Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті
Гоеграфия және табиғатты пайдалану факультеті
Гоеграфия, кадастр және жерге орналастыру кафедрасы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: «Дерекқорлардың топологиясы»
Орындаған: Нургамзинова А.Е.
Қабылдаған: Абитбаева А.Д.
Алматы – 2023 жыл
Мазмұны:
Кіріспе...........................................................................................................3
І. Мәліметтер базасының негізгі түсініктері.............................................4-7
ІІ. ДҚБЖ функциялары...............................................................................8-10
ІІІ.Қорытынды..............................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................12
Кіріспе
Дерекқор, деректер базасы (франц. base, грек. basіs – негіз) – ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы. Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. .
Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру (ЭЕМ-нің жадында) ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ-мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерлік дерекқор деректерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдық жүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор арасындағы қарым-қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Басқару жүйесі пайдаланушының сұранысын қабыл алады да файлдық жүйеге қажетті бұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының қолдануына ыңғайлы түрге келтіріп береді.
Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшемі қабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып немесе осы жазуды іздейтін кілт («кілттік сөз») болады. Жазу тақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелерге біріктіріледі. Кілттер мен анықтамалық кестелер жасау дерекқордағы ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады. Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |