С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау АДАПТИВТІ ИММУНИТЕТТІҢ



Pdf көрінісі
бет120/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
15-Тарау
АДАПТИВТІ ИММУНИТЕТТІҢ 
ЖАСУШАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Адаптивті иммунитеттің Т-жасушалык звеносы, оның кызметтері.
Т-лимфоциттердің 
антигентәуелсіз 
дифференцировкасы. 
Т-лимфо-
циттердің тимустағы он және теріс сұрыпталуы, олардын маңызы.
Реттегіш Т-лимфоциттердің түзілуі. «Анкау» және эффекторлык Т-лим-
фоциттер. Т-лимфоциттермен антигендердің танылуы. СБ4+ Т-хел-
перлердің антигентәуелді дифференцировкасы. Тхі мен Тх2 функционал-
ды ерекшеліктері. Тх17, олардын дифференцировкасы мен кызметтері.
Реттегіш СЭ4+Т-хелперлер, олардын субпопуляциясы және кызметтері.
С 08+ цитотоксикалык Т-лимфоциттер дифференцировкасы, олардын
әсер ету механизмі. Т-зерде жасушалары. Супрессор-жасушаларынын
адаптивті иммунды жауаптағы маңызы. Маманданған лимфоциттер суб-
популяциясы (ГЧК-жасушалары, ІЧКТ-жасушалары, үбТ-лимфоциттер)
және олардын кызметі.
Адаптивті иммунитеттің жасушалык иммунитет жүйесі (Т-жүйесіне) 
адаптивті иммунитеттің бір бөлігі болып табылады. Оған ізашар 
Т-лимфоциттердің негізгі дамитын тимус (адаптивті иммунитеттің 
Т-жасушалық звеносының орталык мүшесі), адаптивті иммунитет 
жүйесінің шеткі мүшелерінде басымырак түрде Т-лимфоциттер орна- 
ласатын аймактар (Т-тәуелді аймактар), Т-лимфоциттердің әр түрлі 
функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, цитотоксикалык және 
реттегіш лимфоциттер), сонымен катар осы жасушалар өндірілетін ци- 
токиндер (лимфокиндер) кіреді.
Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларынын клонда- 
ры, олардын он және теріс сұрыпталу үдерістері, Т-жасушаларынын 
функционалдык әр түрлі негізгі екі субпопуляциясы калыптасады: 
С 0 4 + және С 0 8 + Т-лимфоциттер. Шеткері мүшелерде 
аңқау Т-лим-
фоцитшер
антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабар- 
лы жасушалармен әсерлесу кезінде 
адаптивті иммунды жауаптық
қалыптасуына, реттелуіне және оның жузеге асуына қатысады.


15-Тарау. Адаптивті иммунитеттің жасушалық механизмдері
247
Т-лимфоциттер рециркуляция удерісіне белсене катысады, осы 
үдерістін аркасында адаптивті иммунды жүйенін кызметтерінін инте- 
грациясы, сонымен катар иммунды бакылау кызметі жүзеге асады.
Адаптавті 
иммунитеттің 
Т-жасушалық 
звеносының 
негізгі
қызметтері.
• Жасуша.іық турдегі адаптивті иммунды жауаппен
камтамасыз ету 
адаптивті иммунитеттің Т-жүйенін негізгі кызметі: Т-лимфоциттер 
генетикалык бөгде жасушаларға (мутантты және ісік жасушалары, 
вируспен закымдалған жасушалар, бөгде трансплантат жасушасы 
және т.б.) цитотоксикалык әсер етеді. Одан баска Т-лимфоциттер 
кейбір антигендерге карсы 
фагоцитарлық турдегі
жауапты 
калыптастырады.
• Т-лимфоциттер 
табитатта кездесетін көпшілік антигендерді
тануга 
жэне жасушалық, 
гуморалды 
иммунды жауаптың
қалыптасуында
басты кызмет аткарады.
• Т-лимфоциттер 
адаптивті иммунды жауапты реттеуде
маңызды 
кызмет аткарады. Бүл үдеріске, ең алдымен, әр түрлі түрдегі 
иммунологиялык серпілістерді ынталандыратын және тежейтін 
Т-хелперлер мен реттегіш Т-лимфоциттер өздері өндіретін 
лимфокиндерінің көмегімен катысады.
• Т-лимфоциттер 
иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына
жэне оның сақталып туруына қатысады. Иммунологиялық
төзімділік
дегеніміз организмнін меншікті антигендеріне карсы 
арнайы иммунологиялык ареактивтілік.
•Жетілген эффекторлы Т-лимфоциттер 
иммунологиялық зерде,
яғни организм антигенмен кайтадан кезедескен жағдайда иммун- 
ды жауаптың жылдам қалыптасу кызметін аткарады.
Т-ЛИМФОЦИТТЕРДІҢ ДИФФЕРЕНЦИРОВКАСЫ
Т-лимфоциттердің дифференцировка үдерісінде екі негізгі кезең 
бар: антигентәуелсіз және антигентәуелді дифференцировка.
Т-лимфоциттердің 
антигентэуелсіз дифференцировкасы
тимуста 
өтеді, оған ізашар Т-лимфоциттердін (іТ) тимуска өтуі, тимоциттердің 
пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т-лимфо- 
питтердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (МНС антигендері 
бойынша рестрикцияланған клондардын сакталуы және организмнін 
өз антигендерімен әсерлесуге кабілеті бар клондардын жойылуы), 
бір-бірінен кызметі мен беткей СО-маркерлері бойынша ажыратыла-


248
III Бөлім. Адалтивті иммунитет
тын Т-лимфоциттердін әр түрлі субпопуляцияларының калынтасуы 
жатады.
Антигентәуелді дифференцировка
үдерісі кезінде тимустан шыккан 
жетілмеген лимфоциттер сәйкес келетін антигендер клондарымен 
кездеседі және оларды антиген таныстырушы жасушалармен біріге 
аныктау аркылы біркатар керекті стимулдарды алады. Нәтижесінде 
Т-лимфоциттер көбейеді және жетілген эффекторлы Т-лимфоциттерге 
дифференцияланады (хелперлер, 
реттегіш Т-лимфоциттер және 
цитотоксикалык Т-лимфоциттер). Олар сол антигенмен кайта кезде- 
скен жағдайда оны өз бетімен аныктайды және иммунолоі иялык жау- 
апты калыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет