«Қуанышқа ғана емес, қайғыға, қасіретке, бақытсыздық қа да ортақтаса біл» В.А.Сухомлинский
Қайырымдылық – адамдардың қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсетуі, қолдан келгенше көмектесуі, тек өзіне ғана емес алыс пен жақынға, үлкен мен кішіге, жас пен кәріге, бір-біріне мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасауы. Қайырымдылықтың астарында жүрек жылуы мен шынайы сезім жатады.