Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы


Жердің жаралуы жəне оның тұтас планета ретінде



бет8/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лек 2

2.2. Жердің жаралуы жəне оның тұтас планета ретінде
геологиялық дамуына дейінгі эволюциясы. Геотектоникалық
жорамалдар, бұл жорамалдар туындауының эволюциясы
Жердің планета ретінде жаралу жəне қалыптасу
процестерін дұрыс жорамалдау геотектоника ғылымының өте
маңызды мəселелерінің бірі болып табылады, себебі планетаның
геологиялық нысан ретінде даму процесін қамтамасыз ететін
тектоникалық қозғалыстардың туындау себептері мен көрініс
беру ерекшеліктерін анықтау аталған жорамалдар мазмұнымен
тығыз байланысты.
Жердің жаралуы туралы басты жорамалдарға ортақ бір
қағида бар, ол – Күн жүйесінің орталық денесі болып табылатын
Күннің өзінің жəне оны ұдайы айналып жүретін, яғни Күннің
Геотектоника жəне геодинамика
33
табиғи серіктері болып табылатын бүкіл планеталардың (мұндай
планеталар тоғыз, олар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс,
Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун жəне Плутон) əртүрлі химиялық
элементтердің жиынтығы болып табылатын бірыңғай заттардан
жаралғандығы жайлы қағида. Мұндай заттарды Ғарыштың
«газды-тозаңды бұлттары» деп атайды.
Күннің жəне сол Күн жүйесіне тиесілі Жер планетасының
жаралуы жайлы алғашқы жорамалдардың бірі – «Кант–Лаплас
жорамалы» деп аталады. Бұл жорамалды алғаш ұсынғандар
неміс философы И.Кант (1755) жəне француз математигі
П.С.Лаплас (1797). Бұл жорамалға сəйкес, Күннің өзі жəне оның
табиғи серіктері болып табылатын планеталар «ыстық
тұманнан» жаралған деп есептеледі; Күннің өзі орталық ядро
рөлін атқарады, ал болашақ планеталарды құраған «ыдыраңқы
заттар тұманы» əуелден-ақ сол ядроны айналып жүрген, осы
айналыстан туындаған центрге тартқыш күш экватор
жазықтығында тартылыс күшімен теңдескен, сондықтан да осы
экватор жазықтығында ыстық заттардан тұратын газдар азды-
көпті суына отырып, нақтылы орбита бойымен айналатын жеке-
дара планеталарға жинақталған.
Кант–Лаплас жорамалы жалпылама тезистер түрінде
жарияланды, бұл жорамал ешқандай да математикалық
есептеулермен дəлелденбеген болатын. Солай бола тұрса да бұл
жорамал көпке дейін Күн жүйесінің жаралуы туралы негізгі
жорамал ретінде сақталды, тек ХІХ ғасырдың аяқ шеніне ғана
оның қате екендігі дəлелденді. Аталған жорамалдың кейбір
астрономиялық заңдылықтар тұрғысынан шындыққа
жанаспайтындығын дəлелдеуде американдық астроном
Мультон, американдық геолог Чемберлен, ағылшын астрономы
Дж.Джинс зерттеулері айтарлықтай рөл атқарды. Алайда Кант–
Лаплас жорамалының екінші планға ысырылуына бірден-бір
себепші болған Кеңестер Одағының академиктері О.Ю.Шмидт
пен В.Г.Фесенков зерттеулері болатын.
О.Ю. Шмидт 1944 жылы алғаш ұсынған, кейінірек өз
қызметкерлерімен біріге отырып, жан-жақты дəйектеген
идеялары төмендегідей.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
34
Жер жəне Күн жүйесінің өзге де планеталары сол жүйенің
орталық денесі болып табылатын Күннің тартылыс күштері
салдарынан оқшауланған «жұлдызаралық материя бұлттары»
есебінен қалыптасқан. Бұл бұлттарды құрайтын ұсақ бөлшектер
өздерінің қозғалысы барысында бір-бірімен жанасқан, сөйтіп
жүйенің экваторлық бөлігінде өз өсінен айналып жүретін
біршама тығыз дискіге айналған. Бұл диск Күннен айналуы
барысында өзге де тозаңдарды өз болмысына жинақтай берген,
осылайша олар түрлі мөлшерлі, массасы да алуан түрлі
шоғырларға топтасқан. Мұндай шоғырларды О.Ю.Шмидт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет