1) Білімділік: Мемлекеттік тіл туралы түсінік беру, ана тіліне деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Ана тілі - дана тілі тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу арқылы оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ойлау белсенділігін, ой-өрісін, сөздік қорын молайту.
3) Мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО әдісі, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
1) Білімділік: Мемлекеттік тіл туралы түсінік беру, ана тіліне деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Ана тілі - дана тілі тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу арқылы оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ойлау белсенділігін, ой-өрісін, сөздік қорын молайту.
3) Мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО әдісі, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Терезеден есiледi,
Қараңғыны көшiредi. (Сәуле)
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
1. «Ана тілі» сөзін топтастыру әдісі
2. «Қазақ тіліне қатысты өзекті мәселелер» ой қозғау. Пікір алысу.
3. Мәтінмен жұмыс. Джиксо әдісін қолдану.
1) Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы 22 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы тілдер туралы Заң қабылданып,қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды.1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияның 7-бабында былай делінеді:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
2) Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Түркі тілдер ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай (Кавказда), қарақалпақ,татар,башқұрт, қарашай - балқар тілдері. Қазақ тілі –Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан,
Түрікменстан, Монғолия,Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия т.б. елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
3) Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды: араб жазуы, латын жазуы және орыс жазуы қолданылып келеді .
Қазақ тіл білімінің негізін салушы атақты ғалымдар Ахмет Байтұрсынов, Нығмет Сауранбаев,
Сәрсен Аманжолов т.б. Қазақ әдеби тілінің дамуына үлес қосқан Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин.
Қазақ тілі –бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Тілімізді сақтап, дамыту - бәріміздің қасиетті міндетіміз. Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек.
Сергіту сәті
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Ағаш жапырақтарына қазақ тілін дамыту жолдарын жазып, ағашты көркейту.
Ана тіліңді мақтан ет.
Ана тіліңді жатсынба.
Тілді құрметте.
Тілге жанашырлық таныт.
Қазақ тілінде сауатты жаз.
Ана тіліңде тәрбие бер.