Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


Топырақтың сіңіру сыйымдылығы (Т) –



бет29/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Топырақтың сіңіру сыйымдылығы (Т) – алмасу реакциясына бейім топырақтағы сіңірілген катиондардың жалпы мөлшері. Сіңіру сыйымдылығын 100 грамм топырақтағы катиондардың миллиграмм-эквивалентімен өрнектейді (мг-экв/100 г).
Топырақтың сіңіру сыйымдылығының мөлшері оның механикалық құрамына, майда дисперсті бөлшектердің жалпы мөлшері мен олардың химиялық және минералогиялық құрамына, топырақ реакциясына байланысты.
Сонымен бірге топырақтардағы сіңірілген катиондар құрамы әртүрлі болып келеді. Барлық топырақтарда сіңірілген катиондар арасында кальций мен магний мөлшері көп болады. Мысалы, кәдімгі және қуатты қара топырақта сіңіру сыйымдылығындағы катиондардың 80-90%-зы кальций және магний үлесіне тиеді. Оңтүстік қара, қара қоңыр, боз топырақтарда кальций және магний көп болуымен аз мөлшерде сіңірілген натрий кездеседі. Олардың құрамында сутек катиондары болмайды. Сор, сортаң топырақтарда кальций, магниймен бірге сіңірілген натрий көп болады. Қызыл және шымды-күлгін топырақтарда сутек пен алюминий иондары көп болады. Калий және аммоний катиондары барлық топырақтарда аз мөлшерде кездеседі.
Сіңірілген катиондар құрамы топырақтың физикалық, химиялық қасиеттеріне, өсімдіктің өніп-өсуіне, тыңайтқыштардың әсеріне жан-жақты ықпал етеді.
Топыраққа сіңірілген катиондардың құрамы мен олардың арақатынасын тыңайтқыш және мелиоранттар қолдану арқылы реттеуге болады. Мысалы, сілтілік реакция тудыратын сіңірілген натрий катиондарын, сортаң топырақ құрамынан ығыстыру үшін гипс қолдану керек. Мұнда, натрийді алмастырған кальций катиондары өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырады.
3-тақырып. ТОПЫРАҚ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ХИМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН МЕЛИОРАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ

1. Топырақ қышқылдығының түрлері (актуалды, потенциалды).


2. Топырақ қышқылдығын реттеуде негіздермен қанығу дәрежесі мен буферлігінің маңызы.
3. Әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен микроорганизмдердің топырақ реакциясына қатынасы.
4. Топырақты әктеу және өсімдік қоректену мен тыңайтқыш қолдануда оның маңызы.
5. Сортаң топырақты химиялық жолмен мелиорациялау.

Өсімдіктердің және микроорганизмдердің дамуына, топырақтағы өтіп жататын әр түрлі химиялық және биохимиялық процестердің жылдамдығы мен бағыттарына топырақ реакциясы үлкен әсер етеді. Қоректік заттардың өсімдіктермен сіңірілуі, топырақ микроорганизмдерінің әрекеті, органикалық заттардың минералдануы, топырақ минералдарының ыдырауы және қиын еритін қосылыстардың еруі, коллоидтардың коагуляция мен пептизациясы және де басқа физика-химиялық процестер топырақ реакциясына күшті байланысты. Ол сонымен қатар топыраққа енгізілетін тыңайтқыштардың тиімділігіне әсер етеді. Тыңайтқыштар өз жағынан топырақ ерітіндісінің реакциясын өзгерте алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет