Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ 2
Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті
|
Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің ТАӘ:
Тажигалиева З.Т.
|
Сынып: 10Т1
|
Қатыспағандар саны:
Қатысқандар саны :
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Алаш идеясы жайында
|
|
|
Оқу мақсаттары
|
10.3.4.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар:
Мәтінді түсініп тыңдайды;
Мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, пікір білдіреді.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтінді түсініп оқиды;
Мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді.
Лексикалық құрылымдар арқылы конспект жаза алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология: алаш зиялысы ,тілдің маңызы, ел мүддесі т.б.
Жазылымға қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша...
Себебі, мен оны мен былай түсіндіремін...
Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...
|
Құндылықтар
|
Құрмет, өмір бойы оқу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ әдебиеті
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім әрекеті: Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушы зейінін шоғырландырады. Сабақ не туралы? кімдер туралы болмақ? деген сауал төңірегінде оқушыларға сөйлемдернің ішкі астарына болжам жасатады.
Оқылатын сөйлемдер:
Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті.Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңістік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады.
Оқушылар әрекеті: Cөйлем астарына болжам жасайды, ой жүгірте пікірлерін айтады.
Мұғалім оқушыларға оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады, бірге талқылайды.Сабақ тақырыбын хабарлайды.
|
Таныстырылым
|
Сабақтың ортасы
5 минут
15 минут
10 минут
5 минут
|
Жазылым алдындағы тапсырма.
Жеке тапсырма
Оқушыларға «Алаш зиялысы», «Ел мүддесі» туралы бір-бір сөйлемнен тұратын ойлар беріліп, бұл ойларды перифраз жасау арқылы ықшамдау, өңдеу тапсырылады.
Сөйлемдер:
Ақ болсын, қызыл болсын, маған бәрі бір. Мен қазақ мүддесін көздейтін үкіметті ғана жақтаймын. А.Байтұрсынов
|
Біз тапқа, жікке бөлінбейміз. Біз өзге халықтармен қатар өмір сүре отырып Қазақ автономиясын құруға тиіспіз.
Ж. Досмұхамедұлы
|
Оқушылар әрекеті:
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Оқушыларға «Аңыз адам» журналының №24 саны /108/ бірнеше данасы осы журналдың нақ осы саны ұсынылады, жұптар өз қалаулары бойынша журнал бетінен бір мақала таңдап, берілген мақалалар негізінде қысқа конспект жазады. Оқушыларға жазылымда қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластарды пайдаланып жазу міндеттеледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |