Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген.
Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған.
Кейін халық соты,саяси қызметкер болған.
Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан.
25 дастан,12 повесть,он шақты драмалық шағын туынды,50-ге тарта ән мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі,білікті жазушы ретінде танылды.
20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды.Осындай әңгімелерінің бірі-«Бала Шоқан»әңгімесі.
“...Өзімнің өмір, тіршілік жайлы ойларымды ортаға сала балаларға арнап бірсыпыра шығармалар жазыппын. Бір елеулі шығармам деп “ Бала Шоқанды” есептеймін... Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаяндық дерегінің бәрін қамтуды мақсат тұтпадым,ол оңай да емес. Көп оқыдым, іздендім, архивтік материалдар мен елден естіген әңгімелердің кейіпкер характерін ашады-ау дегендерім іріктедім. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол- Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп , талабын танып , оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды. “ Бала Шоқанды осылай жаздым”.
Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Інісінің әділетсіз әрекетіне тоқтам салады.Әкесінен сұранып Мысыққа жолығады. Мысықтың жасаған мүсінін әкесіне көрсетіп, қызығушылық танытады.
Үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді. Өнерді тани алмайды.
Кейіпкерге хат
Сәлем хат!
Мысық, қалың қалай? Балшықтан тағы қандай мүсіндер жасадың?
Мен болсам бүгінгі сабаққа ермексаздан жылқының мүсінін жасадым. Жасаған мүсінім ойдан шықты. Жаз мезгілі келгенде мен де мүсінді балшықтан жасаймын. Жасаған мүсіндерімді досыма сыйлаймын.
Сәлеметсіз бе Шоқан аға!
Сіздің балалық шағыныз туралы оқып, Мысыққа деген жанашырлығыңыз, адалдығыңыз маған қатты ұнады. Мен де сіз сияқты өнерлі балаларды ұнатамын. Себебі сурет салғанды жақсы көремін. Келешекте сіздің де суретіңізді салып, үлкен көрмелерге қатысамын деп ойлаймын.
Хат жолдаған Балауса.
Автор орындығы
Инсерт стратегиясы.
Білемін
Білгім келеді
Мен үшін жаңалық
Зерттеймін
“Ана тілі” оқулығынан оқыдым,“Шоқан Уәлиханов” атты телефильмін көрдім.
Шоқанның достары туралы, Мысықтың тағдырын.
Жақып сияқты інісі болғаны,орыс достары көп болғаны.
Отбасы туралы,
саяхаттарын, сапарларын .
«Шоқан жайлы лебіздер»
Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев:
Абылай ханның тікелей ұрпағы – Шоқан Уәлихановтың бойында ата – бабаларынан мұра боп қалған аса мол рухани күш – қуат бар еді.
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!
Орыс жазушысы:
Григорий Потанин
Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде–ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын.
Үйге тапсырма:
“ Мен таныған Шоқан” тақырыбында ой толғау.
“Зерттеймін” бағаны бойынша алған тапсырмалармен жұмыс жасау.
Бағалау:
Қорытындылау:
Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел! Ғабит Мүсірепов.
Таулар алыстаған сайын биіктей түседі.Шоқан Уәлиханов та уақыт өткен сайын дараланып,биікке өрлеп,туған халқымен бірге жасауда. Шоқан мұрасы-халық қазынасы. Шоқан атамыздың рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын болашақ жастары-мына партада отырған сіздерсіздер.