Р. Е. Жүншеев, Г. К. Мұсабекова Философия



бет61/77
Дата06.02.2022
өлшемі23,29 Mb.
#81694
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
Байланысты:
оқу құралы соңғысы

Ц
и (қытай) – «Ци» ұғымы - Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян.


Цзы (қытай) – адам, ұстаз.


Цзюнь-цзы (қытай) – қайырымды адам.


Цзя (қытай) – философиялық мектеп, көзқарастар жүйесі.


Ч


арвака-локоята (үнді) – философиялық әдебиетте Көне Үнді филосо-фиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). «Чарвака-локаята» ұғымы «материалист» деген мағынаны білдіреді. Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі – туйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды.


Читта (үнді)- ақыл адамның психикалық белсенділігінің шоғырлануы, Патанджали ілімінле читта әрбір адамның өзгермейтін ішкі табиғатының эмпирикалық көрінісін білдіреді. Читта материалдарды дүниенің заңдылығына бағынатын және сол шеңберде қимыл-әрекетте болатын көрініс . бірақ адамның біз пайымдайтын сыртқы көрінісі оның бастапқы ішкі мәніне сәйкес келе бермейтінін әрқашан аңғара бермейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет