С температурада сүттің бактерицидтік қасиеті үш сағатқа, 15


Ұйытқының пайда болу әдісі



бет31/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#80676
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
сүзбе технологиясы

Ұйытқының пайда болу әдісі бойынша сүзбені алудың екі тәсілін ажыратады: қышқылды – мәйекті, онда ұйытқы пайда болуында сүтте қышқылдан басқа сүт орайтын фермент қатысады; қышқылды, онда ұйытқы тек қана сүтті қышқылдың әсерімен пайда болады; қышқылды – мәйекті тәсілмен майлы, жартылай майлы және майлы емес сүзбені өңдейді. Сүзбелік ванналарға мезофильді және термофильді сүтқышқылды стептококтардың таза азықтық 1 - 5% ашытқысын енгізеді. Шапшаңдатылған тәсілдеде сүтті 35 - 38 º С температураға дейын суытады. Ашытқыны енгізгеннен кейін мұқият араластырады. Содан кейын 1000 кг ашытылған сүтке 400 грамм есебімен, 30 - 40% - дық сусыз СаСl - дың ерітінді түрінде қосады және 10 грамм сүтке 1 грамм (препараттың белсенділігі 100000 бірлік ) есебімен мәйекті ферментті немесе пепсинді енгізеді.

5- сурет. Технологиялық үрдіс келесі операциялардан құрылады:


Сүтті қабылдау және әзірлеу



Сүтті сепаратордан өткізу



Нормаланған сүттің қоспасын құрастыру

Пастерлеу

Ашыту

Ұйытқыны бөлшектеу

Сарысуды бөлу және ұйытқыны бөліп құю

Ұйытқыны өзіндік сығымдау және сығымдау

Сүзбені салқындату

Орау және буып – түю.

Сүтті 58 - 60ºТ майлы және жартылай майлы 66 - 70ºТ майлы емес сүзбе үшін қышқылдыққа дейін ашыту қажет. Дайын ұйытқыны 2 сантиметр шамасында мөлшермен кішкене текшелерге сымды пышақтармен тіледі. Ұйытқыдан сарысудың бөлінуі және онда қышқылдықтың өсуі үшін 30 – 40 минутқа қимылсыз күйге қояды.


Сарысудың дұрыс бөлінбеуі жағдайында 36 - 42ºС кезінде 20 – 30 минут ішінде ұйытқының жылытуын жүргізеді. Жылытуды біртіндеп жүргізеді ( 3 – 4 минутына 8ºС ). Бөлінген сарысуды сифон арқылы ваннадан өткізеді.

Ваннаның түбінде штуцер арқылы ұйытындыны лавсанды қапқа құяды, қапты 70% - ға толтырады. Қаптарды өзіндік сығымдалуы үшін пресс – арбаға бірінің үстіне бірін байлайды және төсейді. Өзіндік сығымдалғаннан кейін ұйытқыны сығымдайды. Қаптарға металды пластинаны қояды, оған престі қойып бұрандасын қысады.


Сүзбені Г.А. Митрофанов жүйесінің қондырғысында сығымдауға және салқындатуға болады. Бұл қондырғы барабанды ( екі қатаң тік қойылған қабырғалар және құбырлы колпектор ) білдіреді. Бүйірлі беткі бөлігін перфорацияланған жылжытылатын қақпақ құрайды. Барабанның орталығында бос дуал өтеді. Ұйытқыны сығымдау үшін сонымен қатар ротационды перфорацияланған барабанды қолданады.


Сүзбелерді брикеттерге бөлшектеу карусельді және ленталы автоматтарда жүргізіледі. Пергамент немесе фольганың лентасына автомат бөлшектеудің мерзімін түсіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет