Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет36/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
annotation110059

арчынмен
ыстайды. Бірі мұны иіс болмауы 
үшін
десе, екіншілері 
– 
үйді аластау үшін деп түсіндіреді. Ата
-
аналар күнінде зиратқа күтім жасайды. 
Шебалинск ауданы Актел ауылында тұратын келесі тубалар 
отбасы марқұмға жаңакиімдер кигізетінін айтты. Жерлеу 
барысында қасына қосымша бұйымдар қойылмайды. 
Туысқандары түнейді, түнде оның бетін жауып, таңертеңгісін
ашады. Келгендер өзімен бірге азық
-
түлік, ақша әкеледі. Азық
-
түлік пен тамақты таратады. Садақада бет орамалдар мен 
қасықтар
таратады. Садақа күндері дәстүрлі рәсімдер 
жасалмайды. 
Осылайша, православ алтайлықтардың жерлеу салтында 
дәстүрлі алтайлық
тәжірибенің кейбір белгілері сақталған. 
Мұндай үйге құр қол баруға болмайтынын әрбір информатор 
айтқан болатын. Бұл өзара көмек көрсетудің әсері болса керек.
Алтайлықтардың барлық тобында марқұмның үйінде 
адамдардың болуы байқалады. Бұл дәстүр о дүние туралы 
көзқарастың ықпалы мықты болғандықтан сақталуы мүмкін. 
Мұндай үйді, әсіресе түнде «зұлым күштер» қоршайды деп 
сенеді. Сондықтан, зұлым күштерді қуу үшін түні бойы от жанып 
тұрады. Ұйқыдағы адам оларға қарсы тұра алмайды, сол себепті 
сергек отыру керек.
Кейбір отбасыларда отпен немесе 
арчынмен
аластау 
сақталған. Ежелден от тазартушы қызметін атқарады, ал 
арчын
бурханизмнің арқылы кең таралды, десе де алтайлықтардың 
архаикалық дәстүрінде бұрыннан болған. Жерлеу кезінде арчын 
тұтату Турачак ауданының тубаларында да кездесетіні 
қызығушылық
тудырады. 
Кейде шоқынған алтайлықтарда 
чачылғы рәсімі (чачылта

және қойды арнайы құрбан шалу жасалады, бірақ бұл дәстүрлі 
дүниетанымды ұстанатын туысқандардың күшті ықпалымен 
байланысты болуы мүмкін. 


236 
Улаганск ауданындағы
жерлеу рәсімінде 
таайын
ың ролі 
туралы сөз болады 
– 
бұл бұрын маңызды болған 
матрилинейліктің жұрнағы болуы мүмкін. 
Православиенің ықпалымен алтайлықтардың дәстүрінде 
өзгерістер
орын алды. Жерлеу дәстүріне жаңашылдықтар енді: 
арнайы зираттарда жер асты жерлеу орындарының қалыптасуы, 
садақа күндері. Бұл сюжеттердің толық жетілмегендігімен және 
дәстүрлі сенімде бұл тақырыптың табу болуымен 
байланыстырылады. Осыдан келе, христиандықтан «күна», 
«тозақ», өлімнен кейінгі өмір туралы қалыптасқан көзқарастың 
түсіндірмелері ізделеді. 
Таулы Алтайдың жергілікті халқының отбасылық дәстүрін 
сараптау арқылы оның ХІХ 
– 
ХХ ғғ.басында күрделі өзгерістерге 
ұшырағанын
тұжырымдаймыз. Әдетте бұл дәстүрлі көзқарасты 
өзгертіп, атеистік насихаттар жүргізілген ХХ ғасырдағы тарихи 
реалиялармен байланысты. Бірақ ХІХ 
– 
ХХ ғғ. алтайлықтар 
арасына Алтай діни миссиясының православиені енгізуі 
аймақтағы орыс тұрғындармен тұрмыстық байланысты 
күшейтумен қатар, православиенің кейбір элементтері ХХ ғ. 
сақталып, ХХІ ғ. қайта жанданды. 
Кейбір отбасылық дәтүрлер өмір салтының өзгеруіне 
байланысты жойылғанын ескеру керек. Ең алдымен бұл бала туу 
рәсімдерімен байланысты, себебі кеңестік кезеңде бала босану 
перзентханада жүргізілді. Алайда бұл дәстүрлі көзқарасты 
ұстанушыларда
да, православтарда да бала мен 
таайы
арасындағы тығыз байланысқа әсер етпеді. Баланы шоқындыру 
оны жамандықтан сақтау үшін есімін ауыстыру қажеттігімен 
алтайлықтардың дәстүрлі дүниетанымына оңай енді. 
Үйлену
салты жоғары дәрежеде сақталды, православ 
алтайлықтарда бұл шіркеулік некелесумен толықтырылды. 
Жерлеу дәстүріне келсек, православие православ емес 
алтайлықтардың дәстүріне де ықпал жасады. Сонымен қатар
дәстүрлі дүниетанымға «тозақ», «күна», «жаза» секілді 
христиандық идеялар енді. 
Әдеби
және далалық материалдар православиенің түрлі 
дәстүрге терең еніп қана қоймай, Таулы Алтай этностарына әсер 
етуінің түрлі қарқынын көрсетеді. Православтық менталитет 
кумандин, челкан, тубаларды және улаган теленгіттерін 
толықтай қамтыды, бұл православиенің олардың ортасына 


237 
ертерек енуімен және орыстармен тығыз көршілік, тұрмыстық 
пен туыстық қатынаста болуымен түсіндіріледі. 
Алтайлықтардың отбасылық дәстүрлі ғұрыптарына келсек, 
шаманизм мен бурханизмнің ықпалы дәрежесімен байланыс
-
тыралатын аумақтық
-
территориялық нұсқаларда сақталғанын 
айта кету керек. 
Православие ықпалының артуы ХХ
-
ХХІ ғғ. сай келеді. 
Нәтижесінде қалыптасып келе жатқан православтық ғұрып 
Таулы Алтайдың жергілікті халықтары арасындағы дәстүрдегі 
алуандықты жойып, дәстүрлі алтайлық және орыс 
православиелік элементтері үйлесім тапқан синкреттік 
отбасылық ғұрыптың қалыптасуына әкелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет