Сабақтың атауы Адам ағзалары және олардың қызметі Мақсаты



бет27/51
Дата06.04.2020
өлшемі1,15 Mb.
#61698
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
дүниетану 1,2,3,4-тоқсан




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жауын құрт

Мақсаты

Білімділік : Жауынқұрттар типіне жататын

жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сабаққа деген белсенділіктерін

арттыра отырып, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік :Жауынқұрт құрттарға жататын

жәндіктердің ерекшеліктерін бір-

бірінен ажырата білуге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Апама барып құдықтан

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын



Шаң тозаңды қуамын

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жауынқұрт топыраққа көп пайда келтіреді.Олар топырақты қопсытады.



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жауынқұрт топырақтың бетеі қабатында тіршілік етеді.

Ұзын денесі ауа жақсы өтетін ылғалды,жұқа терімен жабылған.ол бүкіл өмірін топырақ ішінде өткізеді.тек жауынды күндері ғана жер бетіне шығады.Жауынқұрт топыпақ қарашіріндімен құнарландрады,қопсытады.Жерді қазып және топырақты өлшеусіз

Жұту арқылы ол топырақтың құрлылысн өзгертеді.


Сергіту сәті

Қатар, қатар тұрайық

Кәне, кәне сұрайық

Кімнің болсын бойы ұзын

Паравозы поездің

Пш-пш-пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу-гу гуілде


Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сұрақ жауап

1.Адам денсаулығына зиян келтіретін қандай құрттар? (паразит-құрттар)



2.Жауын құрты қай кездерде жер бетіне шығады? (жауынды күндері)

Үйге тапсырма

Мазмұндау


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ұлулар

Мақсаты

Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыр


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма? (айналады)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма?

(бас бармақтарын көрсетеді)



Жақсы! (алақандарын соғады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ұлу өсімдіктермен қоректенеді.

Ұлу жұмыртқалайды.

Ұлу ыстыққа,жазғы қапырыққа шыдамды келеді.



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

Ұлулар типі

Бауыраяқтылар



Қосжақтаулылар

Басаяқтылар

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.

Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.

Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Бауыраяқты ұлулар класы.

Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүред.

Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар,

Сыртында сауыт тасы бар..

Ойланып көр балалар,

Шешуін оның табыңдар.

(Ұлу)


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Топпен жұмыс

1-топ Ұлулар типі?

2-топ Бауыраяқты ұлулар класы?

3-топ Қосжақтаулы ұлулар класы?




Үйге тапсырма

Мазмұндау


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет