Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы



бет11/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лек 2

Көтерілім жорамалы («Гипотеза поднятия») деген атауды
иеленген бұл идеялар жиынтығының ең негізгі жетістігі – Жер
планетасының геологиялық даму процесіне ішкі (эндогендік)
жəне сырт (экзогендік) күштердің екеуінің де айтарлықтай үлес
қосатындығының тұңғыш рет мойындалуы. М.В. Ломоносов сөз
болып отырған қағидаларын өзінің «Жер қабаттары туралы»
(«О слоях земных») деп аталатын əйгілі еңбегінде жариялады
(1749). Ғалым тектоникалық қозғалыстардың екі түрі
болатындығын атап көрсетті, олар – өте қарқынды да тез өтетін
қозғалыстар жəне баяу өрбитін қозғалыстар. Белгілі орыс
ғалымының бұл тұжырымы сол заман үшін шын мəніндегі
революциялық көзқарас болғандығы түсінікті, себебі
тектоникалық қозғалыстардың осындай екі түрі шынында да
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
40
болатындығы кейінгі зерттеулермен дəлелденді (орогендік
немесе қатпарлы қозғалыстар жəне эпейорогендік немесе
тербелмелі қозғалыстар).
М.В. Ломоносовтың аталған тұжырымдары XVII ғасырда
кеңінен етек алған апатшылар («катастрофисты») деп
аталатын жалған ілімдік («псевдонаучное») геотектоникалық
жорамал жақтаушыларына ойсырата соққы берді.
«Апатшылар» планета тарихындағы баяу қозғалыстарды
мойындамайтын-ды, олар геологиялық процестер табиғатын
планетамызда мезгіл-мезгіл болып тұратын апаттар нəтижесімен
ғана түсіндіруге тырысқан жалған ілімдік ағым өкілдері
болатын.
М.В. Ломоносовтың «Көтерілім жорамалын» одан əрі
дамытушылардың бірі – шотландиялық геолог Джеймс Геттон.
Ол өзінің 1788 жылы жариялаған «Жер теориясы» деген
еңбегінде жер қыртысындағы қозғалыстардың ішіндегі ең
шешуші қозғалыс тік бағытталған деп есептеді. Бұл ғалым
пікіріне сəйкес, жер қыртысының кейбір бөліктерін жоғары
көтеретін күш Жердің ішкі жылуынан туындайды. Дж.Геттон
Жердің даму тарихы төмендегі процестерге тəуелді деп
есептеді: планетаның белгілі бір бөлігі ішкі жылу əсерінен
жоғары көтерілуі нəтижесінде континенттер пайда болады; бұл
көтерілімдер сырт күштер (экзогендік күштер) əсерінен үгіле
бастайды, сол үгілу өнімдері сынықты таужыныстар түрінде
көршілес орналасқан ойыстарға (теңіз алаптарының түбіне)
жинақтала бастайды; осылайша континенттер толық «бұзылып
бітеді», енді көтерілу процесі жаңағы теңіздер түбінде
басталады, шөгінділермен көмкерілген жаңа континент пайда
болады; кезекті көтерілу барысында сол көтерілген континент
бетін көмкерген шөгінді таужыныс қабаттары деформацияға
ұшырайды, яғни қатпарланатын болады; осылайша аталған
көтерілімдер мен ойыстардың кезек алмасып отыруы Жер
планетасының геологиялық уақыт барысында даму процесінің
негізін құрайды.
Дж.Геттон тұжырымдарының көкейге қонымдылығын,
яғни бүкіл геологиялық процестер апаттар нəтижесінде емес,
Геотектоника жəне геодинамика
41
эволюциялық жолмен өрбитіндігін біржақты дəлелдеп берген
ағылшын табиғаттанушысы Чарлз Лейель. Бұл ғалым өзінің
1830 жылы жариялаған «Геология принциптері» атаулы
еңбегінде геологиялық процестердің қайталамалы болатындығын
(кезек-кезек алмасып отыратындығын) дəріптей отырып, жер
қыртысының құрылымдық ерекшеліктерінде өткен кезеңдер
мен дəуірлерде апаттар болғандығын дəлелдейтін ешқандай да
деректер сақталмағандығын, сондықтан да планетамызды
зерттеуде «актуализм принципін» толықтай қолдануға
болатындығын ашып көрсетті.
Дж. Геттон мен Ч. Лейель тұжырымдары сол кездерде
дəуірлеп тұрған «апатшыларға» («катастрофистерге»)
айтарлықтай соққы берді, себебі бұл ғалымдар геологиялық
процестердің байырғы физикалық заңдылықтарға бағынатындығын,
көне геологиялық процестер нəтижесі мен қазіргі геологиялық
процестер нəтижесі арасында ешқандай да айырмашылық жоқ
екендігін қарапайым мысалдармен-ақ дəлелдеп берді.
Орыс ғалымы М.В.Ломоносов негізін қалаған, Дж. Геттон,
Ч. Лейель сияқты еуропалық ғалымдар жетілдіре түскен
«Көтерілім жорамалы» ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
геотектоникадағы негізгі жорамал болды. Бұл жорамалдың
одан əрі қалыптаса түсуіне жəне дамуына Л. Бух, Б. Штудер
сияқты еуропалық ғалымдар, Д.И. Соколов, Г.Д. Романовский,
Н.А. Головкинский, Г.Е. Шуровский сияқты орыс ғалымдары
айтарлықтай үлес қосты.
Алайда ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропа елдері
ауқымында таужыныс қабаттарының қатпарлану ерекшеліктерін
жан-жақты зерттеу нəтижелері ғалымдарды «Көтерілім
жорамалынан» біржолата бас тартуға мəжбүрледі. Таужыныс
қабаттарындағы нақтылы қатпар ерекшеліктерін зерттеу
нəтижелері қатпарлы құрылымдардың геометриялық тұрғыдан
көбінесе дұрыс пішіндерді құрамайтындығын, яғни олардың,
«Көтерілім жорамалы» жақтаушыларының мəлімдегеніндей,
ауқымды көтерілімдерді жиектемейтіндігін, керісінше олар
ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатындығын, сөйтіп ұзын да енсіз
белдемдер құрайтындығын дəлелдеді. Таужыныс қабаттарына
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
42
тəн қатпарлардың мұндай ерекшеліктерін «Көтерілім
жорамалы» көмегімен расынан да түсіндіруге болмайтын еді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында шөгінді таужыныс
қабаттарының (мысалы, көмір қабаттарының) деформацияға
ұшырау ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жұмыстары осы
қабаттар деформациясының ең кең тараған түрі кəдімгі
қатпарлар (қатпарлы деформация) екендігін көрсетті.
Таужыныс қабаттарындағы байырғы толқындарға ұқсайтын
мұндай қатпарларды қалыптастырудың ең оңай жолы сол
таужыныс қабаттарын көлбеу (горизонталь) бағытта сығымдау
екендігі түсінікті. Олай болса, жер қыртысындағы кернеулер
(тектоникалық қозғалыстар) ішіндегі көлбеу бағытталған
кернеулер қатпар қалыптастыруда шешуші рөл атқаруы тиіс.
Əлем тектонистерінің осы бағыттағы ізденістері ХІХ ғасырдың
екінші жартысында жаңа геотектоникалық жорамалдың
дүниеге келуіне себепші болды, бұл жорамал Контракциялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет