Оқушыларды білім-білік дағдыларын арттыру. Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, таным-түсініктерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әңгіме сюжетіне талдау жасау, кейіпкер бейнесін ашу. Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау, ізденуге, өзінше топшылауға, өз ой-пікірін дәлелдеуге, өз көзқарасын айта білуге дағдыландыру. Өнер құдіретін сезініп, өнер адамына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Топқа бөлу
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
«Күй күшті, тауды – тасты бұзатұғын, Орнына өз өрнегін сызатұғын. Талқандап тас кереңді үн оятар, Дүкені дүниенің қызатұғын». «Бозінген» күйін тыңдату 2минут Қызығушылығын ояту: суреттер тізбегі көрсетіледі (автор портреті, күйші, түйе, домбыра) Сұрақтар:
1. Бұл суреттердің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
Біз жоғарыда қандай күйді тыңдадық?
3.«Бозінген» күйінің шығу тарихын білеміз бе?
4 Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай?
Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?
5 Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
6 Күйші сөзін қалай түсінеміз?
Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Ортасы 30 минут
ІІ Жұмыс барысы: Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы;
«Күй аңызы» әңгімесінің жанры, тақырыбы, автордың идеясы мен тәрбиелік мәні; Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.)Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау)
Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.
4.Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру). -Естемес пен Оразымбет портретін табу; Жаңыл мен қарт бейнесін табу.
«Түйе» малы жайында мәлімет, пайдасы, ерекшелігі туралы баяндалады;
«Күй», «күйшілік өнер» жайлы ой бөлісу.
Сөз сырына саяхат