Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын-
2. Кішкене баланы-
3. Құстарды-
4. Қыз баланы-
5. Сабақтан-
6. Үйге жүгіріп-
7. Үлкен кісіні-
8. Оқу –құралдарын-
9. Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата- аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Шығармашылық жұмыс ( Сурет қиындыларын « Достық» картасына орналастыру)
Мәтінмен жұмыс
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасшысы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Ел аузынан
Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)