Бұл Құран Шәрифтің қазақша аудармасын ардақты Халифа Алтай орындады. Оны ұстаз Дәлелхан Жаналтай көзден көшірді. Және бұған Меккедегі Дүние Жүзілік Ислам Бірлігі (Рабыта) қоғамы келісім берді. Бұл арқылы Қазақстандағы әрі басқа жерлердегі қазақша сөйлейтін Мұсылмандардың бұдан тура жол нұрын түсінулерін және имандарының күшейіп Мұсылманшылықтарының нығайып сондай-ақ дүние ахиретте ахуалдарының түзелуін үміт етеді.