Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
annotation110059

Чачылгы» (чачылта, 
«
неме билер 
кижи» 
сияқты Алтай ғұрыптары орындалмайды.Шіркеу үйге 
жақын болса, шіркеудің дін қызметкері діни аза өлең айтады
шіркеу алыс болса, жерлегеннен кейін шіркеуге барғанда 
туысқандарының тапсыруымен орындалады. Жерлеген кезде 
қазіргі
таңда қосалқы, ілеспе заттар қойылмайды. Бірақ жас әйел 
өлсе
кöжöгö 
(шымылдық) қойылады. 3
-
ші, 9
-
ші, 40
-
ші күндері 
және 1 жыл соң еске алу күндері өткізіледі.Қайтыс
болған күні 
туыстары сол үйге түнімен
жиналады. Еске алу асын беру 8
-
нен 
9-
шы, 39
-
дан 40
-
шы күнге өткен кеште беріледі. Еске алу 
дастарханына (поминкаға) келген адамдар өздерімен тағам 
түрлерін немесе ақша алып келеді. Дастарханнан қалған 
тағамдарды таратып береді. Өлген адамның туыстарына рәсімдер 
үшін
тиым салынбайды.(АДМ 2008 г. Усть
-
Канский, Усть
-
Коксинский районы. Республика Алтай).
Ал, шоқынбаған алтайлық отбасында шоқынған келін қайтыс 
болса, оны христиан салтымен жерлейді, бірақ үлкен кісілердің 
ұйғарымымен
чачылгы (чачылта)
рәсімі орындалған. Бұл 
әрекетті
үлкендер, бұлай жасамасақ әулеттегіқайтыс
болып 


232 
кеткен шоқынбаған адамдардың рухтары «осы рәсімді» сұрап 
келеді деп түсіндіреді. 
Улагандық алтайлықтарда да шоқынбағандардың еске алу 
күндерін, 3, 9, 40
-
шы күндері өткізеді. Бұл өңірде ертеде де, 
қазірде
де православтық ортаның әсері байқалады. Бұл аудан 
Алтай Республикасындағы ең көп шоқынғандар тұратын жер. 
Бірақ бұл өңірдегі алтайлықтар 
чатылта
рәсімін орындамайды. 
Дегенмен үлкен кісілер чатылта рәсімін орындамаса, ана өмірге 
барғанда о дүниелік туыстарына барып қосылмайды дейсе де. 
Оның рухы үшін бұл рәсімді атқаруды жойып алған. Улагандық 
қариялар
бұл жердегі
«
тургакту jер
», яғни жердің 
қолайсыздығымен
бұл рәсімді қолданыстан шығып отырғанын 
түсіндіреді.Шоқынған алтайлықтардың
жаны 
чатылға
рәсімін 
орындамаса кетпейді, тірілер қасында жүреді, деп түсінеді. Еске 
алу күндерін өткізу кестесінде айырмашылық жоқ. Ата
-
аналарды 
еске алу күнінде зират басына барады. (АДМ 2008 г. Улаганский 
район. Республика Алтай).
Усть
-
Кан ауданының Верх
-
Ануй ауылында православиелік 
болып қайтыс болған адамның мәйітін жуады, орамалмен 
сүртіндіреді (орамалды жуындырған адамға береді, ал сабынды 
күйеуі жанжалдасқыш адам алады), киіндіреді, аяқ киімін 
кигізеді, табытқа салады. Үстінен крестпен кестелеп тігілген 
арнайы ақ матаны жабады. Маңдайына шіркеуден арнайы сатып 
алынған қағаз лента қойылады. Оң қолына тиындар оралған бет 
орамал (тиындар о дүниеде күнәларына өтеу болу үшін); сол 
қолына
– 
крест немесе икон (одан соң жерлеуге апарарда иконды 
алып тастайды) қойылады. Шіркеулік шамдар мәйіт үйде болған 
үш
күн бойы жанып тұрады. Олар мәйіттің бас жағында үстел 
үстінде
немесе орындықтарда тұрады. Шоқынған адамдар 
(бұрындары әжелер көп болған) келген кезде шоқынады, дұғалы 
сөздерді шырқайды. Үш күн бойы шырқаулары тиіс. Әдетте 
шоқынған әжелер жиналып бірге келіп күніне бір уақыт шырқап 
кетеді. Бірақ қазір көбісі нені және қалай айту керектігін 
білмейді. Мәйіт үйде жатқан уақытта адамдарды дастарханға 
шақырып, шәй ішу ұсынылмайды. 
Қайтыс
болған адамның киімдеріндегі түймелер, үлгектер 
кесіліп алынады, сырға, сақиналары шешіледі. Алдын қолында 
болған крест қалтасына салынады. Мәйітті үйден алып шыққанда 
табыт тұрған орындықтарға туыстары отырып, кейін олар да 


233 
мәйіттің соңынан сыртқа шығады. Зиратқа тиындар тасталып, 
қайтыс
болған адаммен қоштасады, табытты ұзын орамалмен 
жабады. Матаны қиып, қабірді қазған және көмген адамдарға 
үлестіріп
береді. Асқа шақырады 
– 
«түскі асқа» деп айтады. Түскі 
асқа тек ыстық тамақтар: көже, ботқа, тауық сорпасымен кеспе, 
кисель беріледі.Салаттар дайындалмайды. Бәрі еске алу үшін 
қырлы
стақанға арақ құйылады. Жеке бір стақанға да арақ құйып 
үстіне
нан тілімін қойып қайтыс болған адам суретінің немесе 
иконның жанына қояды. Жаназадан соң ас уақытында барлық 
адамға бет орамалдар үлестіріледі. Келесі күні жақын туыстары 
міндетті түрде «халін білу үшні» зиратқа барады. Зиратқа тары 
шашады, кәмпиттер, печеньелер қалдырып кетеді. Марқұммен 
сөйлеседі; жаңа жерде қалай ұйықтағанын сұрайды және т.б.
Тоғыз күндікке ыстық түскі ас дайындайды. Міндетті түрде 
«Кутерьма» 
– 
мейіз қосылған күріш ботқасын, көжелер, тары 
ботқасын, кеспе көже, кисель дайындайды. Еске алу үшін арақ 
беріледі. Шоқынғандар шоқынады, дұға сөздерін айтады, ас ішіп, 
үйлеріне
қайтады. Туыстары зиратқа бет алып, тары, кәмпит,, 
печенье апарады. 
Қырқыншы
күні дәл осылай еске алады, бұл жолы тек қырық 
жаңа қасық тарады. Жерлеу күні қойылған арақ пен нанды бұл 
күні бірінші болып келгенге ұсынады. Киімдерінің ескісін 
өртейді, жөні түзуін балалары мен туыстары өздеріне қалдырады.
Қайтыс
болған соң бір жыл өткенде де ексе алады. Ыстық ас 
дайындайды, зиратқа барады. Жыл сайын ссылай жасайды, үш 
жыл еске алады. Ата
-
аналар күнінде де зиратқа барып еске алады. 
Зираттың күтіміне көңіл бөледі. Жерлеу күнінде, еске алу 
күндерінде туыстарды жалғыз
қалдырмайды: түнге түні бойы 
ұйықтамайтын
адамдар қалады, міндетті түрде шам жанып 
тұрады. Мұндай үйден ештеңе алып шықпайды (АДМ 2007 г. 
Усть
-
Канский район. Республика Алтай
). 
Ф.А.Сатлаевтың жазуы бойынша, кумандиндіктердің жерлеу 
ғұрыптары
ХХ ғ. басында
христиандықтың әсерінен айтарлықтай 
өзгеріске
ұшыраған. Бұл уақытқа қарай шоқынған 
кумандықтарды христиан ғұрыптары бойынша жерлеген. Бірақ 
христианизацияға ұшырамаған олардың көпшілік бөлігі 
өздерінің
ескі салттарын ұстануды жалғамтырып келген, десе де 
айналадағы орыс халқының ықпалы себебінен оларда да біршама 
өзгерістер
орын алған. Жерлеу кезінде қайтыс болған адамның 


234 
анасы мен әйелінен басқа әйелдер қатыспаған. Барлық жерлеу 
салттары қысқаша мынадай сипатта болатын: мәйітті жылы 
сумен жуындырады, ең әдемі киімін кигізіп үлкен орындыққа 
жатқызып екі күнге қалдырады. Барлық есік
-
терезелердің алдына 
темір заттар, мысалы, балта, пышақ, орақ, шанышқы қойылады. 
Мұның себебі үйге «узут» 
– 
қайтыс болған адамның жаны кірмес 
үшін. Сонымен қатар, түнде жарықты қосулы қалдырады. Екінші 
күні табытты реттестіреді. Оның ішіне қайтыс болған адаммен 
бірге оның киімін, мүштік
-
түтік, дорба, оттық, және жерлеу асы 
қойылады. Мәйітті үйден аяқ жағынан шығарады.
Қабір
шығыстан батысқа қаратылып, мәйіттің ұзындығына 
сай тереңдікте қазылады. Шұңқыр түбіне табыт қойылатын екі 
көлденең ағаш төселеді. Мәйіт басы батысқа қаратылады. Кейде 
шұңқыр бұрыштарына табыт үстіне қалқа болатындай төрт 
тіреуіштерге көлденең ағаштар қойылған. Оның үстіне тақтайлар 
қойылады. Жерлеуге қатысқандар бәрі жерден уыс топырақ алып 
шұңқырға үш реттен лақтырады. Одан соң қабірді топырақпен 
көмеді. Жаз болсын, қыс болсын табытты шанамен жеткізіп, 
барған соң сындырып сол зиратта қалдырып кететін болған. 
Қалақтардың
саптарын алып, оларды да сол жерге тастап кетеді. 
Өздерімен
тек темір бөліктерін алып кетеді. Жерлеген соң қайтыс 
болған адамның туыстары бәріне бірден арака ұсынады. 
Алдымен қайтыс болған адамның рухына арнап дәм 
ұсынылатын. Одан соң зираттың айналасында күннің қозғалу 
шеңберімен үш рет айналып қоштасып, үйлеріне қайтады. Және 
мәйітті алып келген жылқы жерлеуге қатысқандардың алдында 
жүреді. Егер ол асау болса, оны байлап алып жүреді. Жасы үлкен 
туыстарының бірі шөп түйінін жұлып, оны зиратқа тастап, 
артына қарамай басқалардың артынан ілесіп кетеді. Зираттан 
қайтқан
уақытта артқа бырлып қарауға тыйым салынады. Үйде 
қалғандар
олардың алдыранан күтіп алып, су алып шығады, 
жерлеуге қатысқандардың бәрі бет
-
қолдарын жуады. Үйде 
жерлеу асын ұйымдастырады [27, 162

163 бб.].
Таулы Алтай қаласында тұратын тубалар отбасында 
информатордың хабарлауынша, жерлеу рәсімі әдетте христиан 
дәстүрлері бойынша жүргізіледі. Марқұмға жаңа киімдер 
кигізеді, шіркеуден жамылғы, маңдайға лента сатып алады. 
Жаназасын шіркеуде немесе үйге дін қызметшісін шақырады. 
Бірақ марқұммен бірге табытқа, оның аяқ жағына бас киім, түтік 


235 
және тамақ салынған қалташалар қояды. 9 және 40 күндік 
садақасы беріледі. Туған
-
туыстары марқұмның үйіне азық
-
түлік, 
ақша, тәттілер, арақ әкеледі. Арнайы асты күтпей, келген 
қонақтарды
дастарханға шақырып, шай береді. Жерлейтін күні, 
садақа күндері марқұмның үйінде түнейді, бірақ ешкім көз 
ілмейді. Дастарханнан жолға деп арақ, тамақ береді. Марқұм 
үйде
түнегенде үйді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет