Сабақтың тақырыбы § 1 Материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: 7 Сағат реті №1



бет3/14
Дата18.02.2017
өлшемі2,77 Mb.
#10310
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Геогафия

Күні:

Сыныбы: 7

Сағат реті № 8

Сабақтың

тақырыбы

§ 8 Жер шарындағы климаттық белдеулер.Климат қалыптастырушы факторлар

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы. 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова Б.

§8,35-39б.



Мақсаты


Мақсаты:

білімділік: Оқушыларды жер шарында таралған климаттық белдеулермен таныстырып, олардың бір – бірінен айырмашылығын қарастыру. Жер беті климаты туралы білімдерін жан-жақты кеңейту, оқушыны алған білімін қорытып, өз ойын толық жеткізіп, кезеңдерге бөлуді, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

дамытушылық: Оқушылардың география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.

тәрбиелік:география материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, географиялық оқиғалар, құбылыстар, география даму кезеңдері бойынша нақты әрі жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау, дарынды оқушыны үлгі етеді, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Физика, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы

«Есімдерді атау»,«Ой толғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам»,« Жоба қорғау технологиясы», ой толғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.


Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар


Оқулық, интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, флипчарт, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе


2 мин

3 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.

Сабақтың тақырыбын жариялау.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

Топқа бөлу.

Сыныптың оқушыларына төңкерілген үлестірме қағаздарды тарату, онда «тропиктік белдеу», «экваторлық белдеу», «қоңыржай белдеу», «арктикалық белдеу», аттары жазылған, төрт топқа оқушыларды бөлу.



Психологиялық ахуал туғызу. Әрбір климаттық белдеуді сипаттайтын бір сөз айту

Кіріспе сұрақ: Жер шарында қанша климаттық белдеу бар?

Анықтаушы сұрақ:Жер бетінде таралған климаттық белдеулер қаншаға бөлінеді?

Нақтылаушы сұрақ:Қай климаттық белдеу жер шарынын қай аумағын алып жатыр?

Тікелей сұрақ:Климатты қалыптастырушы факторлар?

Түсінік беруші сұрақ: Климаттық белдеулер әсерінен жер бетінде қандай географиялық обьектілер пайда болған?

Ассоциацияларың: географиялық ендік, ауа массалары, жер бедері, мұхит ағыстары

Жабық сұрақ:Жер шарындағы климаттық белдеулер нешеге бөлінеді?13 (Экватолық белдеу, субэкваторлық белдеу, тропиктік белдеу, субтропиктік белдеу, қоңыржай белдеу, субарктикалық және субантарктикалық белдеу, арктикалық және антарктикалық белдеу)

Ашық сұрақ:Климат қалыптастырушы факторларды қалай түсінесіңдер?


Оқушылар үлестірме қағаздағы атауларға байланысты бір-бірін сынып ішінде тауып, топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Топтағы оқушылар бір-біріне үстел үстіндегі мұғалім дайындап қойған А -4

қағазындағы мәліметтерді бәрі қосылып айтады.
Әр топтан жауап сұрау, оны интерактивті тақтадаға флипчартқа жазу.


Тұсаукесер.

(POWER POINT)


3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі.Климаттық белдеулер туралы слайд интерактивті тақтадан көрсетіледі. Мұғалім оқиды.

-Балалар, бұл қай белдеу түріне жатады?

-Дұрыс айттыңдар, экваторлық белдеу

-Оны қандай белгілерден байқадыңдар?

-Олай болса, бүгін біз сабақта климаттық белдеулер туралы тереңірек танысамыз.





Негізгі бөлім:

Білу


5 минут

Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П.Алисов жер шарында бір – бірінен температуралық жағдайы және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан. Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді.Өтпелі белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан.

1.Оқулықпен жұмыс, 35,36,37,38,39 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша климаттық белдеулер туралы туралы конспект жазып алады.


Түсіну


5 мин


Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

1.«ПАЗЛ» әдісін қолдану.

Сынып ішіндегі ортадағы үстелде төрт топқа арналған тапсырмалар жатыр. Олар түрлі-түсті қағаздарға жазылған.

«Көк» түс-Экваторлық белдеу;

«Қызыл» түс-Тропиктік белдеу;

«Сары» түс-Қоңыржай белдеу;

«Жасыл» түс-Арктикалық белдеу;

2.Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім оқулықтың 38 - бетіндегі мағлұматтарды, берілген түрлі материалдарды талдайды. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізеді.


Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы климаттық белдеулер туралы жалпы түсінік береді.
Әр топтағы оқушылар кезегімен өз топтарына берілген түске қарай, ортадағы үстелден тапсырманы өз тобына әкеліп,(климаттық белдеулерге қатысты

байланысты) түйін сөздерді мағынасына қарай жинайды.




Қолдану


5 минут


Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.ЭО – пен (электронды оқулық) жұмыс

Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.

Қосымша № 1.



Оқушылар ЭО- тағы тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.

Егер қатесіз болса, «5»;

1 қате – «4»

2 -3 қате «3» қойылады.


Сергіту сәті


2 минут

Сергіту сәті.

«Есімдерді атау».

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту.



Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар сергітуді орнында жасайды.



Талдау


5 минут

Мақсаты:

Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.

1.«Әрбір климаттық белдеу қанша градус бойында орналасқан?».

2. «Климаттық белдеудің негізгі тобына қандай белдеулер жатады?».

3. «Әрбір материк аумағын кесіп өтетін белдеулерге жеке – жеке талдау жасату».

«Ойтолғаныс» кезеңі.



Бұл жаттығу арқылы оқушылар қатысты жауаптарды тауып, талдайды.


Жинақтау


8 минут

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау

«Климатты қалыптастырушы факторлар» -

Полотно 8

Географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы, жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы


Оқушылар кластерді топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.



Қорытынды

Рефлексия

6 минут

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім












1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.



Үйге тапсырма

1минут

§8» оқу. 2-тапсырманы дәптерге орындау;

Контур картаға климаттық белдеулерді

түсіріп келу.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 минут

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§9 Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар

Күні:

Сыныбы: 7



Сағат реті № 9

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §9, 42 - 46 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушыларға дүниежүзілік мұхит суларымен, оның қасиеттері, құрамымен толығырақ, тереңірек және түсінікті түрде білім беру.

Мұхит суы ерекшеліктері туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, мұхиттарды ажырата білуді, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.



География ғылымына қызығушылығын арттыру. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыстануына жағдай туғызу, әңгімені жүйелі баяндау. Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер мен дағдыларды дамыту.

География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Дүниежүзілік мұхит суының ерекшеліктерін саралап және мұхит ағыстарын анықтау және оқушылардың мұхит сулары мен беткі ағыстар арасындағы байланысты білуіне ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.


Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Дүниежүзілік мұхит суларына сипаттама бере отырып, беткі ағыстардың таралу ерекшеліктерін атап көрсету .

Жер бедерініе байланысты қалыптасатын климатына шолу жасап өту. Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.


Ойсергек . Сәттілік тілеу.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі жылдам жауап береі (бұл орайда дүниежүзілік мұхит суы, беткі ағыстар және т.б).




«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».


Үлестірмелі карточкалар

А4 форматтағы карталар

Сәйкестендіру тесті

Дүниежүзілік мұхиттардың картасы



5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс жасаттыру, Дүниежүзілік мұхит суларының қасиетерін анықтап және себебін түсіндіру. Мұхиттардағы ағыстардың таралуына талдау жасау және ағыс түрлерін картаға қарап есте сақтау. Материк климатына ағыстардың тигізетін әсерін атап өту.

Картамен жұмыс жасайды. Ерекшелік еткен факторларын атайды, мұхиттағы мұздықтар мен ағыстар анықталып оның климатқа әсері анықталады.

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы

«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.



мұхиттардың физикалық картасы, кескін карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы мұхиттар ауданы белгіленген карта

7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.

І топ. Мұхиттағы ағыстарды анықтап анықтама бере отырып картадан көрсету.

ІІ топ. Мұхиттардағы мұздықтарды анықтап, мұздықтарды пайда болу себептерін түсіндіру және картадан көрсету.

ІІІ топ. Мұхит ағыстарын анықтап кескін картаға түсіру.

IV топ. Мұхиттарға байланысты таралған мұздықтарды анықтау.

Vтоп. «Гольфстрим ағысының» тарихына шолу жасау, картаға бейнелеу.



Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Оқулық, А4 , қаламсап. Мұхиттар бейнеленген қағаздар

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру.

Стикерге шартты белгілермен бейнеленген мұхит ағыстары берілген А4 форматтағы Дүниежүзілік мұхит суының кескін картасына мұхит ағыстарын тиісті аймаққа жабыстырып шығу.




Тапсырмаларды орындайды. Берілген кескін картағы мұхит ағыстарын жабыстырып топ мүшелерінің ішінен топ басшысы шығып қорғайды.

Диалогтік

АКТ


А4, қаламсап,

Дүниежүзілік мұхиттардың физикалық картасы, контур карта, оқулық мәтіні.




10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Дүниежүзілік мұхит сулары мен мұхит ағыстарына шолу жасап келу.

3 мин

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§10 Мұхиттағы тіршілік

Күні:

Сыныбы: 7



Сағат реті №10

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §10 , 46 - 49 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушыларда мұхиттарда тіршіліктің қалыптасуы туралы түсінік қалыптастыру.

Дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік аймақтары

туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, материктерді ажырата білуді, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.


Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.


География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік дүниелерін ерекшелеп көрсету

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.


Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.

Ойсергек . Сәттілік тілеу.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі анық жауап береі (бұл орайда өткен тақырыптар бойынша және мұхит суы т.б ).




«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».


Үлестірмелі карточкалар

Географиялық диктант

Дүние жүзінің

Мұхиттар картасы



5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс жасаттыру, мұхиттарды картадан көрсету. Мұхиттың тіршілік дүниесіне кіріспе жасап өту.

Картамен жұмыс жасайды. Ерекшелік еткен факторларын атайды, тірішлік ету жағдайына байланысты қалыптасқан тіршілік дүниелеріне толық тоқталып өтеді.

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы

«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.



Дүниежүзілік мұхиттар картасы, контур карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы мұхиттар картасының кескіні

7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.

Ітоп.Мұхиттардағы тіршілік қабаттарына толық тоқталу.

ІІ топ. Планктондағы тіршілік иелерін анықтау.

ІІІ топ. Нектондағы тіршілік иелерін анықтап, сипаттама беру.

IV топ. Бентостағы тіршілік иелерін анықта

Vтоп. Дүниежүзілік мұхит суларының экологиясын анықтау.



Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Оқулық, А4 , қаламсап

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру. А4 форматтағы кескін картаға мұхиттағы тіршілік иелеріне:

-дүниежүзілік мұхиттағы тылсым табиғат құбылыстарын түсіндіру

-табиғат байлықтарын анықтау

-мұхиттағы табиғат апаттарымен танысу.




Тапсырмаларды орындайды. Берілген рет бойынша сұрақтарға жауап береді.

Диалогтік

АКТ


А4, қаламсап,

Мұхиттардың

картасы, контур карта, оқулық мәтіні.


10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: мұхиттардағы тіршілік қабаттарына шолу жасап келу.

3 мин


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет