп-тамырын тереңнен іздеуді жөн санадық. Түркі тектес халықтарға ортақ қазына болып саналып келе жатқан көне түркі жазба ескерт-кіштері әдебиетіміздің бастау бұлағы екендігі дәлелденген болатын. Орхон, Талас, Енисей ескерткіштерінен публицисти-каға тән белгілерді таптық. Олардағы нақты қоғамдық-саяси ахуал, ата-бабаларымыз туралы шындық деректер қазақ публи-цистикасының да өз бастауын көне дәуірлерден алатынына айғақ бола алады.

– Жалпы әлемдік тарих пен тәжірибе көрсеткеніндей, журналистика публицистикадан көп кейін пайда болды. Еуропада журналистика кітап басу ісі ойлап табылғаннан кейін (ХV ғ. 30-40 ж.ж.) Страсбургте алғашқы газет “Avіso - relatіon Zeіtung” шығарылғаннан (1609 ж.) кейін барып тарих сахна-сына шықты. Журналистиканың пайда болуы арқылы публи-цистиканың әсер ету ауқымы кеңейді, қоғамдағы рөлі күшейді.

– Қазақ публицистикасының қалыптасуында ХІХ ғасыр-дағы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары зор орын алады. Бірақ кеңес дәуіріндегі кейбір ғылыми тұжырымдар сияқты қазақ публицистикасы Шоқан, Ыбырай, Абай шығар-маларымен бірге туды деп емес, қалыптасты деген пікірге тоқталамыз. Өйткені, бүгінгі көзқарас тұрғысынан алғанда, қазақ публицистикасының туу, пайда болуы көне дәуірлерде жатқандығын өз тұжырымымызда дәлелдеуге талпындық. Тарихы бай қазақ публицистикасын тар ауқым шеңберіне сыйғызғанымыз кешірілмес күнә болар еді. Сондықтан да Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары – қазақ публицис-тикасының қалыптасуының басы, – деген түйінге келдік.

– ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ баспасөзі дүниеге келді. Дәлірек айтқанда 1870 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш басылым “Түркістан уалаятының газетінің” шығуымен баспасөз бен публицистиканың тоғысуы жүзеге асты. Бұл дәуірде қазақ публицистикасы шығармашылық түрі ретінде қалыптасты. Алғашқы қазақ газетінің бетіндегі қоғамдық маңызы бар жарияланымдарды екшеп алып, олардың тақы-рыптық, проблемалық сипатына тоқталдық. Сонымен қатар публицистика жанрларының алғашқы көріністері осы басылымда пайда болғанына нақтылы дәлелдер таптық.

– Қазақ публицистикасының қалыптасу дәуірінде “Дала уалаятының газеті” шықты (1888 ж.). Бұл басылымда ХІХ ға-сыр аяғында қазақ халқының проблемаларын айқын көрсете алған Д.Сұлтанғазин, Қ.Жапанов, О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаев, А.Құрманбаев сияқты көрнекті публицистер шоғыры қалыптасты.

– ХХ ғасырдың басында жарық көрген “Айқап” журна-лының (1911 ж.) ұлттық публицистикамыздың қалыптасуында-ғы орны айқындалды. “Айқапқа” белсене араласқан М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың жаңа ғасыр басын-дағы ұлттық қоғамдық ойды қалыптастырудағы азаматтық позициясы бүгінгі көзқарас биігінен сараланды. “Айқаптағы” публицистикалық шығармалардың жанрлық, түрлік қырларына да мән берілді.

– Халқымыздың азаттығы үшін күрескен “Қазақ” газетінің жарыққа шығуымен бірге ұлттық публицистикамыз ізденіс жолына түсті. “Қазақта” жарияланған мақалалар мен хаттарда қазақ даласындағы саяси, экономикалық, рухани мәселелер ұлттық мүдде тұрғысынан қозғалды. Зерттеуде Ә.Бөкейханов, Р.Мәрсеков, Ғ.Қарашев публицистикасындағы өткір ойлар мен батыл ұсыныстардың ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі байыпталды.

– Кеңестік дәуірдегі публицистиканың негізгі бағыттары мен типологиясы, жанрлық және пішіндік өзгешеліктері айқындалды. Кеңестік дәуірдің өзін, сол кездегі қоғамдық-саяси өмірмен байланыстыра отырып шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар:

1) Кеңес-қазақ публицистикасының алғашқы кезеңі (1917-1929 жж.);

2) 30-шы жылдардағы публицистика (1930-1940 жж.);

3) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери публицистика (1941-1945 жж.);

4) Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарындағы публицистика (1946-1956 жж.);

5) Қазақ публицистикасындағы жаңғыру кезеңі (1957-1977 жж.);

6) Тоқырау кезеңі (1978-1985 жж.);

7) Жариялылық кезеңі (1985-1990 жж.).

– Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасына орыс публи-цистикасының әсер, ықпалы зор болды. 1917-1990 жылдар аралығын қамтитын бұл дәуірде қазақ публицистикасы жанр-лық, түрлік тұрғыдан байып, шектеулі тақырыптық, мазмұн-дық ауқымда өркендеді. Осы жылдардағы қазақ публицисти-касының негізгі даму бағыттары: 1) қоғамдық-саяси бағыт;


2) көркемдік бағыт; 3) сыншылдық-сатиралық бағыт; 4) поэти-калық-философиялық бағыт; 5) ұлттық психологиялық-көр-кемдік бағыт; 6) проблемалық-аналитикалық бағыт; 7) зерт-теушілік, тарихи-танымдық бағыт болды.

Бұл мерзімдегі публицистика ерекшеліктері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нұрпейісов, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, Қ.Найманбаев, Т.Жанұзақов, О.Бө-кеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев шығармашылықтары арқылы ашылды. Публицистика типоло-гиясы текстік, түрлік, жанрлық, стильдік тұрғыдан жіктелді.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына орай пайда болған газет публицистикасы, радио-публицистика, телепублицистика, фотопублицистика, кино-публицистика сияқты заман туғызған публицистика түрлеріне де мән берілді. Кеңестік кезеңдердегі қазақ публицисти-касының функциялары анықталды.

– Тәуелсіздік дәуіріндегі публицистика газет публицисти-касы нұсқалары тұрғысынан талданды. “Егеменді Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” басылымдарындағы қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғаған шығармалардағы тақырыптық және проблемалық ізденістер айқындалды. Тәуелсіздік жылдарын-дағы баспасөздегі тенденциялар Ш.Мұртаза, К.Смайылов, Ө.Жәнібеков, Ә.Кекілбай т.б. публицистикалық шығармалары негізінде көрсетілді.

– Ғылыми зерттеудің нәтижесінде қазақ публицистика-сының пайда болу, қалыптасу және даму жолдарын мынадай төрт дәуірге бөлуге болады:

1. Қазақ публицистикасының пайда болу дәуірі (көне замандардан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін);

2. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму дәуірі (1870-1917 жж.);

3. Публицистика дамуының кеңестік дәуірі (1917-1990 жж.);

4. Ұлттық публицистика дамуының тәуелсіздік дәуірі (1991 жылдан бастап).

Сонымен, публицистика – белгілі бір уақыт пен кеңістікті қамтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен кезеңдерде қандай қоғамдық-саяси ахуал болғандығын, халық жағдайын, әлеумет-тік өзгерістер мен шаруашылық бағыттарын сол уақыттан қалған ауызекі мұралар арқылы және баспасөз бетінде жазы-лып, жарияланған публицистика арқылы бүгін біле аламыз. Ал бүгінгі болып жатқан қым-қуыт оқиғалар публицистиканың алтын арқауы арқылы келер ұрпақ жадына жол тартады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Байтұрсынов А. Шығармалары.– Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

  2. Бөкейханов Ә. Шығармалары. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 384 б.

  3. Назарбаев Н. Туған елім – тірегім. – Алматы: Рауан, 2001. – 128 б.

  4. Фетисов М.И. Зарождение казахской публицистики. – Алматы: КГИХЛ, 1961. – 440 С.

  5. Амандосов Т., Елеукенов Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газет жанрлары. – Алматы: Қазақстан, 1965. – 208 б.

  6. Амандосов Т. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары. – Алматы: Мектеп, 1968. – 243 б; Публицистика дәуір үні. – Алматы: Қаақстн 1974. – 147 б.; Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978. – 273 б.

  7. Амандосов Т. Современная казахская публицистика. Авто-реф. на соиск. учен. степ. докт.филол.наук.– Алматы, 1982. – С. 46.

  8. Барманкулов М. Жанры печати, радиовещания и телевидения. – Алматы: КазГУ, 1974. – С. 128.

  9. Идрисов Р. Казахская военная публицистика (1941-1945): Автореферат на соиск. учен. степени канд.филол.наук. – Алматы, 1970. – С. 20

  10. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: ҚМБ, 1964. – 262 б.; Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы: Мектеп, 1981. – 240 б.; Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, 1950.; Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1991. – 224 б.; Көк сеңгірлер. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.; Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 300 б.; Кітаптану негіздері. – Алматы: Санат, 1997. – 176 б.; Сұхбанбердина Ү. Қазақ баспасөзі тарихынан. – Кітапта: Айқап. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1995; Тұрарбеков З. Әдебиеттер достығының дәнекері. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 147 б.; Имашев С. Зарождение коммунистической печати в Казахстане. – Алматы: Казахстан; 1961.; О работе коммунистической партий по созданию и укреплению печати в Казахстане (1917-1925 г.г.): Автореферат дисс. на соиск. учен. степени.канд.ист.наук. – Алматы, 1954; Идрисов А. Деятельность Компартии Казахстана по развитию партийно-советской печати республики в период 1926-1932 г.г. Автореферат дисс. на соиск. учен. степени канд. ист.наук. – Алматы: 1972.; Матвиенко С.С. Рабселькоровское движение. В сборн. Полвека в пути. – Алматы: 1969. – С. 117-134; Ыдырысов Т. Очерк туралы ойлар. – Алматы: Қазақстан, 1969.– 212 б.; Әбілдаев Қ. Газета “Социалистік Қазақстан” в годы Великой отечественной войны 1941-1945 г.г. Автореферат дисс. на соиск. учен. степени канд. ист. наук. – Алматы: 1973; Аргынбаев М. Особенности развития национальной печати в послевоенноые годы (1946-1958 г.г.): Автореферат дисс. на соиск. учен. степени докт. ист. наук. – Москва, 1980.; Масғұтов С. Көгілдір экран – өмір айнасы. – Алматы: Мектеп, 1976; Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы: Қазақстан, 1979. – 156 б.; Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 264 б.; Жол үстінде – журналист. – Алматы: Атамұра, 1999. – 168 б.; Козыбаев С. Аудитория – весь Казахстан. – Алматы: Мектеп, 1984.

  11. Әбдіманов Ө. Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-публицис-тикалық мұрасы //Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1992. – 23 б.; Жақыпов Б. Мұхтар Әуезов – публицист // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты.– Алматы, 1994. – 32 б.; Шәріпов А. Сұлтанбек Қожанұлының әдеби-публицистикалық мұрасы // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты.– Алматы, 1994. – 28 б.; Байменшин С. Бейімбет Майлиннің журналистік шығармашылығы // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты.– Алматы, 1995. – 26 б.; Бейісқұлов Т. Бейімбет Майлин – сыншыл публицист // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1997. – 30 б.; Нуртазина Р. Публицис-тика Габита Мусрепова. Автореферат дисс.канд.филол.наук. – Алматы, 1995. – С.26; Жүсіпов С. Ә.Н.Бөкейханның өмірі мен әдеби-публицистикалық мұрасы // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты.– Алматы: 1995. – 23 б.; Әлмашұлы Ж. Нәзір Төреқұлұлының журналистік мұрасы // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты.– Алматы, 1996. – 26 б. Сұлтанбаев Т. Саттар Ерубаев – журналист, публицист // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1998. – 22 б.; Мектеп А. Халел Досмұхамедұлының публицистикасы // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1999. – 30 б.; Есдаулетов А. Публицистика Ануара Алимжанова //Автореферат дисс. Канд.филол.наук. – Алматы, 1999. – С. 25; Сердәлі Б. Камал Смайылов – публицист // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1999. – 30 б.; Оспанов С. Сырбай Мәуленов – журналист, публицист // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты.– Алматы, 2000. – 32 б.; Жақсылықбаева Р. Шерхан Мұртаза – публицист, редактор // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 2002. – 34 б.; Асанов К. Е.А.Букетовтің публицистикасы // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. - Алматы, 2002.– 32 б.

  12. Ученова В. Публицистика и политика. 2-ое изд., доп. – Москва: Политиздат, 1979.– С. 271.

  13. Шешендік сөздер /Құраст. Адамбаев Б. – Алматы, 1990.– 167 б.

  14. Гумилев Л.Н.. Хунну. – М., 1960; Древние тюрки. – М., 1967; Поиски вымышленного царства. – М., 1970; Хунны в Китае. – М., 1974.; Бартольд В.В. История турецко-монгольских народов. – Ташкент, 1928.

  15. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б.

  16. Кайдаров А., Оразов М. Түркологияға кіріспе. – Алматы: Мектеп, 1985. – -б.

  17. Уан Пинхуа. Ежелгі замандағы Шинжаң сақтары //Шинжаң қоғамдық ғылымы. – 1985. – №1. – 48-58 б.б.

  18. Геродот. История. 4 книга. – СПб., 1893. – С. 145

  19. Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.

  20. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері. – Алматы: Санат, 1997. – 176 б.

  21. Нахов И. М. Киническая литература. – М.: Наука, 1981. –
    С. 303.

  22. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. – М.: МГУ, 1995. – С. 294.

  23. Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1992.

  24. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1982. – 365 б.

  25. Даль В. Толковый словарь. Т. ІІІ. – М.: Государственное издательство иностранных и национальных словарей, 1956. – С. 535.

  26. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі/Құрастырушылар: З.Ахметов, Г.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.

  27. Черепахов М.С. Проблемы теории публицистики. – М.: Мысль, 1973. – С. 270.

  28. Прохоров Е.П. Публицист и действительность. – М.: Изд. Моск.университета, 1973. – С. 316.; Ученова В.В. Гносеологические проблемы публицистики. – М.: Изд. Моск.университета, 1971. –
    С. 146.

  29. Лазебник Ю.А. Публицистика и литература. – Киев, 1971. – С. 151.

  30. Аграновский А. Своего дела мастер. – М., 1980. – С. 145.

  31. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978. – 273 б.

  32. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1961. – 224 б.

  33. Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. – Алматы: Мектеп, 1984. – 191 б.

  34. Здоровега В.И. Мистицство публіциста. – Киів, 1966. –
    С. 132.; Прохоров Е.П. Публицистика и политика. – М., 1973. –
    С. 271.; Черепахов М.С. Проблемы теории публицистики. – М.: 1973. – С. 272.

  35. Гус М. Статья и фельетон (Опыт пособия по газетной публицистике). – Москва: Работник просвещения, 1928. – С. 68.

  36. Гребенщиков А.Я. Некоторые вопросы современной публи-цистики// Сборник “О публицистике и публицистах”. – Ленинград: Изд. Ленинградского университета, 1966. – С. 185.

  37. Багиров Э.Г. Место телевидения в системе средств массовой информации и пропаганды. – М.: изд. МГУ, 1976. – С. 119.

  38. Бочарев А. Существует такое качество публицистичность // Вопросы литературы. – 1958. – №10.

  39. Белинский В.Г. П.с.с. в 13-ти томах. Т.Х. – М.: Изд. АНСССР, 153-1969 гг. – С. 368.

  40. Бекхожин Х.Н. Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860-1930 жылдар). – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1964. – 263 б.

  41. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: 1955. – 324 б.

  42. Алтынсарин Ы. Оренбургский листок. – 1 – №17.

  43. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: 1957. – 328 б.

  44. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 302 б.

  45. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Екінші том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 200 б.

  46. Археология и этнография Монголии. – Новосибирск: 1978. – С. 234.

  47. Кононов А.К. История изучения тюркских языков в России. – Л.: 1982. – С. 364.

  48. Страленберг Ф.И. Северная и восточная части Европы и Азии. – Стокгольм. 1730. – С. 473.

  49. Айдаров Г.А. Язык памятников древнетюркской письменности V-VІІ веков. – Алматы, 1986. – С. 183.

  50. Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников (ҮІ-ІХ в.в.). – Л.: 1980. – С. 285.

  51. Васильев Д.Д. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея. – Л.: Наука, 1983. – С. 127.

  52. Барманкулов М.К. Золотая баба (Евразийство во всем и всегда). – Алматы: Рауан, 1998. – С.208.

  53. Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье. Этнос, языки, религии. – М.: Наука, 1992. – С. 382.

  54. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 232 б.

  55. Әуезов М. Шығармалар. 11-том. – Алматы: Жазушы, 1969.

  56. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: 1985.

  57. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. – Астана: Елорда, 2000. – 288 б.

  58. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973. – 170 б.

  59. Жолдасбеков М. Асыл арналар: зерттеулер, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1986. – 131 б.

  60. Күлтегін. Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазбалары. – Алматы: Өлке, 2001. – 144 б.

  61. Түріктер (Тужиә) Жыужәндар /Құраст. Қ.Салғараұлы. – Алматы: Санат, 1999. – 314 б.

  62. Кляшторный С.Г. Шығыс Түркістан орыс тарихшыла-рының көзімен. – Алматы: Ғылым, 1991. – 31 б.

  63. Жұртбаев Т. Дулыға. 2-том. – Алматы: Жалын, 1994. – 384 б.

  64. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М.: Товарищество “Клышников, Комаров и К а”, 1993. – С. 513.

  65. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 256 б.

  66. Проблемы эффективности и действенности прессы Казахстана. – Алматы: 1987. – С. 138.

  67. HUSEVІN NAMІK ORKUN. ESKІ TURK YAZІTLARІ. TURK TARІH KURURMU BASІMEVІ. 1986. Ankara. – 962 б.

  68. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М.–Л., 1951. – С. 476.

  69. Радлов В.В. Труды Орхонской экспедиций (Атлас древностей Монголии). СПб. Изд. Академии наук. 1892–1899 г.г. Dіe altturkіshen Іnschrіften der Mongoleі. Drіttte Lіeferung. 1895.; Мелиоранский П.М. Памтяник в честь Кюль-Тегина. Т. ХІІ. СПб. 1899.; H.N. Orkun. Eskі turk yazіtlerі. Turk Tarіh kurumu Basіmevі, Ankara.– 1986; Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. – М.: 1940.; Бартольд В.В: Киргизы (Историчский очерк).– Фрунзе: Киргосиздат, 1943: Barthold W. Dіe hіstorіshe Bedentuhg der altturkіshen іnschrіften der Mongoleі. Neue Folge, 1897.

  70. Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.–Л.: Изд. Академии наук СССР, 1952. – С. 144.

  71. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. І–том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998. – 720 б.

  72. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

  73. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. І-кітап. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 738 б.

  74. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. І-кітап. – Алматы: Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1960. – 738 б.

  75. Валиханов Ч.Ч. Сочинения. СПб. 1904.

  76. Маргулан А.Х. О характере и исторической обусловлен-ности казахского эпоса // “Известия Казахского филиала АН СССР”. Серия историческая. – 1946. – №2 /27/.

  77. Батырлар жыры. Бірінші том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 201 б.

  78. Бөкейханов Ә. Қара қыпшақ Қобыланды // Қазақ. – 1915. – №126-128.

  79. Батырлар жыры. Екінші том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 284 б.

  80. Жирмунский В., Зарипов Х. Узбекский героический эпос. – М., 1947.

  81. Батырлар жыры. Үшінші том. – Алматы: Жазушы, 1987. – 302 б.

  82. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. ІІІ-том. – Алматы: “Қазақ эцнкилопедиясы” Бас редакциясы, 2001. – 720 б.

  83. Сыздықова Р. Ашып айтар жәйттер көп// Қазақ әдебиеті. – 1980. – 28-март.

  84. Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. – Алматы: Ғылым, 1978. – 181 б.

  85. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 304 б.

  86. Рыбаков Б.А. Древняя Русь. Сказания, былины, летописи. – М.: изд. АН СССР, 1963. – С. 361.

  87. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1956.

  88. Сәрсенбаев Ә. Ғасыр мен ғасыр беттессе. – Алматы: Жазушы, 1995. – 271-б.

  89. Ученова В.В. Исторические истоки современной публицистики. – М.: МГУ, 1972. – С. 73

  90. Ученова В.В. Гнесеологические проблемы публицистики. – М.: МГУ, 1971. – С. 146.

  91. Қазақстан тарихы (көне замандардан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІ-том. – Алматы: Атамұра, 1998. – 640 б.

  92. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 300 б.

  93. Лениншіл жас” газеті. – 1968. – 12-ноябрь.

  94. Валиханов Ч.Ч. Соч. В пяти томах. Т. І. – Алматы: Изд. АнКазССР, 1961. – С. 777.

  95. Суюншалиев Х. Становление и развитие казахской литературы. Автореферат дисс. на соиск. учен.степ. докт. филол.наук. – Алматы, 1969. – С. 119.

  96. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: Қазақстан және Сана, 1991. –

  97. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы. – Алматы: Ер Дәулет, 1996. – 184 б.

  98. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 388 б.

  99. Қазақ ССР тарихы. І-том. – Алматы: Қазмембас, 1957. – 639 б.

  100. Омари Ж. Бұқар жырау. Он екі тарих. – Қарағанды, 1994. – 333 б.

  101. Каскабасов С. Колыбель искусства. – Алматы: Өнер, 1992. – С. 364.

  102. Қошым-Ноғай Байбота. Жиделі Байсынға барғыңыз келе ме? // Қазақ елі. – 1995. – 20-27-сәуір.

  103. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 335 б.

  104. Добролюбов Н.А. Собр.соч. в трех томах. Т. І. – М.: Художественная литература, 1986. – С. 860

  105. Қабдолов З. Ерлік пен елдіктің өшпес рухы // Егемен Қазақстан. – 2001. – 7-тамыз.

  106. Назарбаев Н.Ә. Заман зердесі және зиялылар парызы // Егемен Қазақстан. – 1998. – 18 наурыз.

  107. Рязанов А.Ф. Восстания Исатая Тайманова. – Ташкент, 1927.

  108. Горький М. Собрание сочинений. Т. 24. – М.: Наука, 1975. – С. 591

  109. Қазақ совет энциклопедиясы. 12-том. – Алматы: Қазақ советэн. Бас редакциясы, 1978, – 600-б.

  110. Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. в 5-ти томах. Том 4. – Алматы, 1985.

  111. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. 1-кітап. – Алматы, 1932.

  112. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері.
    1,2-кітап. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б.

  113. Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997. –
    208 б.

  114. Қазақ совет энциклопедиясы. 7-т. – Алматы: Қазақ Совет энцикл. бас редакциясы, 1975 . – 645 б.

  115. Дәдебаев Ж. Төле би және оның заманы. – Кітапта: Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер. – Древний мир права казахов. 10 томдық. Т. 1. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 440 б.

  116. Адамбаев Б. Ел аузынан. – Алматы: Жазушы, 1989.

  117. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. СПб. 1896. Т. VІІ.

  118. Сыздықова Р. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби тілі. Жинақта: Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. – Алматы: 5-шығуы. 1963.

  119. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары. – Алматы: ҚМБ, 1958. – 308 б.

  120. Зиманов С. Ленин и советская национальная государственность в Казахстане. – Алматы: Наука, 1970. – С. 303

  121. Бейсембиев Қ. Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяқ шенінде және ХХ ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар. – Алматы, 1961.

  122. Кабдиев Д. Социально-экономические воззрение казахских просветителей-демократов. – Алматы: Казахстан, 1966. – С. 151.; Развитие экономической мысли в Казахстане (конец ХІХ – начало ХХ века). – Алматы: Казахстан, 1978. – С. 192.

  123. Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917 г.г.). – Алматы: Наука, 1984. – С. 272.

  124. Қожакеев Т. Ұлттық баспасөз күні // Жас алаш. – 1992. – 10-мамыр.

  125. Остроумов Н.П. Сарты. Этнографические материалы, вып. І. – Ташкент, 1890. – С. 127.

  126. Туркестанские ведомости”. – 1870. – №1. – 28-апреля.

  127. Каримуллин А.Г. У истоков татарской книги. – Казань, 1971. – С. 188.

  128. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві. 64-қор, 1-жазба, 406-іс.

  129. Алекторов А.Е. Указатель книг, журналов и газетных статей и заметок о киргизах. – Казань: типог. Литог. импер. унив, 1900. – С. 940

  130. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – Алматы: Ғылым, 1971. – 185 б.

  131. Тимофеев Л., Венгров Н. Краткий словарь литературоведческих терминов. – М.: Просвещение, 1963. – С. 208.

  132. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1970. – 379 б.

  133. Чернышевский Н.Г. Шығармаларының толық жинағы. Т.4. – М.: Гослитиздат, 1941. – С. 884.

  134. Ученова В.В. Творческие горизонты журналистики. – М.: Мысль, 1976. – С. 204.

  135. Тұрарбеков З. Әдебиеттер достығының дәнекері. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 147 б.

  136. Караваев В.Ф. Голодная степь в ее прошлом и настоя-щем. Статистическо-экономический очерк (по исследованию 1914 г.) – П. 1914.

  137. ҚРОМА, 64-қор, 1-тізім, 5378-іс, 1-бет.

  138. Жапанов Қ. Қарлығаш.– Уфа: Электротипография “Восточная печать”, 1913.

  139. Чернышевский Н.Г. Полн.собр.соч. Т.1. – М.: Худ. литература, 1939. – С. 860.

  140. ЦГА Узбекистана. Ф. 467. оп.1. д.12, л.36.

  141. Степной край”. – 1895. – № 90.

  142. ҚРОМА. Ф.64, оп.1. д. 614, л.59.

  143. Сұхбанбердина Ү. Дала уалаятының гаетіндегі қазақ елінің қоғамдық-саяси мәселелері// Кітапта: Дала уалаятының газеті. – Алматы: Ғылым, 1994. – 11-12 б.б.

  144. Валиханов Ч. Избранные произведения. – М.: Наука, 1987. – С. 414.

  145. Лаптев И. Материалы по казах-киргизскому языку. – М., 1900.

  146. Тайшыбаев З. Рахымжан Дүйсенбаев кім? – Жинақта.: Журналистика. Выпуск 1(3). – Алматы; 1971. – 162 б.

  147. Қожакеев Т. Асылқожа Құрманбайұлы кім?//Сүхбат. – 1995. – 9-15 мамыр.

  148. Кулешов В.И. Отечественные записки и литература 40 годов ХІХ века. – М.: Изд. Московского университета, 1959.

  149. Сұхбанбердина Ү. “Айқап” журналы. – Кітапта: “Айқ-ап”.– Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1995. –
    366 б.

  150. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер. – Алматы, 1956.

  151. Кенжебаев Б. Журналист – Мұхаметжан Сералин. – Алматы: ҚМБ, 1957. – 38 б.

  152. Әуезов М. Ақаңның 50 жылдық тойы// Ақ жол. – 1923. –
    4-ақпан.

  153. Қойгелдиев М. Алаш Орда// Егемен Қазақстан. – 1992. – 18-қаңтар.

  154. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 19 б.

  155. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Рауан, 1990.

  156. Царская колонизация в Казахстане. (По материалам русской периодической печати ХІХ века)./ Составитель проф. Ф.М.Оразаев. – Алматы: Рауан, 1995. – С.368.

  157. Сейфуллин С. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды // Еңбекші қазақ. – 1923. – 30-қаңтар.

  158. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. –
    380 б.

  159. Трудовая Сибирь” журналы. – 1919. – № 1.

  160. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.

  161. Дулатов М. Баспасөз үмесі // Еңбекші қазақ. – 1923. – 23-май.

  162. Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Қызылорда, 1932.

  163. Әуезов М. (Қоңыр). Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі// Шолпан. – 1923. – № 4, 5.

  164. Архив КНБ РК, дело № 06610, том 3, л.л. 52. 52 об.

  165. ЦГА Санкт-Петербурга, ф. № 776, оп. № 21, д. № 16.

  166. Қазақ” газеті./ Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. – 560 б.

  167. Теория и практика советской периодической печати. – М.: Высшая школа, 1980. – С. 376.

  168. Даль В. Толковый словарь. Т.ІІ. – М.: Гос.изд. иностранных и национальных словарей, 1956. – С. 779.

  169. Қазақстан”. Ұлттық энциклопедия. 2-т. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы 1999. – 720 б.

  170. Дулатұлы М. Шығармалары. 2-том. – Алматы: Ғылым, 1997.

  171. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш орда. – Алматы: Ататек, 1995. – 251 б.

  172. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 365 б.

  173. Беннигсен, Келькежей Ш.А. Ресей мұсылмандарының 1920 жылға дейінгі баспасөзі мен ұлт қозғалысы. – Париж: Сорбонна, 1964.

  174. Оралтай Х. Алаш Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны// Азат. – 1991, қазан. – № 17.

  175. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ т. – Алматы: ҚазССР ҒА баспасы, 1965. – 581 б.

  176. Философская энциклопедия. Т.2. – М., 1962.

  177. Искусство публицистики. Тезисы докладов. – Алматы: Казахстан, 1966. – С. 98.

  178. Қарашев Ғ. (Ғабдолла Мұштақ). Қарлығаш. – Қазан, 1911.

  179. Байсалов С. Правовая основа первых колхозов Казахстана// Вестник АН КазССР. – 1961. – № 2.

  180. Қозыбаев М., Қозыбаев І. Қазақстан тарихы. – Алматы: Атамұра–Қазақстан, 1993. – 224 б.

  181. КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференции и пленумов. ч. І. Изд. 7-ое. – М.: Госполитиздат, 1921. – С. 879.

  182. Кәкішев Т. Санадағы жаралар. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 261 б.

  183. Әуезов М. Қазақ оқығандарына ашық хат // “Қазақ тілі” газеті. – 1920. – 5-ақпан. – № 15.

  184. Имашев С.Н. Зарождение коммунистической печати в Казахстане. – Алматы: Казгосиздат, 1961. – С.111

  185. Ленин В.И. Шығармаларының толық жинағы. 44-том. – Алматы: Қазақстан, 1981. – 820 б.

  186. Ұлы достық мерейі. – Алматы: Қазақстан, 1972.

  187. Ленин В.И. Шығармаларының толық жинағы. 8-том. – Алматы: Қазақстан, 1981. – 708 б.

  188. Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөзі тарихынан. – Алматы: ҚазМУ, 1962. – 62 б.

  189. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы: Мектеп, 1981. – 239 б.

  190. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. – Алматы: 1960.

  191. Ыдырысов Т. Баспасөз – өмір айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 203 б.

  192. Сейфуллин С. Шығармалар. 5-том. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 483 б.

  193. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. – Алматы: 1962.

  194. Еңбек майданы” журналы. – 1933. № 2.

  195. Екпінді құрылыс” газеті. – 1936. – 23-январь.

  196. Михаилов В. Хроника великого джута. – Алматы: СП “Интербук”, 1990.

  197. Сейфуллин С. Шығармалар. 4-т. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 476 б.

  198. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 560 б.

  199. Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 240 б.

  200. Губернские газеты // Степная правда. – 1921. – 17-апреля. –№ 8.

  201. Олкотт М.Б. Казахи…

  202. Шоқай М. Қазақ жеріндегі ашаршылық. – кітапта: Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы: Жалын, 1992. – 182 б.

  203. Ақ жол” тілшілерінің І-конференциясы. – Ташкент: 1925.

  204. Торайғырұлы С. Шығармалар жинағы. – Алматы: 1933 (алғысөз ретінде).

  205. Бейісқұлов Т. Қанатты қаламгер. – Алматы: Жаушы, 1983. – 200 б.

  206. Жансүгіров І. Қазақ Кеңес жазушыларының тұңғыш съезі. 1934, 12-18 маусым. – Алматы: ҚКӘБ, 1934.

  207. Лениншіл жас” журналы. – 1925. – № 7. – 22-б.

  208. Қазақстан мұғалімі. – 1965. – 18 қараша.

  209. Нұртазин Т. Б.Майлин творчествосы. – Алматы: Жазушы, 1966. – 323 б.

  210. Оразаев Ф. Замана қаһармандары. – Алматы: Жазушы, 1981. – 247 б.

  211. Майлыұлы Бейімбет. Алыптарды аралағанда. – Алматы:, 1934.

  212. Ергөбек Қ. Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы// Жас алаш. – 1991. – 20-желтоқсан.

  213. Тихонов Н. Отечественная война и советская литература// Новый мир. – 1944. – № 7. – С. 29.

  214. Военная публицистика и фронтовая очерки. – М., 1966.

  215. Отан үшін”. Солтүстік Батыс майданының Қызыл әскер газеті. – 1942. – 24-октябрь. – №3.

  216. ҚРОМА. ф. 708. оп. 5. ед.хр. 9. л. 33.

  217. Бектемісов Ә. Майдангер көзімен. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 144 б.

  218. Абишев Г. Фронтовая печать. В сб.: Пол века в пути. – Алматы: Казахстан, 1969. – С. 338

  219. Правда”. – 1943. – 3 июля.

  220. Қирабаев С., Бердібаев Р., Ғабдуллин Н. Қазақ совет әдебиеті. 11 класс. – Алматы: Рауан, 1991.

  221. Бұлқышев Б. Өшпес өмір. – Алматы: Жазушы, 1965. – 148 б.

  222. Идрисов Р. Казахская военная публицистика. (1941-1945). Автореферат дисс. на соиск. уч. степ. канд. филол. наук. – Алматы, 1970. – С. 20.

  223. Әбдезұлы Қ. Әдебиет және өнер. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 300 б.

  224. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – Алматы: Білім, 2003. – 112 б.

  225. Иманжанов М. Өркен. – Алматы: Жалын, 1980. – 248 б.

  226. Публицистика периода Великой Отечественной войны и первых послевоенных лет. – М.: Советская Россия, 1985.

  227. Әдебиет және искусство” журналы. – 1954. №10. – 82 б.

  228. Смайылов К. Он бірінші. – Алматы: Жалын, 1982. – 200 б.

  229. Қозыбаев С., Бекболатов Ж. Өмір айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1990. – 88 б.

  230. Қаратаев М. Өрлеу жолы// Қазақ әдебиеті. – 1958. – 1-қаңтар.

  231. Қирабаев С. Өнер өрісі. – Алматы: Жазушы, 1971. – 272 б.

  232. Мұқанов С. Туған жердің тыңында. – Алматы: ҚМКӘБ, 1955. – 136 б.

  233. Нұрпейісов Ә. Толғау. Әдеби портреттер. – Алматы: Жазушы, 1972. – 220 б.

  234. М.О.Әуезовке. Алпыс жылға арналған мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1959.

  235. Елеукенов Ш., Колосов Г. Очерктегі көркем бейнелеу құралдары// Жұлдыз. – 1962. – №9.

  236. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 7-том. – Алматы: Жазушы, 1980. – 471 б.

  237. Қабдолов З. Арна. Зерттеу – сын – эссе. – Алматы: Жазушы, 1988. – 256 б.

  238. Әуезов М. Қазіргі роман және оның геройы// Қазақ әдебиеті. – 1961. – 20-май. – №22.

  239. Бердібаев Р. Жазушы мен кейіпкердің кеңесі// Жұлдыз. – 1962. – №9.

  240. Ыдырысов Т. Очерк туралы ойлар. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 212 б.

  241. Нұршайықов Ә. Тың астығы. – Алматы: ҚМКӘБ, 1958. – 126 б.

  242. Нұрқатов А. М.Әуезовтің творчествосы. – Алматы: Жазушы, 1965. – 400 б.

  243. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 8-том. – Алматы: Жазушы, 1981. – 456 б.

  244. Белботаев А. М.О.Әуезовтің “Индия очерктеріндегі” сөздердің қолданыс ерекшеліктері туралы. – Кітапта: Мухтар Ауэзов и современная литература. – Алматы: Ғылым, 1989. – 352 б.

  245. Қаратаев М. Қырағы қыран…// Жұлдыз. – 1966. – №2.

  246. Русский фельетон. – М.: 1958.

  247. Прохоров Е.П. Теория публицистики и искусство фельетона // Вестник МГУ. Серия журналистика. – 1966. – №3. – с. 79.

  248. Газетные жанры. – М.: Изд. Полит.литературы, 1971.

  249. Қожакеев Т. Қазақ сатирасы. – Алматы: Жазушы, 1970. – 120 б.

  250. Власть, зеркало или служанка? (Энциклопедия жизни современной российской журналистики). Т. 2. Авторы бесед – В.Богданов, Я.Засурский. – М.: Издание Союза Журналистов России, 1998. – С. 323.

  251. Төлешев С. Түрлі-түрлі бастар бар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1957. – 126 б.

  252. Ыдырысов Т. Шабыт қайнары. – Алматы: Жазушы, 1975. – 172 б.

  253. Қыдырбекұлы Б. Ақпа құлақ. – Алматы: Жазушы 1978. – 440 б.

  254. Мусаев А. Поэтика казахской сатиры. – Алматы: Санат, 1997. – С. 192.

  255. Стюфляева М.И. Образные ресурсы публицистики. – М.: Мысль, 1982. – С. 176.

  256. Ғабдуллин Н. Өмір күйі. Очерктер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1961. – 124 б.

  257. Қабдолов З. Адам. Публицистика. – Алматы: ҚМБ, 1964. – 172 б.

  258. Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1941. – 215 б.

  259. Қайырбеков Ғ. Қарқаралы басында. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 139 б.

  260. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Білім, 2003. – 224 б.

  261. Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы. 6-т. – Алматы: Қазығұрт, 2002. – 616 б.

  262. Дәуренбеков Ж. Сөз киесі. – Алматы: Ана тілі, 1996. –
    304 б.

  263. Ыбырайымов Б. Өз тақырыбым болсын деңіз // Лениншіл жас. – 1985. – 19-февраль.

  264. Литературная газета. – 1985. – 17-июля.

  265. Ержанова Г. Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм мәселелері (70-80 жылдар). – Филология ғыл. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. автореф. – Алматы, 1994. – 25 б.

  266. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. – Алматы: Жазушы, 1983. – 184 б.

  267. Айтматов Ш. Съезде сөйлеген сөз// Лениншлі жас. – 1972. – 1-апрель.

  268. Пельт В.Д. Дифференциация жанров газетной публицистики. – М.: изд. Московского университета, 1984. – С. 48.

  269. Аристотель. Об искусстве поэзии: (Поэтика).– М., 1957.

  270. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995. – 240 б.

  271. Белинский В.Г. Соб. сочин. в 13-ти томах. Т.5. – М.: изд. АН СССР, 1954. – С. 863.

  272. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 243 б.

  273. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 264 б.

  274. Назарбаева Д.А. Содружество Евразия. – Москва: ЗАО Бизнес-школа “Интел-Синтез”, 2000. – С. 424.

  275. Омашұлы Н. Жол үстінде – журналист. – Алматы: Атамұра, 1999. – 168 б.

  276. Сарсенбаев А. Новое информационное пространтсво Республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – С. 200.

  277. Есім Ғ. Сана болмысы. Бірінші кітап. – Алматы: Ғылым 1998. – 272 б.

  278. Озғанбай О. Ресей мемлекеттік Думасы және Қазақстан. – Алматы: ҚР Парламенті баспаханасы. – 1997. – 462 б.

  279. Есім Ғ. Сана болмысы. Үшінші кітап. – Алматы: Ғылым, 1997. – 232 б.

  280. Грум-Гржымайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. – Л., 1930.

  281. Литвинов В.М. Мир глазами публициста. – М.: Знание, 1967.

  282. Первые лица государства: политические портреты / Авт. колл.: Е.Абен, Е.Арын, И.Тасмагамбетов и др. – Алматы: Қазақстан даму институы, 1998. – С. 368.

  283. Дулатов М. Баспасөз үмесі// Еңбекші қазақ. – 1923. –
    5 мамыр.

  284. Сердәлі Б. Камал Смайылов – публицист. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1999. – 29 б.

  285. Кольцов М. Писатель в газете. – М.: Современый писатель, 1961. – С. 139.

  286. Максимов А.А. Публицистика в научной статье. – В кн.: О публицистике и публицистах. Выпуск І. – Л.: изд. Ленинградского университета, 1964. – С. 195.

  287. Стюфляева М.И. Поэтика публицистики. – Воронеж: Изд. Воронежского университета, 1975. – С. 154.

  288. Утченко С.Л. Древний Рим. События. Люди. Идеи. – М.: Наука, 1969. – С. 324.

  289. Фукидид. История. Т.1. – М.: Ладомир, 1999. – С. 729.


МӘТІНДІК МАТЕРИАЛДАР
ТУГ. – “Түркістан уалаятының газеті”

ДУГ. – “Дала уалаятының газеті”

А-п. – “Айқап” журналы

Қ. – “Қазақ” газеті

Қ-н. – “Қазақстан” газеті

ҚҚ. – “Қызыл Қазақстан” журналы

Е-л.Қ. – “Еңбекшіл Қазақстан” газеті

ҚТ. – “Қазақ тілі” газеті

Е.Т. – “Еңбек Туы” газеті

Е-і. Қ. – “Еңбекші Қазақ” газеті

Ш-р. – “Шаншар” журналы

Т. – “Таң” журналы

АЖ. – “Ақжол” газеті

Ж. – “Жаршы” журналы

А-л. – “Ауыл” газеті

А.Т. – “Ауыл тілі” газеті

Сд.Қ. – “Социалды Қазақстан” газеті

Қар.П. – “Қарағанды Пролетариаты” газеті

СҚ. – “Социалистік Қазақстан” газеті

Сов.Қ. – “Советтік Қарағанды” газеті

ЛЖ. – “Лениншіл жас” газеті

ЕҚ. – “Егеменді Қазақстан” газеті

ҚӘ. – “Қазақ әдебиеті” газетi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет