Сабақтың мақсаты: Табиғат бірлестіктерінің өзгеруін түсінеді. Бағалау критерийі


Көл. Көлдің орманға айналу себептері мен кезеңдерінің дұрыс ретін табу. Оқушылар көлдің жоғалу себептерін анықтап, сипаттайды. Топқа бөлу



бет2/4
Дата06.01.2023
өлшемі82 Kb.
#165089
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Жаратылыстану 8 сабақ
Шукирова А., Қалиева М. 1-МӨЖ
Көл. Көлдің орманға айналу себептері мен кезеңдерінің дұрыс ретін табу. Оқушылар көлдің жоғалу себептерін анықтап, сипаттайды.
Топқа бөлу.
«Мозайка» стратегиясы арқылы топқа бөліп, әр топқа көлдің өзгеріске ұшыраған ретін талқылап,өз ойларын ортаға салу.
Адам мен табиғат. Оқушыларды жұптастырып табиғи бірлестіктің өзгеру себебін анықтау. Адамның іс-әрекеті салдарынан табиғи бірлестіктің өзгерген жағдайлары туралы ойларын ортаға салу.
Зертте. Табиғи бірлестік өсімдіктерінің алуантүрлілігін зерттеу мақсатында оқушылар мектептің жанындағы аймақтарға бақылау жасайды. Зерттеу жұмысы үшін сыныпты шағын топтарға бөліп, әр топқа 1м² аумақта зерттеу жүргізуді тапсыру ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Топта бірлестіктің табиғи жолмен немесе жа­санды жолмен құрылғанын талдау.
• Аймақтағы өсімдіктердің алуантүрлілігін анықтау.
• Қандай өсімдік түрі жиі кездесетінін табу.
• Оларға қандай жағдай тұрақты түрде жасала­тынын анықтау.
• Басқа топтың қорытындыларымен салысты­ру.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Бір табиғи бірлестікке кіретін кейбір өсімдіктер әртүрлі жылдамдықпен өседі. Бетегелі дала алқабы, шырша мен емен ормандары ұзақ жылдар бойы тіршілік етеді. Шағын көлдер, батпақты шалғындар, тақырлар өзгеруі мүмкін. Салқын жаңбыр­лы жаз бен аязды қыс, күндізгі аптап ыстық пен таңғы суық ызғар бір өсімдіктің жойылып, орнына басқа өсімдіктің қаулап өсуіне ықпал етеді. Осылайша бірлестіктер ауысып отырады.
Су тасқыны, өрт, дауыл сияқты табиғат апаттары бірлестіктің жойылуына әкеп соғады. Табиғи бірлестіктің қалпына келуі­не ұзақ уақыт қажет. Мысалы, шырша ор­маны тек жүз елу жылдан кейін ғана қалпы­на келеді.
Адамдар егіс, бақша, бақ, саябақ отырғызып, жасанды бірлестік жасайды. Олар өздігінен өсе алмайды. Адам күтіп-бапта­маса, арамшөп басып, табиғи бірлестікке ұқсап кетеді.
Ойлан. Орман жерінің босап қалуының себептерінің тізімін топпен бірлесіп жасау ұсынылады. (Бірлестіктер сұрапыл апат, су тасқыны, өрт сияқты табиғи жолмен жойылуы мүмкін. Сонымен қатар адамдардың бейберекет шауып, от жаққанда ережелерді сақтамау әрекеттері де себеп болады.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет