Сабақтың әдістемелік нұсқауы «Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру»


Статистикалық динамикалық қатарлар



бет10/59
Дата15.07.2020
өлшемі210,33 Kb.
#75246
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
лекция казакша
лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша
Статистикалық динамикалық қатарлар

Динамикалық қатарлар

Уақытқа байланысты қоғамдық құбылыстар үнемі өзгеріп отырады. Осы процестерді зерттеу үшін динамикалық қатарларды құрады. Динамикалық қатарлар деп - уақытқа байланысты құбылыстардың өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан қатарын айтады.


         Динамикалық қатарлар негізгі екі элементтен тұрады:
 уақыт көрсеткіштері – t және қатарлардың деңгейі – У.
Уақыт көрсеткіштері арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт мезгілдері көрсетіледі.
Қатар деңгейі деп құбылыстың шамасын сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы сандық мәнін айтады.
Уақыт көрсеткіштеріне байланысты динамикалық қатарлар мезеттік және интервалды болып бөлінеді.
Мезеттік қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт мезгіліне байланысты сипаттайды. Мысалы: оқу жылының басындағы студенттер саны, жыл аяғындағы жұмысшылар саны және т.б.
Интервалды қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт аралығына байланысты сипаттайды.

Зерттелетін көрсеткіштерге байланысты динамикалық қатарлардың мынадай түрлері болады:



  1. абсолютті шамалардың қатарлары;

  2. қатысты шамалардың қатарлары;

  3. орташа шамалардың қатарлары.

Динамикалық қатарларды зерттеу арқылы мынадай міндеттер шешіледі:

  1. зерттелетін құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруі сипатталады;

  2. зерттелетін құбылыстардың динамикасына статистикалық көрсеткіштер жүйесі арқылы талдау жүргізіледі;

  3. динамиканың негізгі даму бағыты (тренд) айқындалады;

  4. маусымдық ауытқулар зерттеледі;

  5. болжам (интерполяция және экстраполяция) жасалады.

Статистикалық мәліметтерді топтастыру

Статистикалық зерттеудің екінші сатысы статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру деп аталады. Жинақтаудың негізгі мақсаты – бақылау нәтижесінде алынған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу болып табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет