Сабақтың атауы Адам ағзалары және олардың қызметі Мақсаты



бет44/51
Дата06.04.2020
өлшемі1,15 Mb.
#61698
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
дүниетану 1,2,3,4-тоқсан




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ежелгі өркениет ескерткіштері

Мақсаты

Жаңа сабақты түсіндіру. Ой белсенділігін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде үйде болып дем алдық,

Осылайша өте шықты бір апта.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Құстан аумады,

Көкте заулайды. (Ұшақ)


Тақылдатып таңдайды,

Егiндi тез жалмайды.

Дәнiн берер тазалап,

Өзi түк те алмайды. (Комбайн)


Тоққа қоссаң зырылдйды,

Бiр бағыттан бұрылмайды.

Жуан жұмыр темiрдi,

Қырнап, жонып кемiрдi,

Өлшеп берсең кеседi,

Керек етсең теседi,

Артық болса қашайды,

Қажет тетiк жасайды. (Станок)


Көктен көзiн алмайды,

Ғарыш сырын барлайды. (Телескоп)


Жылжымалы баспалдақ,

Сатыларын бассаң нақ,

Не жоғары, не төмен,

Сырғимын да жетем мен,



Көздi жұмып, ашқанша-ақ. (Эскалатор)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Өркениеттің бесігі

Египет – тарихқа өзінше бай, қойнауы құпияға толы сұлу ел. Ежелгі Египетті өркениеттің бесігі деп атау дәстүрі қалыптасқан. Бүгінде үш жүз жылдан астам уақыт Нілдің ұлы жағалауында өркендеген мемлекет саяхатсүйер қауымның үлкен сұранысына ие болып отыр. Перғауындардың таңғажайып әлемі мен мәңгі пирамидалардың құшағына сапар шегуді сіздің де армандайтындығыңызға сенімдіміз. Ендеше, танылмаған, ашылмаған әлем туралы қызықты мәліметтер Әлемтаудың бүгінгі жазбасында...



Замануи Египет. Тарихтың иісі аңқып жатқан мекенде бүгінде сонау римдік құлдыраудан бері келе жатқан араб халқы өмір сүреді. Египеттің жалпы халық саны 60 млн. адамды құраса, оның 20 млн-ы ел астанасы Каирда тұрады.Халықтың ең тығыз орналасқан жері – Ніл өзенінің жағалауы. 



Египеттің заманауи үлкен қалалары: Каир, Луксор, Александрия, Асуан көне қалалардың орнына орналастырылған. Сондықтан да, аталған қалалардан ежелгі ғибадатханалар мен табыттардың қалдықтарын көре аласыз. Каир көшелерінің автокөлікке толы болатындығы соншалықты, кешқұрым кептеліске тұрып қалмас үшін 20 минут та жүре алмайсыз. Автокөлік маркалары әртүрлі: біз білетін "Волга", "Жигулилерден" бастап, "Мерседестермен" аяқталады. Қала ішінен атпен, есекпен кетіп бара жатқан адамдарды да көре аласыз. Алайда, мұның бәрі де тұрғындарға мейірімді, сабырлы болуға кедергі бола алмайды.

Каирлық тұрғындардың ең сүйікті жерлері – Гиза шоқысы. Мұнда планетамызға мәшһүр Хеопс, Хефрен және Микерин пирамидалары бар. Сондай-ақ, Египеттегі Сфинкс мүсіні (арыстан басты), Джосер пирамидасы, Синай тауы, Карнака аталатын ғибадатханалар кешені, Асуан тоғаны, Мейдумдағы Сонофру пирамидасы, Дашура пирамидалары, Каирдағы цитадель, Александр бағанасы сынды таңғажайып ескерткіштер сіздің қызығушылығыңызды оята алады.





Хеопс Пирамидасы –  "Әлемнің жеті кереметінің" ішіндегі бүгінге дейін сақталған жалғыз мұра. Пирамида биіктігі – 137,2 метр. Хеопс пирамидалары 2,3 миллион шаршы тастан 203 қабат болып орналастырылған екен. Мұндағы бір тастың өзі 2,5 тоннаға жетеді, кейбірі тіпті 15 тоннадан да асып жатады.

Хеопс пирамидаларына кеткен материалдарды 17 есе басып озатын Асуан бөгеті – әлемнің ең үлкен құрылыстарының бірі. Осының әсерінен Насера өзені пайда болып отыр. Бұл – әлемдегі ең үлкен жасанды су қоймасы болып табылады.

1869 жылы тұрғызылған Суэц каналы – әлемдегі ең үлкен канал. Ол Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді қосып тұр. Бәрімізге жақсы таныс Панама каналы Суэц каналынан екі есе кішкентай келеді.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет