Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет56/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

6.Витаминдер.
Тамақтың құрамында витаминдер деп аталатын ерекше органикалық заттар болуы тиiс. Көптеген витаминдер ферменттердiң құрамына кiредi. Бұлар жеткiлiксiз болса, организмнiң қызметi күрт өзгередi, соньң нәтижесiнде зат алмасу бұзылып, әр түрлi аурулар байқалады. Тамақтың құрамында қажеттi витаминдер болса, бала жақсы өсiп, қалыпты дамиды. Олардың сыртқы ортанын қолайсыз жағдайларына қарсы тұру касиетi жоғарылайды және сирек ауыратын болады. Тамақ заттарының құрамында белгiлi бiр витамин болмаған кезде авитаминоз байқалады. Ондай жағдай 2-4 және 12-14 жаста жиi байқалады. Сондықтан балалар қабылдайтын тамақтардың кұрамында әр түрлi витаминдердiң жеткiлiктi болғаны жөн.
А витамині. Өсу витамині. Тотығу процестерді, қанның жасалуын күшейтеді. Көру және иммунитет қалыпты жағдайда болу қажет. Тәулікке қажет мөлшері- 2мг. Балық майында, бауырда, бүйректе, жұмыртқаның сарысында, абрикоста, қымыздықта, сары майды, сәбізде көп болады.
Д витамині. Мешел ауруына қарсы витамин. Тәулік мөлшері 15-25микрограмм (мкг). Балық бауырында, майында, сары майда, сүтте, жұмыртқа сарысында, құрғақ сыра ашытқысында болады.
Ғ витамині. Өсу үшін қажет, қан азайған кезде пайдалы. Тәулік мөлшері анықталмаған. Бұл витамин өсімдіктің жасыл бөліктерінде-салат жапырағы, итмұрын жемістерінде болады.
Е витамині. Балалық шақтың ерте кезінде бұлшық ет тканьдерінің өсіп-дамуы мен қызметі үшін қажет. Ғ витамині болатын өнім құрамында кездеседі. Өгіз, шошқа етінде көп.
К витаминi. Қанньң ұюы үшiн қажет. Тәулiк мөлшерi әлi анықталған жоқ. Капустада, сәбiзде, пiспеген томатта, қарағай мен шыршалардың қылқандарында, шошканың бауырында болады. Синтетикалық препарат - викасол қан кету кезiнде пайдаланылады (тәулiгiне 2 мг дейiн).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет