С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет112/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
14.2-сурет
Әр иммуноглобулин кластарының кұрылысы бойынша ерек- 
шеліктері


14-Тарау. Адаптивті иммунитеттің гуморалды механизмдері
229
ИММУНОГЛОБУЛИНДЕРДІҢ СИНТЕЗІНІҢ 
ГЕНЕТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАНУЫ
Иммуноглобулин молекуласы ауыр және жеңіл тізбектерден тұрады. 
Олар өз кезегінде вариабельді және константты бөліктен тұрады. Екі 
негізгі вариабельді (V) және тұракты (С) топ гендерінің бакылауында. 
У-гендердін көлемі көп, ал С-гендердің көлемі аз. С-генінің екеуі 
х- және Х-түрлері тұракты женіл тізбектің домені, ал тағы тоғызы 
иммуноглобулиннін изотипінін ауыр тізбегін синтездейді (С См С ,2 
С з Ч 4 с в Са1 Са2 Св).
Пісіп-жетілмеген В-жасушаларында V және С гендері бір хромо- 
сомада орналаскан, бірақ алыс аракашыктықта. Пісіп-жетілгеніне 
байланысты арасындағы аракашыктык азая бастайды және олар 
қосылады, нәтижесінде генді сегмент түзіледі және ол ақпарат окылған 
жағдайда иммуноглобулиндердің ауыр және жеңіл доменінің синтезі 
жүреді. Осы түзілген рекомбинация аркылы В-лимфоциттердің көп 
түрлі клондары пайда болады.
Жеңіл х-тізбектерді кодтайтын гендер адамда 22 хромосомада жеңіл 
а-тізбек 2 хромосомада орналаскан, ал иммуноглобулиндердің барлык 
изотиптегі ауыр тізбекті кодтаушы 14 хромосомада орналаскан. х- және 
к-
жеңіл тізбек гендер тұкымдастығы V, 1 және С гендік сегменттері 
бар. х- жеңіл тізбегінде V сегменті — 41 тен, 1 сегмент — 5. а — жеңіл 
тізбегінде V сегменті — 34,1 сегмент — 5.
Жалпы лимфоидты бастаушы — В-жасушаларының дифференция- 
лану үдерісі сүйек кемігінде гендер реарранжировкасы, ол өз кезегінде 
иммуноглобулиннің женіл тізбегін кодтайды, бұл жерде сегменттердің 
кездейсоқтранслокациясы мен интеграциясы ауысуы мен бірігуі жүреді, 
V- және 1-сегменттері кодталады, нәтижесінде иммуноглобулиндердін 
У-доменің жеңіл 
тізбегін 
кодтайтың 
ажырамайтын 
интронды 
функционалды УІ-генді сегмент түзіледі. Соңында әрбір түзілген VI — 
генді сегмент С — генмен байланысады. Ол әрдайым жеңіл тізбектің 
доменін кодтайды. Нәтижесінде әр түрлі спецификалык жеңіл тізбектін 
көп түрлілігін синтездейді.
Ауыр тізбек гендер тұқымдастығының V, Э, 1 және С гендік сегмен- 
тері бар. Дифференцировка үдерісінін нәтижесінде реарранжиров- 
каға ұшыраған \ТП - генді сегменттер ауыр тізбектің вариабельді 
доменін кодтайды. С-генді сегмент ауыр тізбектің тұрақты бөлік- 
шелерін кодтайды, олар өз кезегінде иммуноглобулиндердін изотипін 
анықтайды. Функционалды ҮН0 Н3Н сегменттердің саны адамның


230
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
ДНҚ-да: 65 УН270Н6.ІН. Бұлардан баска функционалды емес сегменттер 
бар, олар псевдогендер деп аталады. Кездейсок рекомбинация 
нәтижесінде 4 8УН генді сегменттер 2ЭОн және 63н сегменттермен 
В-жасушаларының дифференцировкасы нәтижесінде 48x23x6 = 6624 
спецификасы түрлі У-доменнін ауыр тізбегі түзіледі.
Мүмкін болатын У-доменнің ауыр тізбегінін нүскалары мен женіл 
домендердін косындысы және ата-анасынын геномынын косындысы 
2,5х Ю8 ден 1010-ға жетуі ықтимал. Қорыта келсек, иммуноглобулиндер 
генінін реарранжировка нәтижесінде түзілген В-лимфоциттер клон- 
дарының саны теориялык жағынан спецификалык антиденелер са- 
нына сәйкес келуі мүмкін. Ол 108-1 0 9 кұрайды. Осындай вариабельді 
деңгей теориялык тұрғыдан табиғи В-жасушаларының эпитопы 
санынан асады.
Гендердің (жеңіл және ауыр тізбектер) бірізділігінің сонында 5” 
локализацияланған экзон бар, ол сигналды немесе лидерлі пептидті 
кодтайды, ол өз кезегінде синтезделген ауыр және жеңіл тізбектердін 
эндоплазмалык ретикулум аркылы Гольджи жүйесіне өтуіне жол 
ашады. Ол жерде ауыр және женіл тізбектің бір молекуласына косылу 
алдында сигналды пептид ажырайды.
Иммуноглобулиндердің 
ауыр 
тізбегінің 
реорганизациясының 
жалпы схемасы жеңіл тізбектіге ұксас. Ерекшелігі, тоғыз С-гендер 
бар, ал ол өз кезегінде ауыр тізбекті иммуноглобулиндердің әр түрлі 
изотиптерінің учаскелерін кодтайды. УОД-ге ндердін сегменттері С6 
Сц Сү Сү Са Са2 С8 гендердін катарымен бірігуі В-лимфоциттін сол 
бір клонның алмасуымен түсіндіріледі. Иммуноглобулиндердің синтезі 
мен секрециясы үдерісінде міндетті түрде гендердің ауыр және женіл 
тізбектерінің рекомбинациясы жатады, бұл үдеріс интрондардын 
кырқылуымен және экзондардың транскрипциямен жүруімен сипат- 
талады, нәтижесінде жетілмеген пре-м РНҚ түзіледі. Одан кейін 
пре-мРНҚ сплайсингі жүреді, үдеріс интрондардын кыркылып, экзон- 
дардың тігіліп жетілген мРНҚ түзіледі және акпарат окылған жағдайда 
нәруыз синтезі жүреді. Осылай жеңіл тізбекті иммуноглобулиндердін 
синтезі өтеді.
Ауыр тізбекті иммуноглобулиндердің генетикалык бакылау синтезі 
альтернативті сплайсинг механизмі бойынша жүреді. Альтернативті 
сплайсинг кезінде бүкіл интрондармен коса кейбір экзондар 
кыркылады. Нәтижесінде ДНҚ учаскесінен акпарат окылған жағдайда 
мРНҚ бірнеше түрлері пайда болады және оның матрицасында өзгеше 
нәруыздар синтезделеді. Альтернативті сплайсинг механизмі бойынша


14-Тарау. Адаптивті иммунитеттің гуморалды механизмдері
231
пре-мРНК процессингі жүреді, нәтижесінде әр түрлі изотиптегі имму- 
ноглобулиндер түзіледі. Бұл үдеріс кезінде (белгілі бір спецификасы 
бар иммуноглобулин молекуласынын ауыр тізбегін түгел кодтайды) 
жетілген мРНҚ молекуласында тоғыз С-гендерден біреуі ғана калады, 
иммуноглобулиннін бір ғана изотипін кодтаушы, сол кезде С-гені 
кыркылып, олар болса калған сегіз изотипті кодтайды. Изотиптін ауы- 
су үдерісінде жетілген мРНҚ-да экспрессияланатын С гендер өзгереді: 
Сц-ден Са дейін.
Бұл механизм мембраналы және секреторлы иммуноглобулин 
формаларының синтезі негізінде жатыр. І§М ауыр тізбегінін синтезін 
бакылаушы локустын күрамына екі мамандандырылған экзон кіреді 
(М, және М2). Олар І§М мембрана байланыстырушы рецепторлы ауыр 
тізбектін трансмембраналык және цитоплазмалык учаскілерін кодтай- 
ды. Ол өз кезегінде рецепторлы І§М молекуласының В-жасушасынын 
мембранасы енуін камтамасыз етеді. Секреттелетін мономерлі І§М 
түрінде бұл учаскілер болмайды.
Тұкымкуалайтын иммуноглобулиндердін гендерінің кездейсок ре- 
комбинациясынан баска В-лимфоциттерінін клондарынын түрлілігіне 
түзілу үшін соматикалык гипермутация (тек У-домен үшін) үдерісі үлес 
косады. Бұл үдеріс В-лимфоциттердін көбею үдерісінде герменативті 
лимфоидты фолликуллалардың орталығында болады және сәйкес 
келетін антиген аныкталған кезде ғана жүзеге асады.
І£ изотиптері, аллотиптері және идиотиптері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет