Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


§181. «...зұлымдықпен Блед өлтірілгеннен кейін Аттила өз



Pdf көрінісі
бет20/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу

§181. «...зұлымдықпен Блед өлтірілгеннен кейін Аттила өз 
билігіне барлық ғұндарды және басқада тайпаларды біріктіріп,.. 
римдіктер мен вестготтарды бағындыруды ойлады.» 
182-183 параграфтарда Иордан Присктің жазбалары 
бойынша Аттиланы былай деп бағалайды: «Бұл адам өмірге кел-
генде халықты тік тұрғызу үшін, дірілдету үшін жаралған және 
барлық елге қауіп, үрей әкелу үшін жаралған». Сыртқы келбе-
тіне сипаттама береді. «Ол орта бойлы, кең кеуделі, үлкен бас-
ты, қысыңқы көзді, сирек сақалды болған».Осы тұста Иордан 
Марстың қылышы туралы аңызды да келтіреді. Бір малшы мал 
бағып жүріп, бір бұзауының ақсаңдағанын байқап, не болғанын 
түсіне алмай, қанды іздің бойымен жүріп отырып қылышты та-
бады. Ол қылышты қазып алып Аттилаға әкеліп береді. Бұл 
Марстың қылышы екен, содан Аттиланың соғыста жолы болып 
қуаты артыптымыс». [5,93,102 б] 
§187
.«Император Валентиан ІІІ вестгот королі Теодоритке
елшілік жіберіп мынаны айтты: тайпалардың ішіндегі ең ержү-
регі-сіздердің тайпаларыңыз бүкіл әлемге озбырлық жасап 
отырған қатыгез билеушіге қарсы бізбен күш біріктірсе бұл сіз-
дің тарапыңыздан ақылмен атқарылған іс болар еді. Ол (Аттила) 
бүкіл әлемді өз құлына айналдырмақшы, ол ешбір сепебсіз-ақ 
соғыс аша береді, өзінің іс-әрекеттерінің бәрін заңды деп есеп-
тейді. Өзінің дағойлығын ол шынтағымен өлшеп, тәкаппарлы-


31 
ғын өзімшілдігімен басады. Ол құқ пен құдай заңын жек көріп, 
өзін табиғаттың жауы етіп көрсетеді...». [5,103 б] 
§4.
Франк мемлекеті 
 
1.Франктер мемлекетінің құрылуы. 
2.«Салий ақиқаты» бойынша франктердің шаруашылығы мен 
қоғамдық құрылысы. 
3.Каролингтер әулетінің билікке келуі. 
Франктер мемлекетінің құрылуы
. Франктер б.з. ІІІ ға-
сырда Рим деректерінде көрсетілді. Бұлардың хамавтар, су-
гамбрлар, бативтер деген ежелгі аталарының Рейннің арғы бе-
тінде мекендегені туралы Тацит та көрсеткен. 
Франк
деген 
ба-
тыл

ерікті
деген сөз мағынасын білдірген. Франктер деп жо-
ғарғы және орта Рейннің жағалауларында орналасқан бірнеше 
герман тайпаларынан құралған үлкен тайпалық одақты атаған. 
Сонымен бірге Рейннің төменгі ағысымен мекендеген франк-
терді 
салийлық
және Рейіннің орта ағысының екі жақ жағалауын 
мекендеген франктерді 
жағалаулық 
немесе 
рипуарлық 
деп екі 
топқа бөлінген. 
ІІІ-ІҮ ғғ.франктер Рейн маңынан қоныстануға жаңа жер-
лер іздеп Римдік Галлияға жиі шабуыл жасады ІҮ ғ.екінші жар-
тысында Токсандрияға қоныстанып империяның федераты ре-
тінде өмір сүрді. Ү ғ.ортасында салийлық франктер өздерінің 
иеліктерін рим империясының оңтүстігі мен батыстағы Соммаға 
дейін ұлғайтты. Ал, рипуарлық франктер Маас пен Рейн арасын 
қоныстанды. 
Салийлық франктердің меровей руының көсемі 
Хлодвиг 
(481-511 жж.) батыс Рим империясы құлағаннан кейін солтүс-
тік-шығыс Галлияны жаулап ала бастады. Бұл жерді бұрынғы 
императордың уәкілі болған римдік шонжар Сиагрий басқарып 
отырған еді. 
486 
ж.Суассонға жақын жерде Сиагрийдің әскерін 
жеңген Хлодвиг Сенаға дейінгі жерлерді франктерге бағынды-
рып, содан кейін франктердің иеліктерін Луарға дейін кеңейтті. 
Хлодвиг өзінің билігін нығайту үшін 
496
жылы өз жасақтары-


32 
мен бірге христиан дінін қабылдады. Галло-римдік дін иелері 
Хлодвигке Галлияны одан әрі жаулап алуына қолдау көрсеткен
еді. 
Франктер бургундарды бағындырып, Галлиядан вестгот-
тарды ығыстарды. Франктер мемлекетінің тарихының алғашқы 
дәуірі Ү ғ.аяғынан ҮІІ ғ .аяғына дейін созылып 
Меровингтік дә-
уір
деп аталды. 
Хлодвигтің тұсында 
507 жылы Аквитания
, ал оның ми-
расқорлары 
514 жылы Бургундияны

536 жылы остготтардан
Провансты 
тартып алып өзіне қаратты.Тюрингтер мен алеман-
дар, баварлар франктердің жоғарғы өкіметін мойындаса, сакстар 
оларға жыл сайын салық төлеп отыруға мәжбүр болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет