Сабақтың тақырыбы § 1 Материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: 7 Сағат реті №1



бет5/14
Дата18.02.2017
өлшемі2,77 Mb.
#10310
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: География

Күні:

Сыныбы: 7



Сағат реті №50

Сабақтың

Тақырыбы


§14 Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы

Сілтеме

География. Материктер мен мұхиттар география 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт). Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық.Авторлары: Бейсенова Ә., С.Әбілмәжінова К.Каймульдинова Алматы «Атамұра», 2012, 256 бет

Мақсаты


Мақсаты:

Білімділік мақсаты – материктердің географиялық орнының ұғымын қалыптастыру. Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшелігін көрсету, Еуразияның қоныстануы мен зерттелу тарихымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.


Күтілетін

нәтижелер




Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады. Оқушылар Еуразия материгін картадан шеткі нүктелерін жағалауындағы теңіздер мен мұхиттарды таба отырып біледі,картадан Еуразия материгін шеткі нүктелерімен тауып бере алады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Биология, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Есімдерді атау», «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы,жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау. Топтық таныстырылым,электронды оқулық тапсырмасы,кесте мен картамен жұптық,топтық жұмыстар,венн диограммасы

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар


Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Еуразияның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы Интерактивті тақта, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар


Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері



Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе


2 мин

3 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

Топқа бөлу.

Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.

Психологиялық ахуал туғызу. Материк дегеніміз не?

Кіріспе сұрақ: Қанша материк бар?

Анықтаушы сұрақ: Материктердің орналасуы

Нақтылаушы сұрақ: Еуразия материгі қандай дүние бөліктерінен тұрады?

Тікелей сұрақ: Еуразия материгінің алып жатқан ауданы?

Түсінік беруші сұрақ: Еуразия материгінің басқа материктерден айырмашылығы?

Ассоциацияларың: Еуразия материгін қандай мұхиттар шайып жатыр?

Жабық сұрақ:Материктің қандай өзіне тән ерекшелігі бар

Ашық сұрақ: Материкті зерттеген ғалымдар


Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды


Тұсаукесер.

(POWER POINT)



3 мин

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

2. «Ой шақырту» Бұл материктің басты ерекшелігі:Жерінің көлемі жөнінен-дүние жүзінде -1орында 54млн жерді алып жатқан материк,4мұхит суы шайып жатқан ,екі дүние бөлігінен тұратын қай материк?

Оқушылармен ой бөлісіп жаңа тарау ,жаңа тақырып,жаңа материк-Еуразия материгінің жер бедері мен географиялық орны тақырыбын өз беттерінше оқуға шақыру.


1.Оқушылар берілген тапсырманы ой қозғау арқылы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге электронды оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып керікті мәліметтерді дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.



Негізгі бөлім:

Білу


5 минут

Еуразия дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қоса есептегенде 54 млн км2 астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес келеді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа және Азия құрайды. Еуропа мен Азия арасындағы шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Кума-Манч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.

1.Оқулықпен жұмыс, 62-66 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.


Түсіну

5 мин


Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

Оқулықпен картамен жұмыс

Еуразияның физикалық-географиялық орнын көрсету.

1.-тапсырма:Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.

А)«Қара ,оқып шық,жап,жаз»әдісімен жеке тапсырма ретінде тақырыппен танысу беріледі.

Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 3-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.

1топ:Еуразияға ең,ең ерекшеліктерімен сипаттама бергіздірту.

2топ:Географиялық орнына жалпы сипаттама бердірту.

3 топ:Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер,бұғаздар,шығанақтарға сипаттама бердірту.

2-тапсырма: «картамен жұмыс»Жеке тапсырма кескін картаға шеткі нүктелерін түсірту.



1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

1.Топтық жұмыс: оқушылар

оқулықтан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды тортасып отырып сипаттама береді.
2-жеке жұмыс: Оқушылар «жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.


Қолдану


5 мин

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет

1-топ. Еуразия материгінің басқа материктерден ерекшелігі

2-топ. Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.

3-топ. Еуразия материгін зерттеген ғалымдар

4-топ. Еуразия материгіндегі дүние жүзіндегі ең, ең

5-топ.Еуразия материгіндегі мүйістер
2 тапсырма. 1. Карточкаға жауап беру:

1

1. Еуразия материгінің географиялық орнын картадан көрсетіп, сипаттама бер?

2. Жағалауын қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатыр?

2

1.Еуразия мен оның жағалауында болып қайтқан зерттеушілерді атаңдар?

2.Шоқан Уалиханов қай жерлерді зерттеді?

3

1. Еуразия материгін қандай халық негізін салған?

2.П.П. Семеновқа неліктен Тянь-Шань тауының аты берілді?



Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.

Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, тест жұмысын орындайды.



Сергіту сәті


2 мин

Сергіту сәті.

«Жұптық ойын».

Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.


Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар сергітуді орнында жасайды.



Талдау

5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.

Оқушылар «Еуразия материгі мен Солтүстік жарты шар материктерімен салыстыру» тақырыбына эссе жазады.

«Ойтолғаныс» кезеңі.


Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.




Жинақтау


8 мин

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау. Картамен жұмыс

Теңіздер мен мұхиттарға сипаттама бергенде төрт мұхитқа таяу бөліктерінің географиялық орнын, ұзындығын, енін суреттеу үшін картамен жұмыс жасайды.


Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында

Кескін картаға материк жағалауындағы жылы және суық ағыстардың бағыттарын белгілеп, олардың пайда болуын түсіндіреді. Ағыстардың материк табиғатына тигізетін әсерлеріне нақты мысал келтіреді.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.


Қорытынды

Рефлексия



6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім













1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.




Үйге тапсырма

1 мин

Еуразия материгінің географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге жалпы шолу жасау

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.


Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: География

Күні:

Сыныбы: 7



Сағат реті № 51

Сабақтың

Тақырыбы


§15 Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Сілтеме

География. Материктер мен мұхиттар география 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт). Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық.Авторлары: Бейсенова Ә., С.Әбілмәжінова К.Каймульдинова Алматы «Атамұра», 2012, 256 бет

Мақсаты


Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Еуразия материгін қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатқандығын анықтау және жағалық сызықтары материктің қай бөлігінде көбірек тілімдегенін анықтау, мұхиттар мен теңіздерді сипаттау.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.


Күтілетін

нәтижелер




Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады. Оқушылар Еуразия материгін дүниежүзіндегі 4-мұхит сулары шайып жатқанын картадан қарап айтып бере алады,және ең ірі өзендеріне жеке сипаттама бере алады.


Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Биология, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар


Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Еуразияның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы

Интерактивті тақта, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар



Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері



Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе


2 мин

3 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

1.Мұғалім оқушылармен амандасып,сынып оқушыларының көшбасшылығымен топқа ынтымақтаса отыртып бөлдірту.

2. Жалпы географиялық шолу жасау,оқушыларға «Сары май»әдісі арқылы үй тапсырмасынан сабақ сұрау.
«Картаға дұрыс орналастыр»картамен жұмыс көрсету арқылы үй тапсырмасын пысықтату


1.Оқушылар мұғалімге құрмет көрсете отырып амандасады,топтарға өзара ынтымақтаса отырып бөлінеді. Топтағы міндеттерімен бөліседі.
2.Әр топ «Сары май »әдісі арқылы сұраққа нақты жауап береді.

Үй тапсырмасын «Картаға дұрыс орналастыр »ойынымен пысықтау жасайды.




Тұсаукесер.

(POWER POINT)



3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

2. «Ретімен орналастыр» 4-мұхитты көлеміне қарай кестеге орналастырту.

Электронды оқулықтан Осы 4-мұхит туралы мәлімет беріп өту.


1.Оқушылар берілген кестеге мұхиттардың көлеміне қарай дұрыс орналастырту сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге электронды оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып керікті мәліметтерді дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.



Негізгі бөлім:

Білу


5 минут

Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, оның тереңдңгі 13 м. Одан солтүстікке, батыс пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттық орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі – Исландия аралы. Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура - 40ºС, жазда - 0ºС. Жауын-шашын 100-200 мм-ден аспайды. Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік - 1ºС, экватор маңында +29ºС. Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.



1.Оқулықпен жұмыс, 66-71 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.


Түсіну

5 мин


Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.

А)«Қара ,оқып шық,жап,жаз»әдісімен жеке тапсырма ретінде тақырыппен танысу беріледі.

Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 5-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.

1топ:Солтүстік мұзды мұхит алаптарын және ірі өзендеріне сипаттама беру.

2топ:Атлант мұхит алаптарына жалпы сипаттама беру.

3топ:Тынық және Үнді мұхит алаптарына сипаттама беру.

4 топ: Атлант мұхиты мен Тынық мұхитын салыстыру

5 топ: Солтүстік мұзды мұхиты мен Үнді мұхитын салыстыру

2-тапсырма: Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды және ірі өзендерін картадан таптыртып шаруашылықтағы маңызы туралы әңгіме жаздыру.

3-тапсырма: «картамен жұмыс


1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

1.Топтық жұмыс: оқушылар «Қара,оқып шық,жап,жаз»әдісі

мен оқулытан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды тортасып отырып сипаттама береді.

2-жеке жұмыс: Бүгінгі сабақтан кездескен жаңа сөздерді дәптерлеріне түртіздірту.

3-жұптық жұмыс:Оқушылар «жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.


Қолдану


5 мин

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет

1-топ. Еуразия материгін шайып жатқан мұхиттар.

2-топ.Атлант мұхиты.

3-топ. Солтүстік мұзды мұхиты

4-топ. Тынық мұхиты.

5-топ.. Үнді мұхиты.
2 тапсырма. Еуразия материгінің шайып жатқан мұхиттарын және теңіздерін кескін картаға сызу


Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.

Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, тест жұмысын орындайды.



Сергіту сәті


2 мин

Сергіту сәті.

«Жұптық ойын».

Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.


Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар сергітуді орнында жасайды.



Талдау

5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.

Оқушылар «Пайдалы қазбалардың таралған жері,маңызды кен орындары» тақырыбына эссе жазады.

«Ойтолғаныс» кезеңі.


Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.




Жинақтау


8 мин

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау. Картамен жұмыс




Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында

Кескін картамен жұмыс жасайды,пайдалы қазбалардың орналасу ерекшелігімен танысады.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.


Қорытынды

Рефлексия



6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім













1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.




Үйге тапсырма

1 мин

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Жер бедері мен пайдалы қазбаларына жалпы шолу.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет