Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы



бет12/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лек 2

жорамал деп аталды.
«Контракциялық жорамалдың» негізін салушы – француз
геологы Эли де Бомон. Өзінің 1852 жылы жарияланған
еңбегінде ол жер қыртысы қабаттарында қатпарлардың
қалыптасу механизмін төмендегі тезистер тізбегімен түсіндіруге
тырысты: 1) Жер планетасы өзінің жаралу сəтінде балқымалы
(өте ыстық) күйде болған («Контракциялық жорамал»
жақтаушылары Жердің жаралуы жайлы «Кант–Лаплас
жорамалынан» нəр алады); 2) Жер планетасы қазіргі
геологиялық уақыт барысында ыстық күйден бірте-бірте
суынып келе жатыр, бұл процесс планета көлемінің
кішіреюімен, яғни оның сығымдала түсуімен орайлас өрбиді; 3)
планетаның сыртқы қабығы, яғни жер қыртысы қазіргі кезде
əбден суынып үлгерген, сондықтан ол өзінің қалыпты көлемін
сақтауға қабілетті; 4) планетаның ішкі өңірлері (жер
қыртысынан төмен орналасқан деңгейлер) қазіргі геологиялық
кезеңде əлі де суынуда, сөйтіп өз көлемін кішірейтуде; 5) əбден
суынып үлгерген, сондықтан да өзінің қалыпты көлемін
сақтаған жер қыртысы əлі де суынып жатқан, сондықтан өз
көлемін кішірейткен ішкі өңір заттарына «кеңдік етуде»,
Геотектоника жəне геодинамика
43
сондықтан да жер қыртысын құрайтын таужыныс қабаттары
көлбеу (горизонталь) бағытталған кернеулерге ұшырап,
қатпарларға иілуге мəжбүр (соңғы процесс кепкен алманың
сыртқы қабығы қыртыс-қыртыс болып жиырылып
қалатындығын еске салады).
Қатпарлық табиғатын жоғарыда келтірілген тұжырымдар
тұрғысынан түсіндіру, бір қарағанда, өте оңтайлы көрінгенімен,
кейбір фактілер бұл түсініктерге кереғар келетіндігі де
байқалды. Мəселен, «Контракциялық жорамалға» сəйкес, жер
қыртысының бүкіл аумағы жаппай қатпарлануы тиіс, себебі
жер шарының ішкі өңірі жаппай суына бастауы нəтижесінде
туындайтын көлбеу (горизонталь) бағытталған кернеулер оны
көмкерген жер қыртысын да жаппай сығымдауы тиіс. Алайда
нақтылы зерттеу нəтижелері жер қыртысының бір бөліктері
қарқынды қатпарланғандығын, ал екінші бөліктеріндегі
таужыныс қабаттары мүлдем қатпарланбағандығын көрсетті.
Осыған байланысты, Контракциялық жорамал» жақтаушылары
жер қыртысын екі бөлікке бөліп қарауға мəжбүр болды, бұл
бөліктердің біріншісі қатпарланбайтын берік таужыныстардан,
ал екіншілері қатпарлануға бейім «аққыш таужыныстардан»
тұрады деп есептелінді. Бұл түсінікке сəйкес, берік
таужыныстардан тұратын бөліктер көлбеу (горизонталь)
бағытталған кернеулер туындата отырып, олардың
аралықтарына қысылған «аққыш таужыныстарды» кəдімгі тез
(тиск) сияқты сығымдап тастайды деп есептелінді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында негізгі
геотектоникалық жорамал рөлін атқарған «Контракциялық
жорамал» жақтаушыларының қатарына Батыс Еуропаның талай
майталман зерттеушілерін жатқызуға болады, олар –
австралиялық геолог – Эдуард Зюсс, швейцариялық геолог –
Альберт Гейм, француз геологы – Марсель Бертран, т.б.
«Контракциялық жорамал» идеяларын негіздеуде əсіресе Э.Зюсс
еңбегі айырықша. Оның 1883-1909 жылдар аралығында жарық
көрген үш томдық «Жер келбеті» атаулы классикалық еңбегі
бүкіл жер қыртысына тиесілі тектоникалық құрылымдардың
геологиялық даму ерекшеліктерін «Контракциялық жорамал»
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
44
тұрғысынан талдап берген мейлінше маңызды еңбек болды.
«Контракциялық жорамал» геология ғылымына бір ғасырдан
астам уақыт бойына негізгі парадигма рөлін атқарған келесі
геотектоникалық жорамалдың, яғни «Геосинклиндер туралы
ілімнің» негізін __________қалады.
«Контракциялық жорамалдың» «Геосинклиндер туралы
іліммен» алмастырылуына себепші болған басты мəселе –
алғашқы жорамалдың теориялық негізі болып табылатын
«Кант–Лаплас жорамалының» ХІХ ғасырдың басында
шындыққа сəйкеспейтіндігінің дəлелденуі, сөйтіп Жердің
жаралуы жайлы жаңа жорамалдың, яғни «Шмидт–Фесенков
жорамалының» дүниеге келуі болатын. Екінші сөзбен айтқанда,
«Жер балқымалы (өте ыстық) заттардан жаралды деп
дəріптейтін «Кант–Лаплас жорамалының» шындыққа
сəйкеспейтіндігінің Шмидт жəне Фесенков тарапынан
дəлелденуі «Контракциялық жорамал» негізінің де қате
екендігін көрсетті.
Жер қыртысына тиесілі тектоникалық құрылымдардың
жалпылама даму ерекшеліктерін «Контракциялық жорамал»
көмегімен түсіндіруге тырысудың өзге де осал тұстары бар-
тұғын. Бұл жорамалды жақтаушы ғалымдар, əсіресе еуропалық
табиғаттанушылар, таужыныс қабаттарындағы қатпарлық
табиғатын планетамыздың бірте-бірте суыну нəтижесінде
туындауы мүмкін «жиырылулармен» түсіндіруге тырысқандығы
соншалық, олар қатпарлар қалыптасуының механикалық
мəселелеріне, яғни қатпарлардың геометриясына ғана баса назар
аударып, сол қатпарларды құрайтын геологиялық денелердің
заттық құрамын зерттеуді мүлдем естен шығарды. Сөз болып
отырған жорамал жақтаушыларының тағы бір осал тұсы –
қатпарлар табиғатын жер қыртысының жиырылуымен
түсіндіруге тырысқан олар сол жер қыртысында жиі
ұшырасатын, ұзақ уақыттарға созыла отырып, баяу қарқынмен
көрініс беретін тербелмелі тектоникалық қозғалыстарға жəне
осы қозғалыстардың нəтижелеріне мүлдем көңіл бөлмеді;
платформалар ауқымында қарапайым күмбез тұрқылас
қатпарлар қалыптастыруға қабілетті мұндай қозғалыстардың
Геотектоника жəне геодинамика
45
табиғатын «Контракциялық жорамал» тұрғысынан түсіндіруге
болмайтын еді.
«Контракциялық жорамалды» алмастырған Геосинклин-
дер туралы ілімді бұған дейінгі жорамалдармен салыстыруға
болмайды. Бұл түсініктер жиынтығына кіретін қағидалар оны
шын мəніндегі ілім санатына көтеруге мүмкіндік бермейтіні рас,
алайда оны нақтылы «геотектоникалық тұжырымдама» ретінде
қарастыруға əбден болады, яғни «Геосинклиндер туралы ілім»
қағидаларының мазмұны бұрынғы жорамалдар мазмұнымен
салыстырғанда əлдеқайда прогрестік сипатты иеленген,
сондықтан да ол бір ғасырдан астам уақыт бойына геологиядағы
негізгі парадигма рөлін атқара алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет