С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география


§7-8. Сараланған сұрақтар



бет18/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география


§7-8. Сараланған сұрақтар





  1. бөлім. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

    1. Жалпыгеографиялық әдістер

Сабақтың тақырыбы

9-10. Географиялық сараптама

Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу
жоспарына сілтеме)

10.1.1.4 Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама элементтерін қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Географиялық сараптама» ұғымын және тұжырымдама мәнін зерттейді.
Оқушылардың көпшілігі: Сыныптағы көмірқышқыл газының мөлшерін анықтайды және қорытындылайды.
Кейбір оқушылар: Өз көзқарасын дәлелдейді.

Бағалау өлшемдері

  • «Географиялық сараптама» ұғымын және тұжырымдама мәнін түсіндіреді.

  • Сыныптағы көмірқышқыл газының мөлшерін анықтайды және қорытынды жасайды.

  • Өз көзқарасын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттары

Оқу дағдысы: ғылыми мәтінмен жұмыс
Жазу дағдысы: глоссарий құрастырады, есептеулер жүргізеді
Негізгі тірек сөздер тізбегі: географиялық сараптама, экологиялық-географиялық сараптама, табиғи қоршаған орта, мемлекеттік экологиялық сараптама, жекеменшік экологиялық сараптама

Құндылықтарды қалыптастыру

Экологиялық тәрбие

Пәнаралық байланыс

Математика, экология

Тақырып бойынша алған
білімдері

Сандық әдістер

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Көрнекілік

Сабақтың басы
10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта қолайлы ахуал қалыптастыру.
Топтарға бөлу. «1, 2, әдісі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жұппен тақырыптың негізгі ұғымдарын қайталау, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жазбаша жауап. Өзін-өзі, өзара бағалау.
Дескриптор:__Тақырыптың_негізгі_ұғымдарын_біледі.__Термин_мен_ұғымдарды_сәйкестендіреді.__ҚБ.'>Дескриптор:

  1. Тақырыптың негізгі ұғымдарын біледі.

  2. Термин мен ұғымдарды сәйкестендіреді.

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.
Тірек етістіктер көмегімен мақсатты қалыптастыру.
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады және оқушыларға тірек етістіктердің көмегімен мақсатты қалыптастыруды ұсынады: оқу, білу, білік, анықтау, жалпылау, бекіту, дәлелдеу, салыстыру, талдау, қорытынды шығару, жүйелеу және т.б.

Үй тапсырмасын тексеру үшін сұрақтар. Әртүрлі географиялық әдістерге карточкалар.
Етістіктермен слайд

Сабақтың ортасы 20 мин

Жаңа материалды меңгеру. (Ж) 1-тапсырма
§ 9-10 тақырыпты оқы, «географиялық сараптама» тақырыбына глоссарий құрастыр. Жаңа ұғымдар мен терминдер тізіміне кемінде 10 атау көрсет.
Дескриптор:

  1. Мәтінді оқиды, кемінде 10 ұғым мен термин тізімін құрастырады.

  2. Глоссарийді дәптерге рәсімдейді.

ҚБ. Өзара бағалау
Жұмысты орындау бағасы «+», «-»
(ТЖ) 2-тапсырма
Топта жұмыс істей отырып, жұмысты орындау шарты бойынша көмірқышқыл газының мөлшерін анықта. Оқу аудиториясында СО2 ШРК мөлшеріне санитарлық-гигиеналық қорытынды жаса. Көмірқышқыл газын азайту бойынша шаралар ойластыр. Нәтижелерін постерге толтыр. Жұмысты таныстырылым жаса. Басқа топтың жұмыстарын ПОПС формуласымен бағала.
1-топ: оқу бөлмесінде (аудиторияның ұзындығы
– 8 м, ені – 6 м, биіктігі – 3 м. 20 оқушы, сабақтың ұзақтығы 40 мин)
2-топ: спортзалда (ұзындығы – 17,5 м, ені – 8,5 м, биіктігі – 6,5 м, 40 оқушы, сабақтың ұзақтығы

Оқулық

Постер дайындау үшін үлестірме материалдар.

Тапсырманы орындау шарттарымен слайд.


Тапсырмалар парағы




40 мин)
3-топ: концерт уақытындағы оқушылар залы (ұзындығы – 12 м, ені – 6 м, биіктігі – 3 м, 80 оқушы, ұзақтығы 60 мин)
Орындау шарты:

  1. Аудиторияның көлемін анықта.

Мысалы: аудитория ұзындығы – 10 м, ені – 5 м, биіктігі – 3,5 м.
(Көлемі – 10 м х 5 м х 3,5 м = 175 м3.)

  1. Адам қалыпты жағдайда орта есеппен сағатына 20 л көмірқышқыл газын, ал белсенді жағдайда сағатына 40 л көмірқышқыл газын бөлетіні белгілі. Орта мәнін алыңдар – сағатына 30 л.

  2. Мысалы сыныпта 1,5 сағатта 25 адам оқиды. 1,5 сағатта 25 оқушының тыныс алған ауасының көлемін анықта:

30 ағ/л х 1,5 сағ х 25 адам = 1125 л.

  1. Қалыптасқан көмірқышқыл газын литрден м3 айналдыр. 1 л 0,001 м3 құрайтыны белгілі.

1125 л х 0,001 м3 = 1,125 м3.

  1. Көмірқышқыл газының концентрациясын есепте: қалыптасқан көмірқышқыл газының көлемін аудитория ауданына бөл, алынған нәтижені

100% - 1,125 м3: 175 м3 х 100% = - 0,64% көбейт.

  1. Көмірқышқыл газы үшін шекті рауалы концентрация (РШК) 1% құрайды, бірақ 0,1%- дақысқамерзімді тыныс алу нәтижесінде адамда демалу және қан айналымы бұзылуы мүмкін.

Дескриптор:

  1. Оқу аудиториясының көлемін анықтайды.

  2. Ауаның көлемін анықтайды.

  3. Қалыптасқан көмірқышқыл газын литрден м3 аударады.

  4. Көмірқышқыл газының мөлшерін анықтайды.

  5. Оқу аудиториясындағы СО2 РШК мөлшеріне санитарлық-гигиеналық қорытынды жасайды.

  6. Оқу аудиториясында көмірқышқыл газының мөлшерінің алдын алу шараларын құрастырады. ҚБ. Эталон бойынша өзін-өзі бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет