Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаевтың «Менің атым -Қожа»



бет3/3
Дата09.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#131251
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
9-сабақ. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Дайындықсыз келген бір күн (1)
3 Көркем еңбек 5сынып Тамақтану мәдениеті Сабақ жоспары Тамақтану негіздері

Ықтимал жауап


1. Қожа

2. Тізім бойынша басынан төмен қарай сұрайтын қай мұғалім?

2. Жантас

3. Балыққа барып, «Қысқы кешті» жаттамай келген кім?

3. Майқанова

4. «Қысқы кешті» жаттамай келіп «екілік» алған кім?

4. Анфиса
Михайловна

3- тапсырма: «Салыстыру аймағы» кестесі


Салыстыру аймағы

Қожа

Жантас

1. Сырт келбеті

2. Мінезі

3. «Дайындықсыз келген бір күн» үзіндісінен ең
маңызды 3 әрекет

4. Кейіпкерге берілетін баға

Дескриптор: - Кестемен жұмыс жасайды;
  • Кейіпкердің іс-әрекетін салыстыра алады;

  • - Кейіпкерге іс-әрекеті арқылы баға береді

Ықтимал жауап


Салыстыру аймағы

Қожа

Жантас

1. Сырт келбеті

Тәмпіш танау, домалақ басты, шашы тікендей, өте қайратты

Қоңыр көзді, көнтек ерінді, адамға жылмия қарайды

2. Мінезі

Аңғал, адал, сенгіш, қайсар, батыл,

Қу, өзімшіл, жігерсіз, қызғаншақ, арам, қорқақ

3. «Дайындықсыз келген бір күн» үзіндісінен ең
маңызды 3 әрекет

1. Балыққа барды
2. Сабаққа дайындықсыз келді
3. Қатты ұялды, өзіне уәде берді
  • Өтірік айтты

  • 2. «Қысқы кеш» өлеңін жаттамады
    3. «Екілік» алды

4. Кейіпкерге берілетін баға

Қожа тәртіпсіздікті әдейі жасамайды.
Аңғалдықпен, балалықпен жасап, кейін өкініп жүреді. Өте намысқой, әділ оқушы

Жанатас өте зымиян, қу бала. Оның бойында күншілдік, қызғаншақтық басым, іші тар, екі адамның арасына от жаққанды, жамандағанды жақсы көреді

4-тапсырма: Кестедегі кейіпкердің шығармадағы әрекетінің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз


Шығармада

Қазір...

Менің ендігі бір үміт артқаным қоңырау үні болды. Шіркін-ай, сол сыңғырлап, қоя берсе, жаным қалар еді-ау! Келесі жолы «Қысқы кешті» қатырып жаттап келіп, бірінші болып айтар едім.

Дескриптор: - Кейіпкердін іс-әрекетін анықтайды;
  • Шығарма кейіпкерінің әрекетін қазіргі өмірмен

  • салыстыра бағалайды

Ықтимал жауап


Шығармада

Қазір...

Менің ендігі бір үміт артқаным қоңырау үні болды. Шіркін-ай, сол сыңғырлап, қоя берсе, жаным қалар еді-ау! Келесі жолы «Қысқы кешті» қатырып жаттап келіп, бірінші болып айтар едім.

Қазіргі уақытта да сабаққа әр түрлі себеппен дайындалмай келетін оқушылар бар. Ондай кезде оқушы қол көтеріп, сабаққа дайындалмай келген себебін айтып, мұғалімнен кешірім сұрап, енді қайталамауға уәде береді.

Бүгін сабақта

  • Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен
  • іс-әрекетіне талдау жасадыңыз;

  • Талдау негізінде кейіпкерлерді анықтап, образын сипаттадыңыз;
  • Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағаладыңыз.

Қосымша тапсырма

Шығармашылық жұмыс.

«Егер мен Қожа болсам...»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет