Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет36/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын

14. Нағыз қылтамырлық стаз кезінде эритроциттердің агрегациясына септеседі (4)
А) қанда ірі шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы
В) плазмада ұсақ шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы
С) эритроциттердің беткейлік зарядының төмендеуі
D) глобулиндер мөлшерінің ұлғаюы
Е) қан қоюлануы
15. Қан қатпары түзілуінің патогенездік жайттары (3)
А) қан тамырлары қабырғасының эндотелийінің зақымдануы
В) қанның ұйыу жүйесінің ұйыуға қарсы жүйесінен басым болуы
С) қан ағымы жылдамдығының баяулауы
D) қан ағымының жылдамдауы
Е) қанның фибринолиздік жүйесінің белсенділенуі
16. Қан тамырлары қабырғасының қан қатпарлық төзімділігі қамтамасыз етіледі (6)

  1. простациклин сөлденуімен

  2. азот тотығының сөлденуімен

  3. тромбоксана А2 сөлденуімен

  4. Хагеман жайтының белсенділенуімен

  5. эндотелиндер сөлденуімен

  6. гепарин тәрізді протеогликандар сөлденуімен

  7. плазминоген белсендіргіштерінің сөлденуімен

  8. эндотелийде тромбомодулин молекулаларының өршуі

  9. прокоагулянттардың әсерсізденуі

17. Сәйкестікті тап:
1. Тромбоциттердің адгезиясы және агрегациясына септесетін жайттар (5)
2. Тромбоциттердің адгезиясы және агрегациясына кедергі келтіретін жайттар (3)
А) тромбоксан А2
В) Виллебранд жайты
С) кальций иондары
D) АДФ
Е) катехоламиндер
F) простациклин
H) азот тотығы
I) ацетилсалицил қышқылы
18. Артерияларда қан қатпары түзілуінің бірізділігі:

  1. жергілікті ангиоспазм

  2. қан тамырлары эндотелийінің зақымдануы

  3. тромбоциттерден ББЗ босау әсерленісі

  4. ашылған субэндотелийдің бөлігіне тромбоциттердің адгезиясы

  5. қан ұйыуы

  6. тромбоциттердің агрегациясы

19. Сәйкестікті тап:
1. Артериядағы қан қатпары дамуына әкеледі (2)
2. Көктамырдағы қан қатпары, дамуына әкеледі (2)

  1. артериялық гиперемия

  2. ишемия

  3. ишемиялық стаз

  4. веналық гиперемия

  5. артериялық гиперемия

  6. ишемиялық стаз

  7. іркілулік стаз

  8. қанның ағып келуінің баяулауы

20. Аяқтың терең көктамырлары тромбозының салдарлары (1)
А) мый артерияларының эмболиясы
В) өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
С) қақпа көктамырлық гипертензия
D) бүйрек қан тамырларының эмболиясы
Е) ішек қан тамырларының эмболиясы
21. Ауалық эмболия жарақатында дамуы мүмкін (2)
А) сан көктамырының
В) тақым көктамырының
С) бұғана асты көктамырының
D) қақпа көктамырының
Е) күре тамырдың
22. Газдық эмболияның себебі (1)
А) ірі артериялардың зақымдануы
В) ірі көктамырлардың зақымдануы
С) ұсақ артериялардың зақымдануы
D) тез төмендеуі
Е) барометрлік қысымның жоғарылауы
23. Майлық эмболияның себептері (3)
А) жілік және жамбас сүйектерінің сынуы
В) омыртқа және қабырғалардың сынуы
С) майлық ертінділерді көктамыр ішіне егу
D) майлық ертінділерді бұлшықет ішіне егу
Е) тері асты шелмайдың жаншылуы
24. Қанайналымының, үлкен шеңбері артерияларында түзілген эмболдардың
қанмен айналып жүруі әкеледі (3)
А) мый қан тамырларының эмболиясына
В) өкпе артерияларының эмболиясына
С) қақпалық гипертензияға
D) бүйрек қан тамырларының эмболиясына
Е) ішек қан тамырларының эмболиясына
25. Қанайналымының кіші шеңбері эмболиясының негізгі көріністері (3)
А) қанайналымының үлкен шеңберінде АҚ тез төмендеуі
В) жүрек қызметінің әлсіреуі
С) қанайналымының кіші шеңберінде қысымның жоғарылауы
D) қақпалық гипертензия
Е) қанайналымының үлкен шеңберінде АҚ жоғарылауы

14 тақырып: ҚАБЫНУ


Сабақтың мақсаты:

  • Жіті және сүлде қабынудың этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Теориялық білімді есептер шығарғанда қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдасын жетілдіру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану



Оқыту міндеттері:

  • Жіті және сүлде қабынудың этиологиясы мен патогенезі зерттеу, жіті қабынудың организм үшің маңызы

  • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу

  • Алған теориялық білімін ситуациялық есептерді шешкенде қолдана білу

  • Ерте жастағы балаларда қабынудың ерекшеліктерін меңгеру

  • Қабыну кезінде бақаның тілінде әлтерация мен қан тамырларының өзгерістерін зерттеу

  • Бақа шажырқайында жіті қабынудың үлгісін алу (Конгейм тәжірибесі) және қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің эмиграциясын зерттеу

  • Дайын жағындыдан фагацитоз сатыларын және ірінді жалқықты анықтаулы үйрену

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация.

  2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

  4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  5. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  6. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

  7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

  9. Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олрдың патогенезі.

  10. Созылмалы қабыну, этиологиясы, патогенезі, қауырт қабынкдан айырмашылықтары.

  11. Онтогенез кезіндегі қабынудың патогенез.

  12. Қабынудың организм үшін маңызы.

  13. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.



Оқыту әдістері: пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, сөзжұмбақ шешу.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет