Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе



бет23/32
Дата09.06.2017
өлшемі5,87 Mb.
#18302
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

Қорытынды:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй тапсырмасы. § 32 оқып, 63, 65-суреттері салу.

Сабақ: 31

Тақырыбы: § 33. Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері

Сабақтың мақсаты: біржасушалы ағзаларға тән: қоректеу, көбею, тыныс алу, сыртқа шығару қаситеттеріне сипатама бере отырып, өкілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделу дәрежесі жайлы білімдерін кеңейту; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Біржасушалы қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?

Біржасушалылар табиғатта қай жерлерде көп таралған? Олардың қандай түрлері бар?

Біржасушалылар құрылысында, тіршілігінде бәріне ортақ қандай белгілері бар?

Біржасушалылар түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері қандай? Олар өз ішінде қандай топтарға жіктеледі?

Біржасушалылар түрлерінің орын ауыстырып қозғалу ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

Кірпікшелі кебісшенің тұзды ортадан қашуы нені көрсетеді?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


  1. Біржасушалылардың қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі

  2. Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы

  3. Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі.


Қоректенуі. Біржасушалылар негізінен дайын органикалық заттармен (нәруыз, көмірсулар және май тәрізді заттар) қоректенеді. Сондай-ақ олардың ішінде фотосинтез тәсілімен де қоректенетіндері бар.

Эвгленаның құрылысын тағы бір шолып, «Ол фотосинтез тәсілімен қоректене ала ма? Оны неден білуге болады?» деген сұраққа ойланып жауап беріңдер.

Жарық жоқ көлеңке немесе қараңғы жерлерде эвгленаның жасыл түсі жойылады. Ол жануар тәрізді дайын органикалық заттармен қоректенеді. Ол органикалық заттардың түйіршіктерін жұтпайды. Заттардың судағы ерітінділерін цитоплазманың сыртқы тығыздалған жарғақшасы арқылы сіңіреді.

Амеба жалған аяқтарымен қоректі (мысалы, бактерияларды) қоршап, орап алады. Одан соң қорек жасуша қабықшасы арқылы цитоплазмаға түседі. Цитоплазма оны қоршап алады. Сондықтан оны асқорыту вакуолі дейді. Ас осы көпіршік тәрізді қоршауда қорытылады. Себебі қоректің қорытылып, жасушаның өз затының жасалуы осы вакуольдің ішінде жүреді. Нәрлі зат жасуша цитоплазмасына тарап тіршілік қажетіне жұмсалады. Ал кірпікшелі кебісше денесінің алдыңғы жағында ортасына қарай аузы болады. Оған қысқа түтікше тәрізді жұтқыншақ жалғасады. Кебісшенің ауызы жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ғана ойық. Осы ойық арқылы қорек жасушаға тез өтеді. Сондықтан оны жасушалық ауыз дейді. Ауыз төңірегіндегі көптеген кірпікшелер үнемі қозғалып, су ағынын туғызады. Ағынмен келген қорек ауыз арқылы жұтқыншаққа түсіп, одан цитоплазмаға өтеді. Цитоплазмадан асқорыту сөлі бөлініп, қоректі қоршайды. Бұдан көпіршік түрінде асқорыту вакуолі түзіледі. Онда ас қорытылады.

Вакуольдің ішінде сөлдің әсерімен қоректің күрделі органикалық заттары (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ыдырап, жай заттар пайда болады. Олардың ерітіндісі сорылып, қайтадан цитоплазмаға өтеді. Мұнда жәндік жасушасының өзіне тән нәруыз, май, көмірсулары тәрізді органикалық заттар түзіліп, ағзаның тіршілігіне жұмсалады.



Тыныс алуы. Біржасушалы қарапайымдар суда еріген оттегімен тыныс алады. Ол жасуша цитоплазмасына қабықша арқылы өтеді. Оттегінің әсерімен күрделі органикалық заттар (астың қорытылуы) жай заттарға ыдырайды. Мұның нәтижесінде қуат (энергия) бөлініп шығады. Ол ағзаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.

Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы

Біржасушалы қарапайымдардың цитоплазмасында бір-екі жиырылғыш вакуольдер болады. Бұл вакуольдерде зиянды қалдық заттардың ерітіндісі жиналады. Вакуоль осындай ерітіндіге толған соң жасуша жарғақшасына жылжып келеді де жиырылады. Сол арқылы ішіндегі ерітінді сыртқа шығады. Біржасушалылардың қабықшасы арқылы цитоплазмаға сырттан үнемі өтіп келетін судың артық мөлшері де жиырылғыш вакуольдер арқылы сыртқа бөлінеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы дененің қабықшасы арқылы тікелей сыртқа шығарылады.



Көбеюі. Біржасушалылардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею жәндік жасушасының екіге тең бөлінуі арқылы жүреді. Мысалы, эвглена мен амебада ядро екіге бөлінеді. Бөлінгеннен пайда болған ядролар жасушаның екі жағына барып орналасады. Тек осыдан соң ғана жасуша бөліне бастайды. Эвгленаның бұрынғы талшығының қатарында екінші талшық өсіп шығады. Сөйтіп ұзынынан тік бөлінудің нәтижесінде екі жас эвглена пайда болады. Амеба да дәл осылай бөлінеді. Тек онда бөліну процесі көлденеңінен жүреді. 

Кірпікшелі кебісше (инфузория-туфелька) жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюге кіші ядро қатысады. Ең алдымен кіші ядро бөлініп, дененің алдыңғы және артқы жағына ажырап орналасады. Одан соң үлкен ядро бөлінеді. Соңында жасуша ортасынан бунақталып, екіге ажырайды да, екі жас кебісше пайда болады.

Пайда болған екі жас кірпікшелі кебісшенің әрқайсысында жетіспейтін органоидтары, яғни аузы, кірпікшелердің біраз бөлігі жиырылғыш вакуольдің біреуі және тағы басқалары жаңадан түзіледі.

Кірпікшелі кебісше жынысты жолмен көбейгенде екі кірпікшелі кебісше ауыз саңылауы жағымен түйісіп, біраз жүреді. Осы кезеңде әр кебісшенің кіші ядросы екіге бөлініп, екі кіші ядро түзеді. Үлкен ядро еріп, жойылып кетеді. Бір кебісшенің жаңадан пайда болған кіші ядролар сыңары екіншісінің кіші ядросының сыңарымен қосылып, осы кебісше цитоплазмасында, ал қалған сыңарлары қосылған күйі екінші кебісшенің цитоплазмасында қалады. Екі кебісше осылай кіші ядроларын алмастырған соң айырылады. Әрқайсысының денесінде үлкен ядро қайта түзіледі. Ядроның жаңаруы кебісшенің тіршілігін жалғастыра түсуге мүмкіндік береді.

Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі. Судың температурасы төмендеген немесе су қоймасының суы кеуіп, құрғап кеткен жағдайларда эвглена талшығын тастап, амеба мен кебісше қозғалысын тоқтатады да денелері жұмырланады. Сыртын қалың қабық қаптайды, сөйтіп тыныштық күйге көшеді. Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын бұл қабықшаны циста дейді (грекше: «цистис» – қаптама). Цистаға оранып жатқан кезде олар желмен ұшып немесе басқа жануарлардың денесіне жабысып таралады. Қолайлы жағдай туғанда жәндік цистадан шығып, тіршілігін одан әрі жалғастырады.

Сонымен, біржасушалы қарапайымдар құрылысы, тіршілігі жағынан өсімдік жасушасынан гөрі күрделірек боп дамыған тіршілік иелері екен. Бұған жәндік жасушасындағы (денесіндегі) асқорыту вакуольдері, қорек өткізетін, оны жұтатын ауыз, жұтқыншақ (мысалы, кебісшеде), арнайы қозғалу органоидтары (жалғанаяқтар, талшықтар, кірпікшелер), т.с.с. түзілімдердің болуы дәлел. Ал өсімдіктердің қалай қозғалып, қоректенетінін өздерің еске түсіріп, салыстырыңдар.

Дегенмен, жасушаның негізгі құрам бөліктері (мембрана, цитоплазма, ядро, т.б.) өсімдік жасушасына да, жәндік жасушасына да тән; тіпті кейбір жәндіктердің жасушасында хлоропластар болып, жасыл өсімдікше қоректенуі бұл ағзалардың тектестігін көрсетеді. Мысалы, жасыл балдырлар мен жасыл эвглена, вольвокстың жақындағы сондай, кейде ғалымдарға оларды айырып, «Мынау – өсімдік», «Мынау – жануар» деп анықтау едәуір қиын.

ІV. Бекіту. Сонымен қатар біржасушалы жәндіктердің өз ішінде де аз да болса біртіндеп күрделену байқалады. Мысалы, амеба жалған аяқпен қозғалса, кебісшенің «аяғы» – тұрақты кірпікшелер; немесе, кебісшеде ауыз, жұтқыншақ сияқты тұрақты қоректену, асқорыту мүшелерінің бастауы бар. Ендеше, кебісшенің құрылысы күрделірек және дамуы жоғарырақ деңгейде екен, деп қорытуға болады.

Біржасушалы жәндіктердің қоректену тәсілі жағынан жасыл өсімдіктерден ерекшелігі неде?

Жасыл эвгленаның өсімдікше қоректенуіне оның құрылысындағы қандай ерекшелігі мүмкіндік береді?

Эвгленада, амебада, кірпікшелі кебісшеде ас қорытылуының ортақ белгілері қандай?

Біржасушалылар қалай тыныс алады?

Кірпікшелі кебісшенің зиянды қалдықты сыртқа шығаруының амебадан ерекшелігі неде?

Бір жасушалылар қандай жолдармен көбейеді?

Біржасушалылар қандай тәсілмен көбейеді? Оның мәнін түсіндіріңдер.

Амеба қоректі қалай ұстайды? Қорек денеге қалай түсіп, қорытылады?

Кірпікшелі кебісшеде қорек қалай ұсталып, цитоплазмаға өтеді? Ол қалай қорытылады?

Циста деген не? Біржасушалылар үшін оның қандай маңызы бар?

Үй тапсырмасы. § 33 оқып, 68, 69-суреттерді салу.


Сабақ: 32

Тақырыбы: §34. Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың мақсаты: біржасушалы ағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын, яғни олардың пайда-зияның оқушы тұлғасына жете түсіндіру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Біржасушалы жәндіктердің қоректену тәсілі жағынан жасыл өсімдіктерден ерекшелігі неде?

Жасыл эвгленаның өсімдікше қоректенуіне оның құрылысындағы қандай ерекшелігі мүмкіндік береді?

Эвгленада, амебада, кірпікшелі кебісшеде ас қорытылуының ортақ белгілері қандай?

Біржасушалылар қалай тыныс алады?

Кірпікшелі кебісшенің зиянды қалдықты сыртқа шығаруының амебадан ерекшелігі неде?

Бір жасушалылар қандай жолдармен көбейеді?

Біржасушалылар қандай тәсілмен көбейеді? Оның мәнін түсіндіріңдер.

Амеба қоректі қалай ұстайды? Қорек денеге қалай түсіп, қорытылады?

Кірпікшелі кебісшеде қорек қалай ұсталып, цитоплазмаға өтеді? Ол қалай қорытылады?

Циста деген не? Біржасушалылар үшін оның қандай маңызы бар?

1. Аталған үш жәндік дайын қоректік заттар жоқ күн сәулесі түсіп тұрған таза суға жіберілді дедік. Олардың қайсылары ашықпай белсенді тіршілік ете берер еді? (ойланыңдар).

2. Тыныс алу мен зиянды заттардың сыртқа шығарылуының ағза үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?

3. Жасушаның бөліну тәсілінде екеуінде қандай ерекшелік бар? Бұл – тіршілікке елеулі әсері бар ерекшелік пе? (ойлан).



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады.

Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама бақалшақты біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды десеңдерші. Геологтар ондай шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры болатынын анықтады. Біржасушалылардың топырақ түзуде де рөлі бар.

Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі – дизентерия амебасы.



Дизентерия амебасы (грекше: «дис» – бұзу, «ектерон» – ішек) адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайды. Осы жарадан шыққан қанды ірің нәжіске араласып, адамның ішін жүргізіп, ыстығын көтеріп, қатты ауыртады. Бұл ауру қантышқақ деп аталады. Ауру адамның ішегінде амеба тез көбейіп, нәжіспен араласқандары бірден цистаға айналады. Тәулігіне нәжіспен бірге 300 млн-дай амеба цистасы сыртқа шығады. Олар суды, түрлі көкөністерді және тағы басқа азық-түліктерді (цисталардың қалай таралатынын еске түсіріңдер) ластайды. Дизентерия амебасының цисталары лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс-жидекті жумай жегеннен сау адамға жұғады. Дер кезінде емделмесе, бұл ауруды ажалға душар етуі мүмкін. 

Безгек паразиті адамның қанына безгек масасының сілекейімен түседі де, қанда бөліну жолымен көбейеді. Олардың көбеюінен қанға улы заттар бөлінеді. Безгек ауруын қоздыратын паразитті 1880 жылы француз дәрігері А. Лаверан ашқан. Бұл паразит негізінен қанның қызыл түйіршіктерінде тіршілік етеді. Безгек паразиті қанның бір қызыл түйіршігінен екіншісіне ауысқан кезде ауру ұстайды. Олар түйіршіктің ішінде болған кезде адам тәуірленіп, жұмысын одан әрі жалғастырады. 3-4 күн ішінде паразиттер орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіреді де, оның қабығын жарып, келесі түйіршікке ауысады. Дәл осы сәтте безгек қайта ұстайды.

1960 жылдары безгек ауруын емдейтін хинин, акрихин дәрілері жасалды. Одан соң осы ауруды тарататын безгек масаларын құрту шаралары жүргізілді. Олар қыстайтын жерлерге, гексахлоран сияқты улы химикаттарды шашу, масалар тіршілік ететін батпақтарды құрғату, шағын бөгеттерде маса дернәсілдерімен (личинка) қоректенетін гамбузия балықтарын өсіру сияқты шаралардың арқасында елімізде безгек ауруының өріс алуына кедергі жасалуда.

Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі – лейшмания. Бұл ауруды көбінесе құм шіркейлері таратады. Аурудың аты – лейшманиоз.

Еліміздің шөл аймақтарында үлкен құмтышқан мекендейді. Осы тышқанның інінде ұсақ шіркейлер көп болады. Шіркей адам терісін шаққанда ауру сол жер арқылы тері астына түсіп, одан әрі көбейеді. Әуелі теріде бөрткен пайда болады да, ол біртіндеп жаңғақтай боп үлкейеді. Біраздан соң жарылып, іріңдейді. Бұл аурудан адам да көп зардап шегеді. «Тері лейшманиозы» деп аталатын бұл дерт дер кезінде емделмесе асқынып кетеді.

Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарларда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек-орын, киімді, ыдыс-аяқты, азық-түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп, таралуына мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.

ІV. Бекіту.

Біржасушалы жәндіктердің табиғатта қандай маңызы бар?

«Паразиттік тіршілік ету» дегенді түсіндір. Түрлі ауру тудыратын біржасушалыларды ата; қайсысы қандай ауру тудырады?

Безгек ауруын тудыратын қандай жәндік? Ол адамға қандай жәндік арқылы жұғады?

Лейшмания қандай жәндіктерге жатады? Ол қандай ауру тудырады? Құм шіркейлерінің бұған қандай қатысы бар?

Біржасушалар суды қалай тазартады?

Шағын бөгеттерге гамбузия балығын өсіру қандай ауруға қарсы жүргізілетін шара?

Біржасушалылар қандай жануарларға қорек болады? Оның адам үшін маңызы бар ма? Қандай?

Біржасушалы жәндіктердің мұнай қорының жасалуына қандай қатысы бар? Топырақ түзуде ше?
Біліміңді тексер.

1. Біржасушалылардың бәріне ортақ қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

2. Төмендегі кестені дәптерлеріңе сызып, толтырыңдар. Қарапайымдар құрылысында бар органоидтардың тұсына бар болса «+», жоқ болса «–» белгісін қойыңдар.

 


Жасуша бөліктері органоидтар, тұрақсыз құрылымдар

Қарапайымдар

Амеба

Жасыл эвглена

Кірпікшелі кебісше

Домаланғы

Арцелла

1. Ядро

2. Талшық

3. Мембрана

4. Хлоропластар

5. Кірпікшелер

6. Асқорыту вакуолі

7.Жиырылғыш вакуоль

8. Цитоплазма

9. Жасушалық ауыз

10.Жасушалық жұтқыншақ



1. +

2. -


3. +

4. -


5. -

6. +


7. +

8. +


9. -

10. -


1. +

2. +


3. +

4. +


5. -

6. +


7. +

8. +


9. -

10. -


1. +

2. -


3. +

4. -


5. +

6. +


7. +

8. +


9. +

10. +


1. +

2. +


3. +

4. +


5. -

6. -


7. +

8. +


9. -

10. -


1. +

2. -


3. +

4. -


5. -

6. -


7. +

8. +


9. -

10. -



Үй тапсырмасы. §34 оқу. «Біліміңді сына» тапсырмасына толық жазбаша жауап беру.

Сабақ: 33

Тақырыбы: V тарау. Көпжасушалы жануарлар

§ 35. Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі



Сабақтың мақсаты: көпжасушалы жануарлар жасушасының құрылысына жалпы шолу, ұлпа түрлерін, өзіндік атқаратын қызметін, мүшелер мен мүшелелер жүйесінің түзілуі жайлы мағлұмат беру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байлынысты қызығушылықарын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

«Біліміңді сына» тапсырмасын тексеру.

Біржасушалы жәндіктердің табиғатта қандай маңызы бар?

«Паразиттік тіршілік ету» дегенді түсіндір. Түрлі ауру тудыратын біржасушалыларды ата; қайсысы қандай ауру тудырады?

Безгек ауруын тудыратын қандай жәндік? Ол адамға қандай жәндік арқылы жұғады?

Лейшмания қандай жәндіктерге жатады? Ол қандай ауру тудырады? Құм шіркейлерінің бұған қандай қатысы бар?

Біржасушалар суды қалай тазартады?

Шағын бөгеттерге гамбузия балығын өсіру қандай ауруға қарсы жүргізілетін шара?

Біржасушалылар қандай жануарларға қорек болады? Оның адам үшін маңызы бар ма? Қандай?

Біржасушалы жәндіктердің мұнай қорының жасалуына қандай қатысы бар? Топырақ түзуде ше?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Жоспар:


1. Жануар жасушасының негізгі түрлері және олардың қызметі

2. Ұлпалардың түрлері және қызметі.



3. Мүшелер мен мүшелер жүйесі.
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30-жылдарында жасуша теориясының негізін қалады. Содан бері жасушаны зерттеу құралдары – әуелі жарық көмегімен көрсететін микроскоптың жетілдірілуі, одан соң электрондық микроскоптың жасалуы, физикалық және химиялық әдістердің қолданылуы арқасында жасушаның құрылысы мен қызметі терең зерттеліп, анықталды. 

Жануар жасушасының негізгі түрлері және олардың қызметі. Біржасушалы ағзалардың құрылысымен, тіршілігімен танысу арқылы біз біржасушалылар туралы өте маңызды мағлұмат алдық. Себебі көпжасушалы жануарлардың әр жасушасы жеке-дара ағза болмағанымен, құрылысы және қызметі жағынан қарапайым жәндіктер жасушасымен ұқсас. Оның құрылысы мен көптеген тіршілік процестері дәл қайталанады. Дегенмен көпжасушалы ағзада жасушалар топтасып, әр топ белгілі бір қызмет атқарады және олардың сапасы, қасиеті сол қызметке сәйкес болады. Мысалы, сүйек жасушаларында минералды тұздар көп болады да, олар сүйектің қаттылығын қамтамасыз етеді.










Каталог: uploads -> doc -> 0a70
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a70 -> Сабақ түрі тәрбие сағаты Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, шығармашылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет