Сабақтың атауы Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет3/5
Дата25.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#26816
түріСабақ
1   2   3   4   5

III.Жаңа сабақ

«Ойлы болсаң озып көр!»(жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу)

Түсі қара, сұйық зат
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды
Жақсаң жанады
Пайдаға жарайды. (Мұнай)


Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не? /Көмір/

Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. /Газ/

Дәптерге күн реті, сабақтың тақырыбы жазылады.

Жер қойнауында түрлі қазба байлық жерден қазып алып қажетіне пайдаланады. Табиғаттағы заттардың бәрі адам игілігіне жұмсалады

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі.


Әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрлерін кездестіреді.Ал енді осы пайдалы қазбаларды жер астынан ала салып пайдалана ма? Оларды зерттейді,өңдейді.Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді.
Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Сәтбаев .Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу 
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын. 

(Видео)

Өмірмен байланыс.(слайд)

Бұл қазбалардың бәрі адам өміріне қажет. Осы қазбалардан түрлі өнімдер өндіріледі. Қазбаларды сату арқылы еліміздің экономикасы дамиды. Ал осы қазбаларды белгілі мамандық иелері өндіреді. Олар мұнайшы, кенші, шахтер,т.б. Біздің елбасшымыз Н.Назарбаевтың өзі кенші болған.


Пайдалы қазбалар суреті бойынша әңгімелеу. - Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі.

Кітап білім бұлағы

Оқулықпен жұмыс:Мәтінді оқыту .(мұғалім оқып береді, содан кейін оқушылар тізбектей оқып шығады.)

Кім тапқыр?

Пайдалы қазбалар картасымен жұмыс.

· Көмір – Екібастұз, Қарағанды

· Мұнай, газ – Атырау, Ақтау, Ақтөбе,Орал

· Ас тұзы – Атырау, Жамбыл, Индер, Арал

· Металл – Жезқазған, Өскемен.

- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар. 
Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын - 
Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий – А

Сергіту сәті:
ІV.Жаңа сабақты бекіту:

Менің ойымша...

Әр топқа берілген тапсырма:( пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы туралы айту).

Ойын «Сезіне білесіңбе?»

Ойын әр топтан оқушылар шығып, көздерін байлап алдарына қойылған заттарды қолмен ұстап сезіну арқылы қай затты ұстағанын айтады. Қате жауап берсе аяқтарын топырлатады, дұрыс болса шапалақтайды.



Интерактивті тақтада семантикалық картамен жұмыс.





Таскөмір

құм

мұнай

саз

темір

әктас

Жанғыш



















Сұйық



















Иісі бар



















Морт сынғыш



















Су өткізгіш



















Қатты



















Қара түсті



















Қызықты деректер.



Құммен сурет салу өнері (видео)

V. Қорыту:

Топтық жұмыс: Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

Ситуациялық сұрақ.( Проблема туғызу)

1. Анаң тамақ пісіріп жатып тұз салуды ұмытып кетсе не болады?

2. Құрылысшылар үй салғанда цемент қосуды ұмытып кетсе не болады?

3. Кемемен тасымалданып келе жатқан мұнай төгіліп қалса не болар еді?



4. Пайдалы қазбалар жер бетінен жоғалып кетсе не болар еді?


VІ.Үйге тапсырма

Оқу, пайдалы қазбаларды қорғауға байланысты эссе жазу.




VІІ.Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді ұсыну.

Каталог: uploads -> doc -> 11f4
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f4 -> Cабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік
11f4 -> Сабақтың тақырыбы: Сұлу сазды Гәкку. Үкілі Ыбырай
11f4 -> Сабақ: №27 Мұғалім: А. Б. Рысқұлова Оқушылар саны
11f4 -> Сабақ: Аминдер. Аминдердің химиялық қасиеттері Мектеп : №13 А. Навои жом күні: 14. 03. 2017ж
11f4 -> Бағдарламасын жазып, деңгейлерді белгілеу. Қонақтар шақыру. \мұғалімдер, ата-әжелер, әке-аналар, шәкірттер.\
11f4 -> Тақырыбы: «Қыздың ары – ұлттың ары!» Қыздармен жұмыс Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет