Жаңа тақырыпты ашу: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін әр топтағы оқушыларға төмендегі тапсырмаларды беремін. «Ой қозғау»
1. Жазыңыз: 1) х және у сандарының екі еселенген көбейтіндісін;
2) х және у сандарының квадраттарының көбейтіндісін;
3) а санының квадраты мен үш еселенген b санының көбейтіндісін;
4) m мен n сандарының үш еселенген көбейтіндісін.
Дескриптор:
а) есеп шартына сәйкес сандарға амалдар қолданады;
б) санды дәрежелейді;
в) бірмүшенің түрін дұрыс жазады.
А.Н.
Шыныбеков, Алгебра,
7сынып, Алматы «Атамұра» 2017
9-слайд
7минут
3 минут
Жеке жұмыс
15 минут
2. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңыз:
Дескриптор:
а) тең көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежеге шығарады;
б) көбейтіндіні дәреже түрінде жазады.
Бағалау Оқушылардан тапсырманы орындап болғаннан кейін жауаптарын топтағы жұбымен тексеруді сұраймын. Жауаптары бірдей ме?, әлде өзгешелік бар ма? Өзгешелік болса, неге? Қате кімнен кетті?-деген сұрақтар қою арқылы сұрау, содан кейін барып таныстырылымнан дұрыс жауапты көрсетемін.
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін BilimLand.kz сайтынан ресурстарды қолданамын.
Ширату: «Айна» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар жұптасып тұрады. Екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі.