Бағалау критерийлері
|
Бағалау
Құқықтық шешім шығаруға болатынын анықтап бағалайды.
Жазаны жеңілдетудің мүмкіндігі қаншалықты болуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Қылмыстық жаза дегеніміз...
Қылмыстық құқық бұзушылық дегеніміз...
қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылуы шарттары...
қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылуы шарттары.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ашықтық,жауапкершілік
- құқықтық сауаттылық
- патриотизм
- өз елі үшін мақтаныш
- ұлттық сана-сезім
- тәуелсіздік
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақстан тарихы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін персональды компьютер кажет...
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың аяғы
|
Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату.
Б. Пікірталас ұйымдастырыңыз.
Қылмыстық жазаны жеңілдетудің қандай оң жақтары болуы мүмкін?
Рақымшылық және кешірім жасау гуманизмнің көрінісі ретінде санайсыз ба?
Өлім жазасына кесу қылмыстылықты қаншалықты төмендетті?
«Қанға-қан, жанға-жан» деген қанды кек қағидасы қазіргі өлім жазасы ма?
Өлім жазасынан бас тарту өркениеттің өлшемі ме?
Жағдаяттармен жұмыс
Жағдаяттармен танысып, аталған жағдайларда қандай құқықтық шешім шығаруға болатынын анықтап баға беріңіз. Гуманизм принципін қолдана отырып, жазаны жеңілдетудің мүмкіндігі қаншалықты болуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз
1-жағдаят. Н деген азамат С деген азаматтың үйіне туған күн кешіне келеді. Н деген азамат С деген азаматшаның iPhone Х телефонын ұрлап кетеді. С деген азаматша құқық қорғау органдарына шағымданады. Құқық қорғау органдары ір номері бойынша А деген азаматтың ұрлағаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары А деген азамат алғаш рет қылымыс жасағаны үшін айыппұл төлеу жазасын ғана береді.
2-жағдаят. Бір адамның әйелі қатты ауырып қалады. Ешқандай ем көмектеспейді. Әбден басы қатып не істерін білмей отырғанда, дәрігер келіп көшенің арғы жағындағы ғалымның үйіндегі дәрімен емдеуге болатының айтады.Әлгі адам сол үйге қарай жол тартады. Қарызға беруін сұрайды. Бірақ ғалым оған келіпейді. Үміті үзілген адам үйіне қайта келіп, ауырып жатқан әйелін көреді. Сол түні ол ғалымның үйіне барып дәріні ұрлап кетеді. Таңертен ғалымның үйінде үлкен шу шығып, құқық қорғаушыларға кеше келген адам ұрлап кеткенің айтады. Бірнеше күннен кейін сот отырысы болады. Сотталған адамға сөз берген кезде: «Мен ол дәріні қызғаныштан ұрлаған жоқпын, не болмаса өзімме алып көбейтіп пайда көру үшін ұрлаған жоқпын. Әйелімнің жазылып кететіне көмектесетін жалғыз жол болғасын осындай қадамға бардым...» деп айтады. Сот отырысы ұрлаған адамды соттамай тек белгілі бір уақыт аралығында ғалымға ақшасын қайтарып беруін талап етеді.
|