Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1C Көпмүшелер
|
Мектеп: Г.Титов атындағы жом
|
Күні: 09. 10.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Хожалепесова М.О.
|
Сынып: 7
|
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
Сабақ 17
|
Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.1.3
бірмүшені стандарт түрде жазу;
7.2.1.
бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
-Бірмүше ұғымын біледі, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
-Бірмүшенің түрін ажыратады, стандарт түрде жаза алады.
Кейбір оқушылар:
- Бірмүшенің анықтамасын қолдану арқылы өрнектің бірмүше болатындығын нақты түсіндіріп,дәлелдей біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
Бірмүшенің коэффициенті мен дәрежесін анықтайды, ажыратып көрсетеді. Бірмүшені стандарт түрде жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Бірмүшемен байланысты терминдерді пайдаланады, ауызша және жазбаша анықтайды.
Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері.
Айнымалы шама бұл мәні белгісіз санды білдіреді.
Тұрақты дегеніміз бекітілген мәнді бір сан немесе әріп болып табылады.
Коэффициент бұл айнымалы шаманың алдындағы сан.
Дәреже бұл негізді өз мәнін өзіне неше рет көбейту керектігін көрсететін сан.
Бірмүше бұл тұрақты (сан) мен айнымалы шаманың көбейтіндісі.
|