Практикалық сабақ №28-29
Тақырыбы:
Экологиялық туризм географиясы (жекелеген аймақтар мысалында)
Жоспары:
1. Экотуризм географиясы
2. Негізгі мақсаты бойынша экотурлардың түрлері
Мақсаты:
Экологиялық туризм географиясы туралы жалпы ақпарат беру
Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс өріс алуда, сол себепті оны сақтау үлкен мәселеге
айналуда. Бұл жағдайды жою үшін экотуризм мен ауылдық туризм үлкен сұранысқа ие болуда.
Туризмнің екі бағытын дамытудың арқасында экологияны тұрақтандыруға қол жеткіземіз.
Экотуризм географиясы «Экологиялық туризм» термині өте жиі қолданылады, бұл
жағынан онымен теңестіруге келетін ұғымды табу оңай емес. Экотуризм туризмнің бұқаралық
түрлеріне баламалы болып табылады және бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін келешек
ұрпақтарға зиян келтірмей қанағаттандыру қағидасына сәйкес келеді. Қазіргі таңда экотуризм
туризмнің ең қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі, бұл жайт қоғамдық сананың
экологияландырылуының бір көрсеткіші болып табылады.
Ұлттық парк – табиғатты қорғау мен рекреациялық функцияларды атқаратын
қорғалатын табиғи аумақтардың жалғыз түрі. Ұлттық парк – ерекше экологиялық, ғылыми,
тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының
бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын
сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, туристік және рекреациялық
мақсаттарда пайдалануға арналған табиғатты қорғау және ғылыми мәртебесі бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақ.
Экологиялық туризмнің өте қарқынды дамуына қарамастан, әлемдік туристік
нарығындағы үлесі, ЮНВТО сарапшыларының мәліметтері бойынша 7-10%-дан аспайды.
Мұның себебі стандарттық туристік қызмет көрсетулер тұтынушысының «экологиялық» деген
сөзді демалыстың жайсыз жағдайымен байланыстыруында болуы тиіс.
Экотуризм қағидалары
Экологиялық туризм:
1)Табиғатқа беті ашық және көбінесе, табиғи ресурстарды пайдалануға негізделуі;
2)Біздің тіршілік ортамызға зиян келтірмейтін немесе оны мүмкіндігінше азайтатын,
яғни экологиялық тұрақты болуы;
3)Міндетті түрде экологиялық білім мен ағартуға, табиғатпен үйлесімді қатынасты
қалыптастыруға бағытталуы;
4) Жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуы туралы қам жеуі;
5)Экономикалық тарапынан тиімді және іске асырылатын аудандардың тұрақты
дамуын қамтамасыз етуі тиіс.
Экотуризмнің екі түсіндірмесін: тар және кең анықтамасын айыру қажет. Экотуризмнің
тар түсіндірмесі Канада, АҚШ, Аустралия сияқты кең байтақ елдерде басым, мұндай
көзқараспен ең алдымен «жасылдар» келіседі. Ал кең түсіндірмені «жабайы табиғат»
ресурстарына тапшы Батыс Еуропа елдерінің туризм сарапшылары мен зерттеушілері
қолдайды. Сондықтан экотуризмнің бірінші моделі «аустралиялық», ал екіншісі
«батысеуропалық» деп аталуы мүмкін.
Экотуризм түрлері Экотуризмнің көптеген түрлерін екі негізгі классқа бөлуге болады:
1. 1.Ерекше қорғалатын табиғи территориялардағы және «жабайы», бұзылмаған немесе
шамалы өзгертілген табиғат жағдайындағы экотуризм Ерекше қорғалатын табиғи
территориялардан ьыс жердегі, мәдениттелінген несеме мәдени ландшафт кеңістігіндегі
экотуризм.
Негізгі мақсаты бойынша экотурлардың мынадай түрлерін атауға болады: - -жабайы
немесе мәдениеттелінген табиғатты байқау және зерттеу, сонымен бірге экологиялық оқыту; -
-қоршаған табиғат ортасында эмоциялық және эстетикалық мақсаттағы демалыс; - -табиғи
факторларды пайдаланып, сауығу; - -спорттық және шытырман оқиғалық мақсаттардағы
турлар. Тур бағдарламасының мазмұны және ұйымдастыру формасын анықтайтын негізгі
объекті бойынша экотурлар: - -ботаникалық, зоологиялық, геологиялық және т. с. с. турларға;
- -экологиялық-мәдени турларға; - -агротурларға; - -спелеологиялық, судағы турларға, таулы
турларға және т. с. с. бөленіді.
Ауылдық туризм географиясы Ауылдық өмір салты мен жергілікті салт-дәстүрлерге
баулу, аграрлық жұмысқа қатысу және жергілікті тұрғындармен жүздесу, малды күту, ауыл
табиғи ортасында демалу, әртүрлі спорттық ойын-сауықтар – қазіргі таңда осының барлығын
ауылдық туризм ұсына алады.
Ауылдық туризм анықтамасы жайлы көзқарастар Туризм туралы ұғымдар жүйесіндегі
қатаң иерархияны ұстану қажет. «Ауылдық аумақтағы туризм» ең жалпы ұғым болып
табылады, оны «ауылдық туризм» ұғымынан айыру қажет. Мұнда ауылдық аумақ түсінігін
туризм түрлерінен оқшаулау белгісі бойынша жіктеудің оңтайлы нұсқасын табу үдерісіндегі
маңызды көрсеткіш деп атауға болады
Ауылдық аумақ дегеніміз – қоныстанудың белгілі бір сандық критерийлеріне сәйкес
келетін, ауылшаруашылығының халыө еңбегінің басты саласы ретіндегі басым дамуымен және
ауылдық өмір салтымен сипатталатын аумақтардың жиынтығы.
«Ауылдық туризм» – ауылшаруашылығымен немесе орман шаруашылығымен,
егіншілікпен немесе мал шаруашылығымен байланысты, табиғи және мәдени аттракцияларды
немесе ауыл тұрғындары өмірінің артықшылықтарын пайдалану арқылы аулыдық аймақтағы
саяхат кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы.
«Ауылдық аумақтағы туризм» – туризмнің ауылдық әкімдік бірліктері аумақтарында
іске асырылатын түрлері, бірақ олар қоныстану, өлкетану, тіпті, функциялық жағынан
ауылшаруашылығымен міндетті түрде байланысты болмауы да мүмкін. Мысалы, туристік
қалаландыруға ұшыраған ауылдар мен ауылдық аумақтар, ауылдық курорттар, саяжайлық-
бағбандық шаруашылықтар, арнайы сауықтыру-спорттық лагерьлер, ұлттық парктер мен басқа
қорғалатын аумақтар.
«Агротуризм» – адамдардың жұмыс істеп тұрған ауыл-шаруашылық кәсіпорнына
саяхат жасауы кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы; мұндай
саяхаттарды кәсіпорын иелері өз ресурстарымен бірге айналаның туристік қызықтыратын
жерлерін пайдаланып, ұйымдастырылады. Ауылдық туризмнің мұндай түрлерімен тыныштық
іздейтін және ауыл өмірі мен салттарына қызығушылық білдіретін адамдар айналысады.
«Энотуризм» - басты түрткісі жүзім егісіне, шарап өндірісі орындарына бару, шарап
мерекелеріне қатысып, дәмін тату, жүзім өсіретін аудандарды тану болып табылатын
адамдардың агротуристік шаруашылықтарға саяхат жасау кезінде пайда болатын қатынастар
мен құбылыстар жиынтығы.
Ауылдық аумақтың территориялық орналасуына байланысты, ауылдық туризмнің
туризмнің басқа түрлерімен үйлесімділігін шартты географиялық типтерін атауға болады: - -
туризмнің континентік типі теңізбен шайылмайтын ауқымды ішкі аумақтарды қамтиды,
ауылдық туризм көбінесе, танымдық және спорттық туризммен үйлеседі; - -теңізжағалаулық
тип ауылдық, танымдық және шомылу- жағажайлық туризмнің үйлесуімен ерекшеленді; - -
аралдық тип – ауылдық және шомылу жағажайлық туризмнің үйлесуі басым.
Ауылдық туризмді ұйымдастырудың ұлттық модельдері Британдық модель; Француз
моделі; Герман моделі; Итальяын моделі.
Шетелдік Еуропадағы ауылдық туризм географиясы Қазіргі таңда ауылдық туризм
барлық еуропалық елдерде бар, бірақ оның даму деңгейі әртүрлі. Жалпы айтқанда, Шығыс
Еуропада, яғни бұрынғы социалистік лагерь елдерінде ауылдық туризмнің даму деңгейі
төменірек. Ауылдық туризмнің географиялық суреттемесі көрнекті болуы үшін Шетелдік
Еуропа елдерін: Солтүстік Еуропа, Орталық Еуропа, Оңтүстік Еуропа, Шығыс Еуропа
аймақтары бойынша қарастырады.
Жалпыеуропалық ЛИДЕР бағдарламасы (Liaisons Entre Actions pour le Developpement
des Economies Rurales) Еуроодақтың ауылдық аумақтарды, оның ішінде ауылдық туризм
арқасында кешенді дамыту бойынша 1990 жылы алғаш рет ұсынылған арнаулы бағдарламасы
болып табылады. Жоба Еуроодақтың құрылымдық қорлары есебінен қаржыландырылмақ.
Бағдарламаға қатысатын 200-ден астам аймақтардың үштен бірі туристік қызметті дамытуға
бағытталған.
Экологиялық туризм, әрине, тек қана «жабайы» табиғатқа қиын саяхат жасау емес,
экотуризмжайлы болуы да мүмкін. Осыған ауылдық туризм де өз әсерін тигізуде. Даму
қарқынына қарай ауылдық пен экологиялық туризмнің үлкен болашағын көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: