Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет18/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
Сағаттың деңгейі – 2сағат.



3.1 Кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Қазіргі уақытта үкіметтер, жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғауды басқару жүйелерін енгізудің кәсіпорындар деңгейіндегі оң әсерін танып отыр, себебі ол еңбек процесінің қауіптілігі мен тәуекелдердің, өндірістік жарақаттанудың, жалпы және кәсіптік аурулар деңгейін азайтады, еңбек өнімділігінің артуына оң әсер етеді.

Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер қолданылады, сондықтан «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» 12.0.230-2007 МЕМСТ мемлекетаралық стандартының (ILO-OSH 2001, IDT) ережелерін ұлттық жағдайға қатысты бейімдеу керек.

Осы стандарт мемлекетаралық стандарттың ережелерін дамытады және кез келген кәсіпорынға заңнамалық талаптар мен еңбекті қорғаудың елеулі аспектілері туралы ақпарат берілетін тұжырымдама (саясат) мен мақсатты көрсеткіштерді әзірлеп, енгізуге мүмкіндік беретін еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды.

Осы стандарттың негізінде «ұйымдастыру – жоспарлау және қолдану – бағалау (бақылау) – жетілдіру жөніндегі іс-қимылдар» деген басқару функцияларын дәйекті түрде орындау принципіне негізделген әдіснама жатыр.

Кәсіпорында басқаруды оның қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жүзеге асырады (мысалы, өнімдер мен қызметтердің сапасына, қоршаған ортаны қорғауға), сондықтан кәсіпорынды басқару жүйесін 9000 сериялы МС және 14000 сериялы МС-ға сәйкес жасаудың сол бір принциптері мен әдіснамасына орай құру орынды. Осы стандарт кәсіпорынды еңбекті қорғауды басқарудың тиімді жүйесінің элементтерімен қамтамасыз етуге арналған, олар кәсіпорындарға интеграцияланған басқару жүйесін құруға жәрдемдесу үшін басқа басқару жүйелерінің элементтерімен біріктірілуі мүмкін.

Стандарт қоршаған ортаны қорғауға байланысты процестерді басқаруға арналмаған және онда оларға қойылатын талаптар жоқ. Алайда ол кәсіпорындарға қоршаған ортаны қорғауды басқару және еңбекті қорғауды басқару элементтерін біріктіруді жүзеге асыруға тыйым салмайды. Сонда да, стандарт талаптары сертификаттау процесінде тек еңбекті қорғауды басқару жүйесінің аспектілеріне қатысты ғана қолданылуы мүмкін.

Кәсіпорында ресурстарды пайдалана отырып, еңбекті қорғауға (өндірісте) әсер ететін процестермен өзара үздіксіз әрекеттесудің басқарылатын жүйесін қолдану «процестік тәсіл» деп аталады. Әрбір процесті процеске және, тұтас алғанда, кәсіпорынға арналған басқарудың тұйық циклінің талаптарымен орындалатындай етіп ұйымдастыру қажет.



Жүйенің жетістігі кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен, әсіресе, оның жоғарғы басшылығының барлық деңгейлерде өзіне алған міндеттемелеріне байланысты. Мұндай жүйе кәсіпорынға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын айқындауға және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің нәтижелілігін арттыру үшін қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ әлеуметтік-бағытталған өндірісті құру мен осы стандарттың тұжырымдамасы (саясаты) шеңберінде алынған өз талаптар жүйесінің сәйкестігін көрсету (декларациялау) міндеттемелерін орындауға бағытталған процестерді қолдануға мүмкіндік береді. Кәсіпорын осы стандартты табысты енгізуін көрсетумен (декларациялаумен) қатар, онда тиесілі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің болуын тәуелсіз бағалауына мүдделі тараптардың көз жеткізуіне қажетті басқау жүйесін сертификаттау рәсімін пайдалана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет