1.Оқушылар жинақылыққа, тәртібке, реттіліккке баулу
2. Басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамыту (жұптық, топтық жұмыстар кезінде)
3. АКТ-ны дұрыс пайдаланып ақпараттарды іздей білу , оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді.
Алдыңғы білім
Жүйке жүйесінің әр түрлі түрлерін салыстыру
Тері сезімталдығы
Сезу органдарының құрылымы
Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері
Сабақта орындалуы тиісті іс - әрекеттер
Оқыту ресурстары
Басы
0-2 минут
3-11 минут
12-20 минут
Ортасы
(20-25мин)
26-30 минут
31-38 минут
38-40 минут
1.Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында көңіл –күй смайликтерін белгілеу арқылы оқушылардың сабаққа зейінін шоғырландыру.
Смайликтер
I. Үстел үстінде кеседе шай тұрған еді. Сіз барып ұстап көріп едіңіз, ыссы болғасын бірден қолыңызды алдыңыз. Сұрақ: сіз неге бірден ойланбастан қолыңызды алдыңыз?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
РЕФЛЕКС - дегеніміз организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы.
Рефлекс типіне байланысты: шартты және шартсыз рефлесктер болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі.
Шартсыз рефлекстер: көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, жұтыну т.б
Қоршаған жағдайларға жақсы бейімделу үшін өмір тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беретін, өмір бойы қалыптасумен болатын бұл дағдылар шартты рефлекстер деп аталады. Оқушылар кестеге шартты және шартсыз рефлекс мысалдарын жазады.
Шартты рефлекс
Шартсыз рефлекс
Оқушылар мен бірге мысалдарды талқылау.
III. Тапсырма. Дәлелдемелер арқылы шартсыз рефлекстің негізгі қасиеттерін анықтаңыз.
Ерікті оқушылармен шартсыз және шартты рефлекстерді демонстрациялау.
Рефлекстерді алу. Кез-келген затты түсіріп алу, немесе бірден тақылдату, немесе оқушының иығына бірден қолды қою.
Осылайша а)жыпылықтатқыш рефлексін; б)бағыт – бағдар алу рефлексін (басты қоздырғыш жаққа бұру); в)баяу қорғаныс (басты бұру) рефлекстерін алу
Оқушылардың рефлекстердің классификациясы, шартты және шартсыз рефлекстер және шартты және шартсыз рефлекстердің негізгі белгілері туралы не білетінін анықтау.
Рефлекстің маңызы туралы видео қарап, өз ойларын білдіреді.
Кері байланыс
Инсерт тәсілі арқылы сабақты түсінгенін анықтау.
Менің бұрыннан білетін нәрсем -
Менің білгеніме қайшы –
Мен үшін жаналық –
Мен үшін маңызды деп ойлаймын -
Слайд
Шартты және шартсыз рефлекс
http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81&lesson=12688
Шартты және шартсыз рефлекс мысалдары
http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81&lesson=12688 Рефлекс маңызы
http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81&lesson=12688