12 Дәріс. Қалыптық әбзелді жасау технологиясы. Қалыпты жасау кезіндегі өңдеудің жалпы және арнайы әдістері.
Қалыптарды жасау технологиясы, оларды жасау уақыты және жабдықтың аз шығынымен берілген өнімділікті қамтамасыз етіп, қолдану кезінде шыдамды және жұмыста қауіпсіз болатын, техникалық талаптарға сай келетін бұйымдарды қалыптауға мүмкіндік беретін қалыптар сапасын қамтамасыз ету керек.
Қалыптау бағдарламасына және қалыптардың деформациялаушы тетіктерінің шыдамдылығына байланысты қалыптау әбзеліні жасаудың төрт жағдайын ажыратады:
1. Бағдарламаны орындау үшін бір қалып жеткілікті, қосалқы деформациялаушы тетіктерсіз. Бұл жағдайда жеке жасау принципі қолданылады.Сапа білдекшілер мен слесарлардың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етіледі.
2. Бағдарламаны орындау үшін қалыппен бірге қосалқы деформациялаушы тетіктер қажет. Бұл жағдайда қосалқы ауыспалы тетіктерді негізгі жиынмен бір уақытта жасайды және қалыпты сынау кезінде бірге сынайды және таңбалайды. Бұл жағдай кен таралған болып табылады.
3. Үшінші жағдайға үлкен масштабты өндрістер үшін бұйымдарды қалыптауды қамтамасыз ететін қалыптар жатады. Бұл жағдайда бірнеше бірдей қалыптарды жасайды. Мұндай қалыптарды қосалқы тетіктермен жабдықталған өзіндік жұмыстық жиын ретінде қарастыруға болады. Жұмыстық өлшемдердің барлық жиындар да қажет.
4. Тұрақты бұйымдарды жаппай өндіруге арналған қалыптар (электршамдарының цоколы, қысқы гильзасы және т.б.), мұндай қалыптарды жасау кезінде толық өзара ауысымдылық қамтамасыз етілуі қажет.
Жасалған қалыптардың жарамдылығы келесі тұрғыдан қарастырылу керек:
- тиісті бұйымды алуда қалыптың жарамдылығы;
- тұрақтылығына қатысты қалыптың жарамдылығы;
- қалып жұмысының тоқырасыздығы.
Қалыптарды жасау кезінде өңдеудің жалпы әдістері.
Токырлық өңдеу. Жонуды айналу денелері болып табылатын қалып тетіктерін жасау үшін қолданады. Жоуға арналған жабдық болып жону және жону-бұрамакескіш, бастысы әмбебап қолданылатын, дәлдікті, жоғары дәлдікті, аса жоғары дәлдікті білдектер табылады. Негізінен әмбебап құралдар қолданылады: қайта қайралмайтын және асақатты синтетікалық материалдармен жабдықталып қаттықорытпалы тілімше дәнекерленген кескіш. Өңдеу кезінде тетіктерді бекіту үшін әмбебап айналма үстелді, сфералық және басқада қиғаш беттерді өңдеу үшін айналу осіне қатысты ығысумен оған бұрышпен орнату үшін, қайта бапталатын айлабұйымдарды қолданады.
Сыртқы беттерді қаралдым өңдеу кезінде жону режимдері: беріліс 0,35…0,75 мм/об, жону жылдамдығы 0,8…1,6, м/с, жону терендігі 2…5 мм. Таза өңдеу кезінде беріліс 0,25…0,35 мм/об, жону жылдамдығы 1,8…3,3 м/с, жону терендігі 1 мм артық емес. Тесікті кеулейжону кезінде беріліс 0,1…0,6 мм/об, жону жылдамдығы 1,0…1,3 м/с (қаралтым өңдеу) және беріліс 0,15…0,35 мм/об, жону жылдамдығы 1,8…3,3 м/мин (таза өңдеу) жону терендігі сыртқы бетті өңдеудегі сияқты.
Келтірілген жону режимдерін қатты қорытпалармен T5K10 және Т15К6 жабдықталған кескіштерді қолдану кезінде, 35, 45, 50 маркалы және оларға өңделуі жағынан жақын болаттарды өңдеуде қолданады. Құралсаймандық көміртекті болаттарды өңдеу кезінде режимдерді 0,85 коэффициентін ескеріп, ал құралсаймандық легірленген болаттарды өңдеген кезде – 0,75 коэффициентпен төмендетеді.
Жалпақ және пішінді беттерді өңдеу үшін сүргілеуді қолданады. Сүргілеу үрдісі әмбебап көлденең- және бойлық-сүргілеуіш, пішінді-сүргілеуіш білдектерінде жүргізіледі. Соңғысы қалыптарды жасау кезінде және сотандар мен құрама ұяқалыптардың күрделі сыртқы пішіндерін сүргілеу үшін көп қолданылады. Бұл білдектердің көмегімен, кескіштін пішіннен қиғаш шығу нәтижесінде, жұмыстық пішіндері күрделі және негізі қарапайым сотандарды алуға болады. Күрделі пішінді сотанды пішінді-сүргілеуші білдекте өңдеу сұлбасы 12.1 суретте көрсетілген.
1- кескіш; 2 – кескіш аралықшасының осі; 3 – өңделетін сотан
12.1 сурет – Пішінді сотанды өңдеу сұлбасы
Пішінді тетіктерді өңдеудің жетілдірілген әдісі бағдарламалық басқарылатын білдектерде сургілу болып табылады.
Болат Р6М5 кескішпен өңдеу режимі: беріліс 0,3…1,0 мм/дв. жүріс, қию терендігі 1…8 мм болғанда қию жылдамдығы 0,25…0,67 м/с. Режимдер құрылымдық болаттарға келтірілген, аспаптық көміртекті және легірленген болаттарды сүргілеген кезде токарлық өңдеуге ұқсас төмендетіледі.
Жонғылауды қалыптың жұмыстық пен қосалқы тетіктерінің жазық және пішінді беттерін өңдеу кезінде кең қолданады және де әмбебап білдектерде орындайды: тік-жонғылау, консольді бойлық-жоңғылау, үлкенәмбебап тезкесетін қатты қорытпалармен жабдықталған саусақты, цилиндрлі, түпбетті және дискілі жонғыштармен.
Қалып ұяқалыптарда, сотанұстағыштарда, ажыратқыштарда және басқада тетіктерде жабық ішкі және сыртқы пішінді контурларын өңдеген кезде таза жонғылау қолданылады. Таза жонғылаумен өлшемдер дәлдігі 7-ші квалитет бойынша және беттін кедір-бұдырлығы Ra= 1,25 мкм дейін алынады. Таза жонғылау пішінді беттерді өңдеу кезінде өте қолайлы.
Әмбебаптан басқа арнаулы және арнайыландырылған жоңғылау білдектері қолданылады. Қалыптарды өндіруге қолданылатын арнаулы білдектерге нақыштайтын (гравировальные) және егеулейтін (опиловочные) жатады. Нақыштайтын білдектер сотандар мен ұяқалыптардағы және т.с.с. жазулар мен оюларды нақыштауға арналған. Білдектін жұмыс жасау принципі үлгінің үлкейтілген контурын пантографтын көмегімен нақты өлшемдерге дейін кішірейтумен көшіруге негізделген. Цифрлар мен жазуларды нақыштауды шрифтердін тұрақты үлгілер жиыны бойынша арнаулы жонғылармен орындайды. Егеулеу білдектері ұяқалып, сотанұстағыш, ажыратқыш және ұқсас тетіктердің ойықтарын механикалық егеуге арналған.
Екі көшірме бойынша көшіру әдісімен сотанды жонғылау сұлбасы, бір көшірме және тетік ілгерлемелі ал екінші көшірме айналмалы қозғалатын сұлбаны қолданып,12.2 сурет. Бірінші көшірме 10, контурыкүрделі беттерді өңдеу үшін жұдырықша түрінде, беріліс механизімімен 9 айналысқа келтіріледі. Екінші көшірме 1 осы беріліс механизімінен аунақша 11 арқылы ілгерлемелі қозғалыс алады. Көшірме 1 аунақша 2 арқылы сырғаққа 7 ілгерлемелі-кейінді қозғалыс береді. Үстел өңделетін тетікпен 3 тұғыр бойымен қозғалады, және тетік жоңғышпен 6 өңделеді. Беріліс сомыны бар бұрама 8 арқылы беріледі. Сырғақтар 4 пен7 тіреуіштер 5 бойымен қозғалады. Аунақша 11 мен көшірменің 10 тұрақты түйісуін теңсалмақ немесе серіппе көмегімен атқарады.
12.2 сурет – Июге арналған қалыптың сотанын жоңғылау сұлбасы
Көшірумен жұмыс жасайтын білдектерді қолдану әрбір типтегі тетіктер үшін көшірме жасауды талап етеді, ол көп уақытты алады. Қалып ұяқалыптарының пішінді ойымдарын өңдеу үшін бағдарламалық басқарылатың жону білдектерін, онда күрделі бедер көшірусіз өңделеді, қолдану тиімді болып табылады.
Қалыптарды жасау кезінде бұрандалы беттерді өңдеу екі жағдайда жүргізіледі: бекіту бұйымдарын жасау және сәйкесінше бекітетін бұйымдармен жанасатын тетіктерде бұранда салу.
Бекіту тетіктеріне бұранда салу бұрандаойғыш және бұрандакескіштердің көмегімен жүргізіледі. Сондай ақ бекіту тетіктерімен жанасатын тетіктерге де бұранда салынады.
Координатты жону. Координатты жону әдісі мынаған негізделеді, үстелге бекітілген тетік, білдектін айналдырығына бекітілген жұмыстық құралдың осіне перпендикуляр жазықтығында қозғалады; тетіктін қозғалысы тікбұрышты координаттар әдісімен жүргізіледі.
Ажарлау. Ажарлау – қалыптарды жасау кезіндегі тетіктерді өңдеудің маңызды әдістерінің бірі. Беттін қажетті кедір-бұдырлығы мен дәл өлшемдерді алуға ажарлаудың бірнеше түрлерімен жетуге болады.
Ажарлатқыш шарықтас ажарлатудың негізгі құралы болып табылады. Қалыптарды өндіру кезінде жазық, ішкі дөңгелекті, сыртқы дөңгелекті және пішінді ажарлау қолданылады.
Қалыптарды өндіруде қолданылатын ажарлау білдектерін жалпы қолданысты (аспаптық және басқада өндірістерде қолданылатың) және арнайы қолданылатын (аспаптық өндірісте көп қолданылатың) деп юөледі. Арнайы білдектердін қатары қалып және баспақ-пішін тетіктерін өңдеуге арналған.
Жалпы қолданылатың білдектерге жазықажарлау және шеңберажарлау жатады. Соңғылары сыртқы және ішкі немесе әмббап ажарлауға, және де центірсіз-ажарлауға арналған болады.
Қалып және баспақ-пішін өндірісінде қолданылатын арнайы ажарлау білдектеріне пішінажарлау және координатты-ажарлау жатады.
Бақылау сұрақтары:
Айналу денелері типтес тетіктерді өңдеу тәсілдері, қолданылатын жабдықтар?
2. Сүргілеуді қолдану аймағы?
3. Жону кезінде алынатын өлшем дәлдігі мен беттін кедір-бұдырлығы?
4. Көшірумен жұмыс жасайтын білдектердің артықшылықтары мен кемшіліктері?
Ұсынылған әдебиеттер: Нег.3 [28-95]; қос.4 [196-206].
13 Дәріс. Қаңылтыр қалыптауға арналған қалыпты жасау технологиясы. Қалып жиынтығы. Нормаланған тетіктер.
Қалыптарды жасау талаптарын анықтайтың негізгі құжаттама болып МЕСТ 22472—77 «Қаңылтыр қалыптау қалыптары. Жалпы техникалық шарттар» табылады. Ол нгізгі тетіктін материалына, олардың дәлдігіне және бет кедір-бұдырлығына, бастапқы дайындамаларға, құрастыруға техникалық талаптарды тағайындайды, қолданылатын жиынтықтардың дәлдігін, қалыптарды қабылдау ережелерін және бақылау әдістерін, таңбалау мен орау ережелерін анықтайды. Қажетті шыдамдылық пен қорды қамтамасыз ету қалыпты жасау технологиясымен, тетік өлшемдерінің дәлдігімен және олардың бетінің кедір-бұдырлығымен анықталады.
Қалыпталған әбзел технологиялық катра және тетіктін сызбасы негізінде жобаланады, онда барлық қажетті мәліметтер болуы тиіс.
Қалыптарды жеке жобалайды және жасайды. Мұндай қалыптардың тетіктері мен түзілімдері қайта қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |