Ренессанс және Жаңа дәуір философиясы



бет4/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,95 Kb.
#90898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тақырып№5 2

Джордано Бруно (1548-1600 жж.). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол бір мезгілдегі болмыстың болу себебі және болмыс заттарының өзі. Бруно: «Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі құдай не құдай заттардың ішінде»,- дейді. Тұтастық материя түрімен үйлеседі, ал руханилығы денемен сәйкес болады. Материяға келетін болсақ, ол бұл жағдайда әлемдік заттардың басы мен соңы болады. Онда түр пайда болып, және жоғалады, материяның өзі мәңгілік, «себепсіз себеп» бола береді.
XVII ғасырда материализмнің жаңа отаны ағылшын елі болды. Бұл буржуазиялық революция жасаған алғашқы елдердің бірі еді. Жаңа заман материализмінің негізін салушы, схоластикаға қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон (1561-1626). Ол Жаңа Заман материализмі мен тәжірибелік ғылымының негізін қалаушы, «білім - күш, күш - білімде» деген қағиданы насихаттады. Оның еңбектері: «Ғылымдар табысы;», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».
Ф. Бэкон Лондонда жоғарғы қызметкердің отбасында дүниеге келді. 20 жыл бойы оның әкесі мөр сақтаушы, болып, өмірінің соңна, дейін мемлекет орындарында қызмет атқарады. Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған пікірдің әр түрлерінен, (идолдардан) елестерден құтылуды ұсынды. Ол елестердің 4 түрін көрсетті:
1. «Тектік» елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен шығады.
2. «Үңгір» елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік қажеттілік түрде қабылдауымен байланысты.
3. «Нарық» (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес не дәл емес сөздердің нәтижесінде туады.
4. «Театр» елестері беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге негізделген.
Ол танымның жолындағы кедергілерді алып тастауды ұсынады, адамды жаңа ақиқатты игеруге шақырады. Елестерді жоюдың негізгі құралы ─ тәжірибеге жүгіну және нақты деректерді ғылыми әдіспен талдау дейді. Мұндай бағытыэмпиризм деп атайды. Ақиқат әдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық (әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі, нақты бейнелер арқылы көрсету), әсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын әдіс-тәсілдермен шешеді. Оның пікірінше, танудың үш жолы бар: өрмекші, құмырсқа және ара жолдары. Бұлардың әрқайсында өзінің жағымды және жағымсыз жақтары бар:
«Өрмекшінің жолы» - ақиқатты «таза» санадан шығару әрекеті. Бұл жол фактілер мен шындықты менсінбейді. Мұндай әдіспен алатын қорытынды білім гипотеза, ғылыми болжам түрінде болады. Олар ақиқат немесе жалған болуы мүмкін. Бұл әдісті догмаларды ұстанушылар мен рационалистер қолданады. Өрмекшінің өрмегі секілді, олар да өз ақылдарын тоқиды.
«Құмырсқа жолы» - біржақты эмпиризм, тек фактілерді жинау. Эмпириктер құмырсқа секілді жекеленген фактілерді табандылықпен жинайды, бірақ бұл әдіс аз нәтиже береді, себебі зерттеуші зерттеу затының мәнін толық қорыта алмайды.
«Ара жолы» алғашқы екі әдістің жақсы жағын біріктіреді. Олардағы кемшіліктер қайталанбайды. Соның көмегінің арқасында эмпириядан теория көтеріледі. Өсімдіктердің гүлінен нектар жинайтын, оны балға айналдытын ара іскер болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет